Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

IV. Терідегі аллергиялыҚ жӘне аутоиммундыҚ Үрдістер

Читайте также:
  1. БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ
  2. БЕТ ЖӘНЕ МОЙЫН ЛИМФАДЕНИТІ
  3. ЖӘНЕ МОЛЕКУЛА ҚҰРЛЫСЫ. МОЛЕКУЛА АРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ.
  4. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ. СЕПСИС, МЕДИАСТЕНИТ, БЕТ ВЕНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МИ ҚАБЫҒЫ СИНУСТАРЫНЫҢ ТРОМБОФЛЕБИТІ
  5. ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТУБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ
  6. КІРІСПЕ. ХИМИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.

Есекжем, жанаспалы дерматит, Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы және т.б..

(патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз)

Лайелл синдромы – жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың өзгерісімен қабаттасатын тері және шырышты қабаттардың улы-аллергиялық зақымдануы. Дәрілік заттарды ( сульфаниламидтер, антибиотиктер, барбитураттар), қабылдағанға реакция ретінде пайда болып, эпидермистің барлық қабатының некрозына және оның сыдырылуына әкеледі.

Стивенс-Джонсон с индромы - дәрілік заттарды қабылдағанға реакция ретінде пайда болып тері және шырышты қабаттарда жайылмалы бөртпелермен қабаттасатын жедел улы-аллергиялық ауру, экссудативті эритеманың қатерлі түрі. Теріде қатаң шектелген ашық қызыл немесе ашық қызыл-қызғылт түсті ірі дақтар, ал мұрын, ауыз қуысы, жыныс мүшелері, көтеннің шырышты қабаттарында ісіну және гиперемияның әсерінен көпіршіктер пайда болады. Бүйрек қызметінің бұзылысымен қабаттасатын ауыр нефрит, жүрек-қантамыр және өкпелік жетіспеушілік дамуы мүмкін.

Жүйелі қызыл жегі кезіндегі терінің зақымдануы (ДНК+антидене кешенінің, сирек теріде бекінетін иммуноглобулин+антииммуноглобулин, мембранаға шабуыл жасайтын кешендердің С5-С9) түзілуі → дерматит)

Псориаз немесе қабыршықты теміреткі ( лишай) – дерманың қабынуымен, кератинизация бұзылысымен, эпидермис жасушаларының пролиферациясымен сипатталатын созылмалы дерматоз - аутоиммундық ауру. Этиологиясында тұқымқуалайтын бейімділіктің маңызы бар (HLA-C-мен байланысты). Патогенезінде иммундық зақымданудың жасуша қатысуымен жүретін түрі маңызды орын алады (кератиноциттердің өсу жайты, ӨЖФ, гамма – интерферон, цитокиндер Ил-12, CD4+ CD8+ белсенуі)

Глоссарий (жаңа термин)

Дерматоздар (грекше.derma – тері; тері ауруларының синонимі ) – Әртүрлі этиология және патогенездегі тері ауруларының жалпы атауы (тұқымқуалайтынжәне жүре пайда болған; қабынулық, дистрофиялық, аллергиялық және т.б.).

Дерматит - сыртқы дерт туындататын жайттармен тікелей жанасу нәтижесінде терінің қабынуы.

Дерматиттің түрлері: 1. Қарапайым жанасулық дерматит - механикалық физикалық және химиялық жайттардың әсерінен;

2. Аллергиялық жанасулық дерматит – даму тетігінде аллергиялық реакцияның жасуша қатысуымен жүретін түрінің маңызы бар (Джелл және Кумбс бойынша IV түрі).

Пиодермия немесе пиодермит (от грекше рyon – ірің, derma - тері) – ірің тудыратын микроорганизмдердің экзогенді енуінен болатын терінің іріңді ауруы. Тері ауруларының ересектерде 80%-н, балаларда – 30%-н құрайды. Этиологиясына қарай стафилодермиялар, стрептодермиялар және аралас болып ажыратылады.

Гидраденит - апокринді тер бездерінің іріңді қабынуы.

Микоздар - дерт туындататын саңырауқұлақтармен шақырылатын тері аурулары.

Кандидоздар – Candida тұқымдастығына жататын саңырауқұлақтардың экзогенді енуінің нәтижесінде дамитын тырнақтар, ішкі ағзалар, шырышты қабықтардың зақымдануы

Зоонозды дерматоздар (паразиттік зооноздар) –жәндіктер – паразиттермен (кенелер, биттер, бүргелер) шақырылатын тері зақымдануы.

Есекжем – теріні қышымалы күлдіреуіктермен тез қаптайтын сипатталатын аллергиялық ауру (Аллергиялық серпілістің I түрі, Джелл және Кумбс бойынша реагинді түрі).

Квинке ісінуі–беттің тері асты қабаты мен дерманың аллергиялық ісінуі (Аллергиялық серпілістің I – реагинді түрі).

Ихтиоз (қолтырауын терісі, грекше ichthy - балық) – Кератиннің әртүрлі түрлерінің түзілуіне жауапты тектердің мутациясы салдарынан терінің гиперкератоздық түрі бойынша мүйізденудің диффузды бұзылысымен сипатталатын гетерогенді аурулардың топтары. Бұл теріде балықтың қабыршықтарын еске түсіретін қабыршықтардың түзілуіне әкеледі.

Экзема ( грекше eczema – қайнау) – нейро-аллергиялық шығу тегі бар және созылмалы рецидивті ағыммен өтетін терінің беткей қабаттарының қабынуы.

Псориаз немесе қабыршықты лишай – дерманың қабынуы, кератинизация бұзылысы, эпидермис жасушаларының пролиферациясымен сипатталатын созылмалы дерматоз

Токсикодермия – аллерген немесе улы өнімдердің гематогенді жолмен түсуінен шақырылған терінің зақымдануы.

Кәсіптік дерматоздар – физикалық, химиялық, биологиялық сияқты өндірістік жайттардың әсерінен болатын тері аурулары.

Витилиго - (vitiligo – ала тері) – тері жабындысының әртүрлі аймақтарында депигментацияланған дақтардың түзілуімен көрінетін созылмалы ауру.

Себорея – жетілмеген тері майын жоғары дәрәжеде бөліп шығарумен сипатталатын май бездері қызметінің бұзылысы. Этиологияы белгісіз, бірақ Malassezia furfur саңырауқұлағының маңызы бар деген болжам жасалынады.

Кәдімгі бөртпе (Обыкновенные угри) (acne vulgaris) - себорея әсерінен май бездерінің іріңді-қабынулық зақымдануы.

Фотодерматоздар (фотодерматиттер) – күн сәулесіне жоғары сезімталдықпен көрінетін тері аурулары. Патогенезі иммундық тетіктермен байланысы жоқ (бұл «күнге аллергия емес»). Улы әсері терідегі қандай да бір заттардың күн сәулесімен арақатынасының нәтижесінде пайда болады. Шығу тегіне байланысты эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Эндогендісі зат алмасудың бұзылысымен байланысты (порфирия, бауыр, бүйрек үсті безінің аурулары), ал экзогендісі мұнай көмірсутектері, хром тұздары, өсімдік шаңдары, парфюмериялық немесе косметикалық заттар, кейбір дәрілік заттардың (зәр айдаушы, сульфаниламидтер, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілік заттар), әсерінен пайда болады.

Эритема – Ірі өлшемді қан тамырлық дақ (алақанмен бірдей және одан ауқымды)

Петехиялар –нүктелі қанқұйылулар

Пурпура – дөңгелек көптеген қан құйылулар

Дақ – құрамы бойынша теріден айырмашылығы жоқ және терімен бір деңгейде тұратын

тері және шырышты қабықтың шектелген өзгерістері

Қызыл бөртпе (розеола) - қ олдың кіші саусағының тырнағындай қызыл түсті майда қабынулық дақтар

Түйіншек немесе папула -тері деңгейінен көтеріңкі, тыртықсыз жазылатын қуыссыз элемент

Төбешік – тері деңгейінен көтеріңкі, жараланып тыртықпен жазылатын сіңбелі қуыссыз элемент

Көпіршік –ж алқықтық, қуысты, ішінде сұйығы бар, тері деңгейінен шамалы көтеріңкі біріншілік морфологиялық элемент

Күлдіреуік (пузырь) – жалқықтық, ірі мөлшерлі қуысты элемент (орман жаңғағы және одан да үлкенірек)

Іріндік немесе пустула - ішінде іріңі бар экссудативті қуысты элемент

Күлдіреу (волдырь) терінің емізікті қабатының шектелген қабынулық ісінуі нәтижесінде түзілетін жалқықтық қуыссыз элемент

Лихенизация – гиперпигментация және оның қалыпты суретінің күшеюімен көрінетін, терінің қалындауы мен тығыздануы

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 197 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТЕРІ ҚАБАТТАРЫ| Кто такие хакеры?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)