Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. | Ыбырай өлеңдері. | Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”. | Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері. | Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. | АБАЙ АУДАРМАШЫ |


Читайте также:
  1. Ақылбай Абайұлы
  2. Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
  3. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы.

Ақылбай - Абайдың тұңғыш ұлы. Жасында ауылдағы дін мектебінде арабша оқып, хат таныған. Кейін өз бетімен шұғылданып, орысша кітаптарды да оқи аларлық білімі болған сияқты. Ақылбайдың өмірбаянын зерттеушілер оны орыс мектебінде оқыды демейді. Ақылбай мен Мағауия поэмалары ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлар Абайдан үйренгенде, оның дәстүрін ілгерілетіп дамытқанда, негізінен бір-ақ жағын алып дамытты. Ол - романтизм элементі. Алдымен Ақылбайдың «Қисса Жүсібіне» тоқталық. «Қисса Жүсіп» (Дағыстан) - Кавказ тауын мекендейтін елдердің бірі - дағыстандардың өткен өмірлерінен алынған, шын мәнінде романтикалық поэма. Негізгі идеясы - үстемдік етуші тап өкілдерінің нашарларға еткен зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу. Оларға халық атынан қарғыс, лағынет айту. Поэманың бас қаһарманы кәрі Жүсіп әрі бай, әрі өркөкірек, бетіне ешкімді қаратпайтын нағыз жуан жұдырық феодал, мейлінше мейірімсіз, қатыгез адам бейнесінде суреттеледі. Жүсіп поэмада әр қырынан алынып көрсетіледі. Бірақ сол қырларының бәрі де оның тек жатымсыз жағын сипаттайды. Оқиғаның байланысы - Жүсіп пен Ибраһим атты мерген жігіттің кездесуі, оның атқыштық туралы айтқан бір ауыз сөзін Жүсіптің кек сақтауы десек, сол бірінші рет оқырмандарын бас қаһарманымен таныстырғанда-ақ ақын Жүсіп мінезінің бір қырын мегзейді.Ақылбайдың екінші поэмасы аталып жүрген шығармасы - «Зұлыс». Бұл ағылшын жазушысы Г.Р.Хаггардтың «Копия царя Соломона» (1886) атты романының сюжетінің негізінде жазбақ болған ұзақ поэманың тек бастамасы ғана. Ағылшынның бір миллионерінің баласы Генри Куртис қасына капитан Гуд дейтін досын ертіп, өзінің інісі Джордж Куртисті іздеп шығады. Әкесі өлгеннен кейін ағасына ренжіп, қашып кеткен інісінің хабарын білетін жалғыз-ақ адам бар, ол Дурбан қаласының тұрғыны, піл аулайтын аңшы Аллан Квотермейн деп естиді де, Гуд пен Генри соны іздеп шығады. Екеуі де аңшыға пароходта кездейсоқ кездеседі. Танысып сөйлескеннен кейін, Квотермейн оның інісін көргендігін, қасында Джим деген жолдасы бар Джордж өте қиын сапарға «Копия царя Соломона» («Сүлеймен қазынасы») деп аталатын ескі заманнан аңыз болған алмас кенін іздеуге кеткендігін, жолының қанша қорқыныштылығын айтса да, тоқтамайтындығына көзі жеткесін, оларға «Сүлеймен қазынасын» қалай табудың жоспарын бергендігін айтады. Ақылбайдың «Зұлысы»1 Генри, Гуд пен Квотермейннің осы кездесуін ғана баяндайды. Ақылбайдың «Зұлысын» тек факт ретінде атап өткеніміз болмаса, бітпеген шығармаға талдау беруге болмайтындығы өзінен-өзі айқын. Бұл поэмамен байланысты айтылуға тиісті жалғыз-ақ пікір - Ақылбайдың немесе Абай айналасының сол дәуірде құлаштарын кең жайып, қанаттарын биікке серпулері. Мұның да бір тамыры ұлы ақын Абайда жатқандығы белгілі.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 238 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.| Абай поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)