Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару

Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi | Iшкi кәсiпкерлiк орта | Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері | Тақырып № 3 Табиғи ресурстар | Жер ресурсының ерекшеліктерi | Жер қайтарымы | Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару | Шығындардың сипаттамасы | Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару |


Читайте также:
  1. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары
  2. Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
  3. Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.
  4. Курстық жұмыстардың тақырыптары
  5. Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
  6. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
  7. Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

 

Дәріс мақсаты: Материалды ресурстардың түрлерін, түсiнiгiн, сипаттамасын игеру. Экономикалық тиiмдi пайдалану көрсеткiштерiмен және факторларымен танысу.

 

Дәріс жоспары:

1 Негізгі құралдардың түсінігі, сипаттамасы және бағалануы.

2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясы. Амортизация есептеу

әдістері.

3 Аграрлы өндірісте негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштері.

 

1. Материалды ресурстар негізгі құралдардан және материалды айналымды құралдардан тұрады.

Аграрлы өндірісте материалды ресурстардың кең бөлігін натуралды заттай түрде көрінетін негізгі заттар ретінде қызмет ететін және экономикалық (құндық) түрде негізгі қорлар ретiнде көрiнетiн еңбек заттары құрайды. Өндірісте ұзақ мерзім ішінде қызмет ете отырып, негізгі заттар өзінің натуралды заттай түрiмен тұтыну құнын жасауға, ал экономикалық түрiмен өнiм құнын құрауға қатысады.

Аграрлы өндірісте негізгі құралдар өндірістік процестерінің бірнеше циклінде қызмет етеді. Бұл бағытта негізгі құралдарды екі топқа бөлуге болады:

- өндірістік

- өндірістік емес.

Өндірістік негізгі құралдар - кез келген өнім өндіру процестеріне тікелей қатысатын еңбек құралдары.

Өндірістік емес негізгі құралдар - бұл өнім өңдiрумен тікелей байланысты болмайды, олар тұтыну саласында пайдаланатын, яғни тұрмыстық коммуналдық бағыттағы заттар болып табылады. Негізгі заттар еңбек заттардың көп көлемін қосады. Аталған екі тобы аграрлы өндірісте функционалдық қызметтерiмен ерекшелінеді.

Өндірістік негізгі заттар өнімнің әр түрлерін жасауға қатысады. Еңбек құралдарының жеке түрлері аграрлы өндірісте мүмкін болатын құрылыспен байланысты негізгі қалаушы сатысында ерекше рөл атқарып, келесі түрлері өндіріс процесіне тікелей қатысып отырады.

Аграрлы өндірісте негізгі құралдарды 11 іріленген топтарға бөлуге болады.

1. Ғимараттар. Өсімдік шаруашылығында бұл топқа сала өнімдері үшін қоймаларды жатқызады, ал мал шаруашылығында өндірістік үйлерді, қораларды және т.б. қоймаларды жатқызады.

2. Құрылыстар. Өсімдік шаруашылығында бұл топқа сүрлем мұналарын, (башня) сүрлем трашнеяларын жылы жайларды, парниктерді, алаңдарды жатқызады. Мал шаруашылығында су тартқыштарды, құдықтарды және т.б. жатқызады.

3. Машиналар мен жабдықтар. Бұл топтың құрамына автокөлік құрылыс жабдықтары мен қуатты машиналар енеді. Себу құралдары, әр түрлі тыңайтқыштар себуге арналған машиналар және аппаратура жатады.

4. Беріліс тетіктері. Су тартқыш, электр таратқыш, телефон және т.б.

5. Көлік құралдары.

6. Жұмысшы мал.

7. Өнімді мал.

8. Шаруашылыққа керек жарақ. Бұл жұмыс уақытында өндірістік операцияларын жеңілдетуге арналған өндірістік бағыттағы заттар.

9. Көп жылдық екпе ағаштары.

10. Жерлерді жақсарту бойынша капиталды салымдар.

11. Құрал жабдықтар және басқа да еңбек заттары.

Аграрлы өндіріс процесінде негізгі құрал жабдықтарды салалық қасиеті бойынша өсімдік шаруашылық, мал шаруашылық және жалпы тағайындалған құралдар деп бөледі.

