Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бет жӘне мойын лимфадениті

Жедел ағымды іріңді периодонтит | Созылмалы периодонтит | Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы | Жедел ағымды жақ сүйек периоститі | Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті. | Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі | Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті | ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ АБСЦЕСТЕРІ МЕН ФЛЕГМОНАЛАРЫ | Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар | Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар |


Читайте также:
  1. IV. ТЕРІДЕГІ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕР
  2. БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ
  3. ЖӘНЕ МОЛЕКУЛА ҚҰРЛЫСЫ. МОЛЕКУЛА АРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ.
  4. ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ. СЕПСИС, МЕДИАСТЕНИТ, БЕТ ВЕНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МИ ҚАБЫҒЫ СИНУСТАРЫНЫҢ ТРОМБОФЛЕБИТІ
  5. ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТУБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ
  6. КІРІСПЕ. ХИМИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.

Лимфа ағзалармен дене бөлшеқтеріне жеткізетін тамырлар оның бойына орналасқан лимфатикалық түйіндер лимфатикалық жүйе құрып, адам организімінде көптеген міндеттер атқарады. Лимфаны тіндерден венаға өткізеді (өткізгіш міндет), лимфоидтық элементтер құрады (лимфопоэз) және организмге кірген бөтен заттарды сүзіп аластайды (тосқауыл міндет). Лимфатикалық тармақтармен қатерлі ісік клеткалары жайылып басқа ағзаларға жетеді (метастаза).

Лимфатикалық түйін домалақ немесе сопақша болып келеді де, мөлшері бидай дәнінен бұршақтай болады. Ол дәнекер қапшықпен қапталып, түйінге қарай перделермен бөлінеді. Перделер арасы лимфоидтық тіндермен толтырылған, ол қабыршақ ми заттарына ұқсас орналасқан. Лимфоидтық тіндер мен перделердің арасында кеңістіктер бар,— ол лимфатикалық синустар деп аталады.

Лимфа, лимфатикалық түйіндерге синусқа келіп ашылатын лимфатикалық тамырлар арқылы жетеді. Синустарда лимфа ағуы баяулап ол түйін тіндерінде жатқан лимфоциттермен бірге алып кеткіш тамырлар арқылы әрі қарай жылжиды.

Жақ-бет аймағынан, лимфа жинайтын лимфатикалық түйіндерге мыналар жатады: құлақмаңы, құлақарты, жақарты, жұтқыншақарты, ұрт, төменгі жақ, иекасты, төменгі жақасты, беткей және тереңде орналасқан мойын түйіндері, тілдің лимфатикалық түйіні. Құлақ маңындағы лимфатикалық түйіндер құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ тесігінен алдыңғы жағына орналасып, құлақ маңайындағы сілекей бездерімен тығыз байланыста болады.

Құлақ маңындағы түйіндер беткей (1—2) олар без қапшығының сыртында және терең (4—10) түйіндер (И. И. Косицин бойынша), олар без түйіні бөліктерінің арасында тереңірек, құлақтың сырғалық бөлігінің турасында.

Құлақарты лимфатикалық түйіні, емізікше өсіндінің маңайында орналасқан. Төменгі жақ лимфатикалық түйіні, жақ бұрышының артқы жағында, құлақ қалқанының астында, олар құлақ маңайындағы сілекей бездерімен жабылып түрады.

Жұтқыншақарты үш-төрттен жұтқыншақтың артқы кеңістігіндегі клеткада орналасқан. Жұтқыншақтың ауыз қуыс бөлімінде, ұрттық түйіндер, ұрттық бұлшықеттердің беткей жағында орналасып, алдыңғы топ ауыздың езу маңында, ал артқы топ ұрт бұлшықетінің арасынан өтетін сілекей безі өзегінің маңында орналасқан. Бұлар көп емес, әр топта бір-екі түйігі ғана және С. П. Бердышевтің зерттеуі бойынша бұлар көбінесе тұрақсыз болады.

Астыңғы жақ түйіндері, астыңғы жақ сүйек денесінің шайнау бұлшықеттерінің бекитін жерлерінің алдыңғы қатарында бет артериясы мен вена аралығында бір-екеу және тұрақсыз болады.

