Читайте также:
|
|
Дәріс мақсаты: Капиталды салымдардың мәнiн, мазмұнын және аграрлы өндiрiстегi ролiн оқып зерттеу. Салалардың экономикалық бағалануын және олардың көрсеткiштерiн игеру.
Дәріс жоспары:
1. Капиталды салымдардың негізгі бағыттары. Пайдаланудың негізгі
түсініктері, құрылымы және қаржылану көздері.
2. Капиталды салымдарды пайлананудың тиімділік көрсеткіштері және
факторлары.
1. Аграрлы өндірісте қызмет ететін негізгі құралдардың біртіндеп тозуы, одан кейін істен шығуы жүзеге асырылады.
Нәтижесінде олардың қайта өндірісте және ұдайы өндірісте қажеттілік туады. Аграрлы өндірісте капиталды салымдар - бұл қызмет ететін негізгі құралдарын қайта құрылуына және кеңейтілуіне бағытталған ақша қаражаты.
Капиталды салымдар
Өндірістік өнім өндірумен Өндірістік емес
байланысты шығындар (ғимараттардың, тұрғын
ауыл шаруашылық машиналарды үйлердің құрылысына
тракторларды, жұмысшы және өнімді, кеткен шығындар; денсаулық
малды сатып алуға және жолдардың мәдени тұрмыстың
құрлысына кеткен шығындар: негізгі тағайындығы бар құрылыс
құралдардың жөндеуіне кеткен машиналар).
шығындар.
Аграрлы өндірісте капиталды салымдарды пайдаланудың негізгі бағыттары:
1. өсімдік және мал шаруашылық өндірістік құрылымның капиталды құрылысы.
2. өндіріс құралдардың сатып алынуы (машина, құрал жабдық, өнімді мамандандыру тобының құрылуы).
3. жердің мелиорациясы (көп жылдық отырғызудың құрылуы).
4. т.б.
Жиынтықты капиталды салымдар - бұл барлық капиталды салымның соммасы. Жер алқаптарының гектарына егістік ауыл шаруашылық немесе 1 мал орнына есептелетін капиталды салымның соммасы - үлесті капиталды салық деп саналады.
Капиталды салымның сандық және сапалық сипатын оның құрылымы көрсетеді.
Капиталды салымның құрылымы.
Салалық құрылымы | Қайта өндіру құрылымы | Технологиялық құрылымы |
Машина құрылыстар, құрал жабдықтар. Су шаруашылық құрылыстары. Электрлендіру. Көп жылдық отырғызудың, бақшаның өсірілуі. Тракторлардың, машиналардың жабдықтарын сатып алынуы. Тұрмыстық мәдени құрылысы. | Өндірістің реконструкциясы. қызмет ететін өндірісті өндірудің кеңейтілуі. | Құрал жабдықтар. Құрылыс монтаждардың жұмыстары. Жобалық іздестіру жұмыстары. Басқа салымдар. |
Қаржыландыру көздері.
1. өзіндік капитал.
2. несие (заемдық ресурстар).
3. инвестиция (тартылған ресурстар).
2. Капиталды салымның экономикалық тиімділік - бұл жоспарланатын немесе алынған тиімділіктің капиталды салымдарға қатынасы.
Капиталды салымның жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі - таза өнімнің, табыстың немесе пайданың, мөлшерін анықтау мүмкіндігі болған жағдайда, жоспарлау, жобалау және капиталды салымның нәтижесін бағалау кезінде есептелінеді.
Капиталды салымның жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділік коэффициенті немесе капитал қайтарымы бұл таза өнім өсімінің, таза табыстың немесе пайданың капитал салымдарға қатынасы
мұндағы: ТТ - таза табыс.
Кқ - капитал қайтарымы.
Капиталды салымның тиімділік коэффициенті нормативті (мөлшерлі) көрсеткіштен жоғары болған жағдайда капиталды салымдар тиімді деп саналады. Оған кері көрсеткіш - капиталды сыйымдылық, яғни ол капиталды салымдардың өтелу мерзімі деп аталады.
немесе
мұндағы: ӨМ - өтелу мерзімі.
Капиталды салымдардың пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
мұндағы: Эi - капитал салымының экономикалық тиімділігі.
Кн - нормативті коэффициент.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | | | Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент |