Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы

Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі | Ылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары | Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі | Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты | Экстрадицияның негізгі қағидалары | Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім | Ылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы | Наркологиялық көмектi қаржыландыру |


Читайте также:
  1. Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау
  2. Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр (төменгі жақ) анестезиясы. (7 сурет).
  3. Төменгі жақтың шығуы
  4. Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы
  5. Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының қылмыспен күрес саласындағы БҰҰ

мен ЕК және өзге де континеттік, континентаралық ұйымдармен әрекеттестігіне қарағанда ТМД мемлкеттер арасында жасалған келісімдердің ауқымы кең болып табылады. ТМД мемлекеттерінің басқару билігі қылмыстық іске қатысты ешқандай әрекетті қабылдамайды. Қылмысқа қатысты ТМД мемлкеттер арасында қылмыспен күреске қатысты және экономикалық қылмыстарға қатысты қарым қатынастар орнату туралы келісім Вискулев келісімінң он екінші Қаулысында 1993 жылы қабылданған болатын. Сонда аталған қылмыстар бойынша ТМД мемлкеттері өзара әрекеттестікті нығайту туралы соңғы сөзді Мйскеуде өткен ТМД үкіметтерінің басшылары аталған бағдарламаны бекітті. Бағдарламада ТМД мемлекеттерінің ІІМ қылмысқа қатысты әрекеттестіктерін 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықытқ көмек туралы Минск Конвенциясының негізінде жүзеге асырылуы керек екендігі айтылған болатын. Қаулысының төртінші бабында Кеңес басшылары ТМД мемлкеттері арасындағы қылмыспен күресу мәселесін 2000 жылға дейінгі бағдарламасын бекіткен болатын. Мемлекет басшылары осы құжатты қабылдай отырып, мүше мемлекеттерде қылмыстылықпен күрестің төмендігі ал қылмыстар түрлерінің күн санап артуы туралы мәселені қозғады. Әсіресе, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын трансұлттық қылмыстар мөлшерінің артуы туралы нақтылы аталып көрсетілген. ТМД мемлкеттері бойынша кең етек алған қылмыстардың тізімі терроризм, қылмыстық таьыстарды заңдастыру, наркобизнес, қару жарақ пен әскери техника контрабандасы, радиоактивті заттар контрабандасы, мәдени мұралардың контрабандасы, жалған ақша өндіру, көлік ұрлау, экономика және қаржы саласындағы қылмыстар сонымен қатар, бүгінгі таңда ең жакңа қылмыстар тобы ақпараттық қылмыстар, тапсырыс бойынша адам өлтіру.

Атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, Достастық елдеріндегі ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелер бюроның құқықтық мәртебесін, міндеттерін, функциялары мен құрылымын, сондай-ақ, бюроның іс-қызметін үйлестіру негіздерін айқындайды.

Бюроның басты мақсаты - ТМД-ға қатысушы елдердің Ішкі істер министрліктерінің ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ықпалдастығын үйлестіру болып табылады. Сонымен бірге бюро ТМД-ға қатысушы бірнеше мемлекеттің мүддесіне қатысты шұғыл-іздестіру шаралыры мен басқа да кешенді шараларды дайындап өткізуге түрткі болу, шұғыл тергеуші және шұғыл іздестіруші топтарға қолдау көрсету, ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер органдары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне қылмыстарды әшкерелеу және тексеруге, басқа да қызмет бабындағы міндеттерін орындауға жәрдемдесу функцияларын атқарады. Бюроның басты мақсаттарының бірі - қылмыстық ортаның жетекшілері, халықаралық қылмыстық топтар мен қылмыстық қоғамдастықтардың ұйымдастырушылары мен белсенділері және олардың қылмыстық байланыстары туралы арнаулы мәліметтер қорын құру болып табылады.

ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы адам саудасымен, адамның дене мүшелерінің саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында Достастық елдеріндегі аталмыш қылмыс түрлеріне талдау жасау және олармен күрес нәтижелеріне қатысты ықпалдастық жайы қарастырылған.

Сонымен бірге келісім шеңберінде тараптардың адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастығын үйлестіретін құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық келісімдердің тәртіптерін ескере отырып аталмыш саладағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру, бірлескен бағдарламалардың негізінде осындай құбылыстармен күрес және олардың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктерді құру, адам саудаына қарасы күреске бағытталған БҰҰ-ның конвенциясы мен басқа да халықаралық келісімдердің тәртіптерін орындау үшін өзара келісілген шараларды жүзеге асыру көзделген.

Келісімдер аясында ТМД елдері адам саудасына қатысты трансұлттық қылмыстық топтар, олардың жетекшілері, адам саудасының құрбанына айналу мүмкіндігі бар із-түзсіз кеткен адамдар туралы бірлескен мәліметтер қорын құрмақшы.

 

1.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа ҚР қатысу мәселелері

ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәлелхан САБУРОВПЕН әңгіме.–Дәлелхан Камалбекұлы, қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болып табылатын есірткі құралдары мен психотропты заттарды жою тәр­тібін бекіту туралы Үкімет қаулысы 1 желтоқ­сан­нан бастап заңды күшіне енді. Осы қау­лының қабылдану себебі туралы не айтар едіңіз?–Бұл қаулы ағымдағы жылдың маусы­мында қол қойылған заңсыз есірткі айналымы саласындағы жауаптылықты күшейту туралы заң нормаларын орындау үшін қабылданды. Қылмыстық процессуалдық кодекс сот органдарының қарауына дейін заттай айғақ болып табылатын есірткіні, одан аз мөлшерде үлгі ала отырып, жою мүмкіндігі туралы нормалармен толықтырылды.Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 32 тонна, оның ішінде полиция органдарында 26 тоннадан астам есірткі заттары бар. Бұл өз кезегінде есірткі мөлшерін азайтуға, сақтау және күзетуге байланысты шығыстарды төмендетуге жағдай жасап, сондай-ақ алынған есірткінің “екінші айналымға” кетуіне мүмкіндік бермейді.Біз алынған есірткіні сот шешімін күтпес­тен жою қажеттігі туралы мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Себебі сот шешімі жылдар бойы созылып, ал заттай айғақтар сақтау камераларында ұзақ жатып қалады. Түптеп келгенде, есірткіге қатысты шешім біреу, яғни оны жою қажет.Бұл жерде есірткінің бағасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы туралы да дүбара ой туындайды. Байқасаңыз, біз өзіміз “екінші айналым” үшін жағдай жа­сап отырғандаймыз. Осыған байланысты атал­ған заңнамаға алынған есірткіні соттың қарау­ы­на дейін жою туралы нормалар енгізілді. Со­нымен бірге, егер қажеттілік туған жағдайда қай­та және қосымша сараптама жасау үшін әр пар­тиядан жеткілікті мөлшерде үлгілер алынады.– Ол үлгілердің мөлшері қандай болмақ?– Ол есірткінің түріне байланысты және ес­ірткі туралы заңда бекітілген аса ірі мөлшер­дегі көлемге тең болады. Бұл героин, морфий және кокаин үшін 1 грамды, апиын үшін 100 грамды, гашиш үшін 200 грамды, марихуана үшін 1 килоны құрайды. Аса ауыр есірткі­лер­дің ірі партиясы деп 100-200 грамм немесе 5-10 кило героинді айтуға болады. Ал марихуа­наны біз оннан жүз килоға дейінгі көлемде аламыз.– Жаңа тәртіпке сәйкес жою рәсімі қалай өтеді?Бұл рәсімнің қағидалары өзгермейтін болады. Қазіргі кезде сот шешімі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қысқарту туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін заттай айғақ ретіндегі есірткіні комиссия арқылы жою механизмі қалыптасқан.Енді есірткіні заңсыз айналымнан алып, сараптама жүргізгеннен кейін, тергеуші үлгілерді алу туралы қаулы шығарады және ол міндетті түрде прокурормен келісіледі. Куәлердің қатысуы және бейнежазба қолдану арқылы үлгілерді алғаннан кейін, есірткінің қалған бөлігі жойылады. Жою рәсіміне комиссия мүшеле­рінен басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ қоғам мен баспасөз өкілдері қатыса алады.– Бұл жаңалықтың халықаралық келісімдерге сәйкестігі қандай, бұл орайда шетел тәжірибесі қарастырылды ма?– Әрине, бұл тәртіпті әзірлеу кезінде БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары мен баяндамалары пайдаланылды. Мысалы, Қазақстан 1998 жылы маусымда ратификациялаған Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы БҰҰ Конвен­циясында тараптардың заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотропты заттарды дереу жою немесе заңды мақсатта пайдалану үшін, сондай-ақ мұндай заттардың айғақ ретінде қажетті мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін шара қабылдай алатыны туралы нақты көрсетілген.Осы мәселе бойынша БҰҰ аясында есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсор­ларды сотқа дейін жою жөнінде сарапшылар кеңесі шақырылды және бірқатар ұсыныстар әзірленді. Осылайша есірткі құралдары шартты түрде үш санатқа бөлінді. Әрбір санатқа қатысты оларды жоюдың немесе іске жаратудың мүмкін тәсілдеріне байланысты қауіпсіздік, эколо­гиялық және шығыс факторлары талданды.Заңсыз айналымнан алынған есірткіге оның құрамының ластануына қатысты сараптама жасау экономикалық тиімсіз болатыны ескеріле отырып, оларды өртеу тиімді деп шешілді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар нұсқау­лықтарында ел үкіметтеріне алынған есірткіні заңды саудалаудан бас тарту қажеттігі көрсе­тілген. Керісінше, прекурсорларды заңды айна­лымға шығаруға немесе сатуға рұқсат беріледі, себебі олар әртүрлі өндірістерде кеңінен қолданылады.Осы ұсынымдарды ескере отырып, біз Қыл­мыстық процессуалдық кодекске толықтырулар әзірледік және онда тек есірткі құралдары мен психотропты заттар ғана емес, прекурсорлар да ескерілді. Мұндай нормалар көптеген елдердің заңнамаларында бар.– Қазіргі уақытта комитет есірткіге қарсы заңдарды жетілдіру, нашақорлықпен күрес бағытында тағы қандай жұмыстар атқаруда?– Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар жүргі­зіліп жатыр. Олар туралы баспасөзде жүйелі жарияланып тұратындықтан көп тоқталмай-ақ қояйын. Тек маңызды проблемаларды шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты қызметі­міздің екі бағытын айта кетсем деймін.Бірінші мәселе, Шу алқабындағы қара сораны өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру заңсыз айналымға қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болмақ. 2002 жылы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірістік өндіру бойынша өнеркәсіптер кешенін құру туралы” Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаулы Шу алқабындағы жабайы қара сораны биопластик, медициналық дәрі-дәрмектер, парфюмерия, қағаз және құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды жос­парлады. Алайда, осы жобаны негізгі орындау­шы Германия тарапының бас тартуынан кейін зауыт құрылысы мүлдем басталмай қалды.2007 жылы біз осы істі қайта бастау жө­нінде Үкімет алдында мәселе көтердік. Индус­трия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әр түрлі жо­ба­ларды қарастырдық, нәтижесінде “XELO­RІA” қазақстандық компаниясының ұсынысы қолдау тапты. Ағымдағы жылдың 30 мамы­рын­да жоғарыда көрсетілген қаулыға тиісті өз­герістер енгізілді. Қазіргі кезде фармацев­тикалық шикізатты өндіруді ұйымдастыру жөнінен дайындық жұмыстары басталды.Екінші мәселе – жастар арасында есірткіні теріс пайдалануды анықтау тетігін құру. Біздің ойымызша, осы саладағы тиімді шаралардың бірі – ағзадағы биологиялық сұйықтыққа тест жүргізу. Есірткіге тәуелділікті бастапқы кезде анықтау оң шара қабылдауға және білім беру мекемелерінде есірткіні теріс пайдаланушылар деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, тест жүргізу жасөспірім үшін күшті психологиялық фактор болып табылады әрі есірткі пайдаланушылардың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, оқу орындарында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады.

 

 

2. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988)


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері| Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)