Аграрлы өндірісте негізгі құралдар активті және пассивті түрлерге бөлінеді.

Ауыл шаруашылық тағайындығы бар өндірістік құрал - жабдықтардың сипаттамасы:

- беріліс тектіктер

- машиналар мен саймандар

- тасымалдау құралдары

- жарақ

- жұмысшы мал

- өнімді мал

- көп жылдық отырғызулар

- капиталды салымдар

Негiзгi құралдардың өндiрiс процесiне ұзақ қатысуына, олардың бiртiндеп тозуына байланысты және осы кезеңде ұдайы өндiрiс шарттарының өзгеруiне байланысты негiзгi құралдарды ақшалай бағалаудың екi түрiн бөлуге болады: толық алғашқы (бастапқы) құны бойынша және қалдық құны бойынша.

Негізгі құралдардың бастапқы құны.

Бқ= Б*Шш

Бқ – құрал - жабдықтардың басты құны, тңг.

Б - құрал - жабдықтардың бағалары, тңг.

Шш – құрал - жабдықтардың монтажына, құрылысына, тасымалдауына кеткен шығындар, тңг.

Негізгі құралдардың қалдық құны.

мұндағы: Ққ - қалдық құны, тңг.

Тқ - құрал жабдықтарының тозу құны, тңг.

НСА - амортизациялық есептеудің мөлшері.

НСА(%)- құрал жабдықтың амортизациялық мөлшері, (%).

Т - құрал жабдықтардың қызмет ету мерзімі, жылы, ай.

2. Аграрлы өндірісте әрбір құрал - жабдық қызмет етуіне, пайдалануына байланысты тозады. Біртіндеп, олар әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып, оларды жаңалармен ауыстыруға қажеттілік туады.

Моральді тозу - бұл олардың ғылыми техникалық прогресс салдарынан құнсыздану процесі. Өндірістік ғылыми техникалық ойдың дамуымен байланысты, машина мен саймандар, конструкциялар жетілдіріп, оларды дайындау техникасы жақсарып жатыр, нәтижесінде негізгі құрылым ұдайы өндірісі арзаңдатылады, өнім бірлігіне есептелгендей өндірістік шығынды төмендетуге мүмкіндіктер берілетін жаңа өндіргіштегі артығырақ еңбек құралдарына жасалып жатыр.

Физикалық тозу - еңбек құралдарының жасалынған материалдың ескiруі, iстен шығуы, әрi қарай пайдалануға жарамсыз болуы. Түрлі факторларға тәуелді болады, еңбек құралдар сапасына. Негізгі құралдар тозу барысында өздерінің құнының бөлігін жоғалтады, яғни ол өндірілген өнімге көшіріледі. Сөйтіп, жұмыс процестерін машина мен жабдықтардың жұмыс органдары және жеке бөлшектері тозады. Осының нәтижесінде амортизация пайда болады.

Амортизация - бұл тозудың ақшалай көрінісі. Амортизация тозуға қарағанда физикалық емес, экономикалық түсінік, бірақ, негізгі құралдардың тозуымен сәйкес келмеуі мүмкін. Амортизация жыл бойы тең бөлшектермен есептелінеді. Негізгі құралдар толық тозудың нәтижесінде өзінің құнын дайын өнімге көшіреді. Негізгі құралдардың тозуы бір қалыпты болмағандығына байланысты, аммортизация белгілі бір уақытта құрал - жабдықтарының тозуымен сәйкес келмеуі мүмкін. Негізгі құралдар аграрлы өндірістің қызмет ету барысында тозады. Негізгі құралдар толық тозудың нәтижесінде өзінің құнын дайын өнімге көшіреді. Тұтыну барысында еңбек құралдардың белгілі бір бөлігі ақша қаражатының жинақталып дайын өнімге көшіріледі. Сөйтіп, тұтынылған еңбек құралдарының ұдайы өндірісі үшін қаражаттың жинақталуы және құрылатын өнімге негізгі құралдардың тозған бөлігінің құнын көшіру жолы арқылы құралдардың физикалық тозуын қалпына келтіру процесі - амортизация деп аталады.

