Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коммерциялық банктегі маркетингтің ерекшеліктері. «Kaspi bank» мысалында.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасында банктік маркетингтің дамуы
  2. Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері.
  3. Банктегі маркетингтік зерттеулер мен ақпарат
  4. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.

 

Банк қызметтерін көбейту және оны дамыта түсу банктің стратегиясының бірқатар негізгі мынадай алғышарттарына негізделеді: тиімділікті анықтау, тұжырымдама, қызметтерді сату, нарықты зерттеу, кадр саясаты және т.б.

Банк саласындағы маркетингтің ерекшеліктері банк өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Біздің экономикалық әдебиетте «банк өнімі» термині нарықтық экономикаға көшу барысында ғана пайда болды. Банк өнімі дегеніміз банк жасайтын кез келген қызмет немесе операция болып табылады.

Нарық жағдайында жұмыс істейтін қандай да болмасын кәсіпорын, банк үшін - тауарлар мен қызметтерді сату маңызды міндет. Банк басшылығы саясатының мақсаты тұтынушыларды Тарту, өз қызметтерінің аясын кеңейту және нарықты жаулап алу, түсіретін пайданы өсіру. Әрбір банк қызметкері маркетингтің негізгі қағидаларын өз жұмысында қолдана алуы үшін білгені жөн. Бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер банк қызметтерінің сан алуан түрлерін қолдануы тиіс. Мысалы батыс елдердегі банктер 200-ден астам қызмет ұсынатын болса, біздің қазақстандық банктер небары 80 қызмет түрін ұсынып отыр.

Қазір банктердің көпшілігі тұтынушыларды тартудың жаңа жолдарын қарастыруда. Бұл мақсатқа олар маркетингті табысты түрде қолдана алады.

Банктегі маркетинг – бұл банктің стратегиясы мен философиясы. Ұйымдағы маркетингтік ыңғай таныту банкті өз өнімдерінен тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттайды. Сондықтан банк қызметін тұтынушылардың өзгеріп отырған қажеттіліктерін талдап отыру қажет.

Қазіргі маркетингтік жағдайда банк пен тұтынушының қарым-қатынасы өзгере түсуде. Егер бұрындары банк тұтынушыларға тек қана стандарттық қызмет жиынын ұсынса бұл күндері нақты клиенттер тобына арналған банк өнімдерінің жаңа түрлерін ұсынуда.

Қазіргі кезде банктер өзгерген жағдайға бейімделе отырып әртүрлі депозиттерді ұсынып отыр. «Kaspi bank» мысалында келтіріп өтейін.

 

Қазақстандық банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар.

Кaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. kaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым. Тұрғындардың жақсы банк қызметі мен сенімді қаржы серіктесіне мұқтаж екенін көріп отырмыз. Сондайлардың 1 миллионнан астамы бүгінде kaspi bank-інің клиенті, соның ішінде 8 мыңнан астамы орта және шағын компаниялар. Банк ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды және адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен дүкендердің кез келгенінен біздің қызметкерлерді кездестіре аласыз.

Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта отырып, kaspi bank-і ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.

Мысалы,мен алып отырған банкте ешбір банк ұсына алмайтын еркеше несие түрі бар:

 

 

Ірі зат сатып алуды ойлап жүрсіз бе?

Бүкіл отбасыңызбен демалуды армандайсыз ба?

Күрделі жөндеу жүргізу керек пе?

 

 

ШЕШІМІ БАР

Қалағаныңызды іске асырудың жылдам әрі оңай тәсілі – kaspi bank-інің

несиесі!

 

 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

1. Жылдам:

- Несие алу уақыты – 15 минут

- Санаулы ғана құжаттар

2. Тиімді:

- Кепілсіз және кез келген мақсатқа

- Несиені қарағаны және бергені үшін комиссия жоқ

- Мерзімінен бұрын өтесеңіз, айыппұл төлемейсіз

3. Ыңғайлы:

- Ай сайынғы төлемі аз

- Несиені банктің кез келген бөлімшесінен алуға болады

- Несиені бүкіл Қазақстан бойынша кез келген бөлімшеде немесе

- «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде өтеуге болады

 

НЕГІЗГІ ШАРТТАР:

1. Несие шарттары:

- Сомасы 15 000 теңгеден 350 000 теңгеге дейін

- Өтінішпен қайта барған жағдайда сома көбейтілуі мүмкін

2. Қажетті құжаттар:

- Жеке куәлік

- СТН

- ӘЖК

- Банк қажет болған кезде қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады.

Ал банк депозиттеріне келетін болсақ,банк мынадай айрықша депозит түрін ұсынады:

 

Әрқайсымыздың өз мақсаттарымыз бар екенін біз жақсы білеміз:

сүйікті қызымыздың тұрмыс құрған тойын тойлау, балаларымызға терең білім беру, болашаққа сенімді қор жинау.

 

Біздің депозиттеріміз Сіздің ойлаған мақсатыңызға барынша тез әрі тиімді жетуіңіз үшін жасалған.

 

 

1. Салымның ең төменгі мөлшері – 15 000 теңге немесе 100 USD/ EUR

2. Салым мерзімі – 1 айдан 12 айға дейін

3. Салым валютасы – теңге, USD, EUR

4. Сыйақы мөлшерлемесі – салым мерзіміне қарамай жоғары:

- теңгеде – 9,6% (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,0%)

- USD – 5,8% (жылдық тиімді мөлшерлеме 6,0%)

- EUR – 4,4% (жылдық тиімді мөлшерлеме 4,5%)

Сіздің салымдарыңыз Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорымен сенімді сақтандырылған.

Тиімді:

- Ең жоғары пайыздық мөлшерлеме – салымның мерзіміне, мөлшеріне қарамай бірінші күннен бастап;

- Салымды ашқаннан кейінгі бірінші күннен бастап ақшаны сыйақыны жоғалтпай алыңыз (кемімейтін қалдық сақталған кезде);

- Мерзімін, мөлшерін шектемей депозитіңізді толықтырып отырыңыз;

- Сыйақы Сіздің қалауыңыз бойынша капиталға айналдыру арқылы немесе ай сайын төленеді;

Ыңғайлы:

- Ақшаны бүкіл Қазақстан бойынша кез келген филиалда алыңыз және толықтырып отырыңыз;

- Кез келген уақытта депозиттік шотыңыз жайлы ақпаратты телефон арқылы алыңыз;

Оңай:

Депозит ашу үшін Сізге:

- СТН

- Жеке куәлік қажет

Біз өз депозиттерімізде ең үздік шарттарды жинақтадық, бірақ kaspi bank-інің депозиттеріндегі ең бастысы – алға қойған мақсаттарыңызға болашақта табысты жету үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасында банктік маркетингтің дамуы| Банктегі маркетингтік зерттеулер мен ақпарат

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)