Иекасты лимфатикалық бездері (әдетте 2—4) жақ-тіласты бұлшықетінің беткей жағында қос қарыншалы бүлшықетінің, алдыңғы қарыншаларының ортасында орналасады.

Төменгі жақасты лимфатикалық түйіндері үш топқа бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Олар жақасты үш бұрышында, сілекей безінің орналасатын жерінде, оның қапшығының тысқары әр жағында 3— 10 түйіннен болады. Тілдің лимфатикалық түйіндері, тілдің астында тіласты-тіл, иек-тіл бұлшықеттерінің ортасында тереңірек орналасып әр жағында бір-бір түйіннен болады. Мойынның беткей және терең орналасқан лимфатикалық түйіндері үлкен тамырларды, нервтерді және төс-бүғана-емізікше бұлшықет-терін жағалап көпқатарлы тор құрып моншақ тәріздес орналасқан.

Бет аймағынан барлық лимфатикалық түйіндерінің ұрт түйіндерінен басқа (алып кетуші) тамырлар лимфаны тереңдегі мойын түйініне апарады. Ал ұрттың алып кетуші тамыры лимфаның жақасты түйініне апарады. Бет аймағының лимфатикалық түйіндерінің афферентті (алып келуші) тамырлары көптеп саналады, олар қабат-қабат болып орналасып (тері, терінің майлы клетчаткасы, бұлшықет) лимфаны бет-жақ ағзаларынан әкеледі.

Ұрт, төменгі жақ, жақарты, жақасты, иекасты лимфатикалық түйіндер, тіс жүйесінен, жақтардан, сілекей бездерінен, ауыздың шырышты қабығынан, мұрынның қосалқы қуыстарынан лимфаны қабылдайды (онымен қоса организмдегі инфекцияны). Олар жоғарыда аталған ағзалар мен дене бөліктерінің, алдыңғы қатарлы аймақтық лимфатикалық түйіндері болып саналады.

Қабыну процестері алғашқы басталған кезден-ақ аймақты лим-фатикалық тамырлардың өткізгіш қасиеті бүзылады, лимфаның жылжуы бәсеңдейді осы арқылы организмдегі қатерлі заттар патологиялық ортадан, лимфатикалық тамыр мен түйін көмегімен венаға келіп қүйылады.

Қабыңу процесінің өршіген кезінде лимфатикалық тамырларда тромб пайда болады, лимфатикалық жүйе тежеледі де, қабынуды іріңді аймақтан жан-жаққа таратпайды. Микробтар, олардан бөліп шығаратын улы заттар жинақталып лимфа тамырларын, түйіндерін патологиялық өзгеріске ұшыратады (И. Руфанов 1960).

Лимфа тамырларының қабынуы (лимфангоит) бет-жақ аймағында сирек кездеседі, жиі кездесетіні лимфа түйіндерінің қабынуы (лимфаденит).

Этиологиясы мен патогенезі. Қабыну процесін әр микрофлора қоздыра алады, соның ішінде стафилококк пен стрептококктың орны ерекше. Лимфадениттер одонтогенді, одонтогенді емес болып бөлінеді. Одонтогендіге инфекциялы-одонтогенді қабыну ошақтары (жедел және созылмалы перйодонтиттер, периостит, жақ остеомиелиті, іріңді киста, перикоронарит, пародонтоз т. б.) болып табылады.

Одонтогенді емес топтарына пиодермиялық, стоматогендік, ри-ногендік, тонзилогендік т. б. симптоматиялық лимфадениттер жатады, олардың тіс-жақ жүйесімен байланысы жоқ.

Кей уақытта алғашқы қабыну ошағын таба алмағанда және қабыну процесі тез сөніп қалуына байланысты лимфадениттің өздігінен (алғашқы лимфаденит) пайда болуы мүмкін деген тұжырымға келеді.

Жоғарыда аталған лимфадениттердің барлығын арнайы емес қабынуға жатқызамыз.

Ал арнайыға туберкулезді, актиномикозді, мерезді этиологиясы бар лимфадениттер жатады.

Олар жеке тарауда сипатталған.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары| Жедел лимфадениттер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)