Негізгі құралдардың айналымы

Өндірілген өнімнің сатылуы (негізгі құралдардың құнын өткізу процесі)
Өндірілген өнім құнының бөлігі (негізгі құралдардың тауарлы түрі)
Амортизациялық қор (негізгі құралдардың құнының ақшалай түрі)
Негізгі құралдар

 

 

       
   
Аммортизация (негізгі құралдардың құнын көшіру процесі)
 
Капиталды салымдар (негізгі құралдарды қалпына келтіру процесі)
 

 

 


Амортизацияны есептеудің әдістері.

1. Пропорционалды - бұл амортизациялық есептеудің мөлшері шаруашылық балансында еңбек құралдардың бөлу уақытша немесе өндірістің өнімге орындалған жұмыстарға пропорция арқылы есептелу әдісі.

мұндағы: Ап - негізгі құралдардың амортизациялық мөлшері.

2. Регрессивті әдіс:

немесе екілік регрессия коэффициенті:

мұндағы: а - амортизациялық мөлшері, (%).

r - регрессивті кэффициент.

Бұл әдіс кезінде амортизациялық есептеудің мөлшері қалдық құнға пайыз түрінде анықталады.

3. Куммулятивті әдіс:

мұндағы: Ак - амортизация мөлшері.

Т - қызмет ету мерзімі.

Кс - куммулятивтік сан.

Ж - негізгі құралдардың жылдық саны.

1 - тұрақты коэффициент.

Мысалы, қызмет мерзімі 8 жыл болса, онда куммулятивтік сан: 1+2+3+4+5+6+7+8 =36 тең болады.

Амортизация есептеудің мөлшері куммуллятивтік әдіспен есептегенде, регрессиялық әдістері арқылы нормативті мерзімімен салыстыруы бойынша негізгі құралдардың алғашқы құнын тездетіп есептеліп шығарумен сипатталады.

Аталған әдістердің пайдалану мақсаты ғылыми техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу үшін қаржылық жағдайларды құрайды.

3. Негізгі құралдардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері:

Натуралды көрсеткіштер, Қ-қор.

1. Ққайтарымы=ЖӨ;ТӨ/НҚ

 

2. Қсиымдылығы=НҚ/ЖӨ;ТӨ

 

3. Ққайталамасыз етілуі=НҚ /Sа/ш

 

4. Ққарулануы=НҚ /Ер

Құндық көрсеткіштер:

1. Ққайтарымы=ЖӨҚ;ТӨҚ,П/НҚҚ

2. Қсиымдылығы=НҚҚ/ЖӨҚ;ТӨҚ,П

3. Ққайталамасыз етілуі=НҚҚ/Sа/ш

4. Ққарулануы=НҚҚ/Ер

мұндағы: Ер - еңбек ресурсы.

 

 

мұндағы: РНҚ - негізгі құралдардың рентабель деңгейі.

ПМ - пайда мөлшері.

МАҚҚ - материалды айналымды құны.

мұндағы: Кпр - құрылыстың пропорциялық (құны) коэффициенті.

Материалды айналым құралдар бұл өндіріс процесінде бір рет бір өндірісті цикліне қатысатын және айналымда жүретін құралдар. Материалды айналымға келесі көрсеткіштер жатады:

1. тұқым

2. тыңайтқыштар

3. азық

4. қосалқы бөлшектер

5. жанар-жағар май

6. қаражат (капитал)

Аталған көрсеткіштер аграрлы өндірісте ерекше рөл атқарады, яғни өндірістік процесті жүзеге асыру барысында әрбір материалды айналым құрал өзінің жеке қызметін атқарып, негізгі құралдардың қызмет етуіне өз әсерін тигізеді.

Материалды құралдардың экономикалық тиімді көрсеткіштеріне материал қайтарымы және материал сыйымдылығы жатады.

Натуралды:

Құндық:

 

Әдебиеттер: 3, 99 - 124 бет; 7, 104 -108; 114 -137 бет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Материалды ресурстар дегеніміз не?

2. Негізгі құралдардың түсінігі және сипаттамасы.

3. Негізгі топтардың 11 іріленген топтары.

4. Тозудың түрлері.

5. Амортизациялық есептеудің әдістері.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек ресурстарының ерекшелігі| Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)