Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері.

Читайте также:
  1. Дәріс сабақтарының курсы
  2. Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.
  3. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  4. Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.
  5. Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.
  6. Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері

Кітап –журнал басылымдарын бекіту әдістері

Полиграфия бекіту әдстерінің бірнеше түрлері әдістері бар:

1. Бүктелген дәптерлерді кесіп, желіммен бекіту

2. Бүктелген дәптерлерді кеспей желіммен бекіту

3. Терможіптермен бекіту

4. Сыммен блоктың шетін қапсыра тігу (втачку)

5. Сыммен бірден блокты тігу (внакидку)

6. Сыммен блоктың ішінен сыртына қарай тігу (вразъем)

7. Жіппен тігу

8. Дәкемен бекітілген басылым блогын жағалай жіппен тігу (впросочку)

1. Желіммен бекіту (тігусіз) қазіргі таңда кітап пен кітапшаларды кәсіпорындарда жасап шығаруда кеңінен қолданылуда. Бұған себеп – сол тәсілдің үлкен экономикалық тиімділігі. Мұндай тәсіл жоғарғы өнімді ағында желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желіммен бекітудің қағидалары: а) Желіммен бекіту/ түбін фрезерлеу (жоңғылау) қағидасы. Пышақ немесе фреза (жоңғы) көмегімен кітап түбін фрезерлеу қағидасын пайдалану кезінде дәптерлер блогының түптік аясы алынады. Нәтижесінде парақтардан тұратын блок алынады. Парақ шет жағына желім жағылады. Желім көмкеру матералының таспасымен жабылады.

б) Желіммен бекіту (парақтарды тарқату қағидасы). Желімдеу алдында парақтар тарқатылады. Одан кейін блок түбіне желім жағылады. Желім парақтар арасына сіңіп, кеткеннен кейін блокта сенімді бекітіледі.

Желімдеп бекіту нұсқалары. Төрт беттік дәптерлерді бекіту. Жеке дәптерлерді бекітумен салыстырғанда адгезиялық ауданда екі есе үлкейту жолымен бекіту беріктігі жоғары. Кәсіпорындарда бұл тәсілді мүлде пайдалануға болмайды. Өйткені бұл тәсіл тиімсіз.

Түптер бүгілімдерін ойып, желімдеп бекіту. Бұл тәсілді Perfo бекіту тәсілі деп те атайды.Түптеу кезеңі екі кезеңнен тұрады. Әуелі арнайы пышақ көмегімен дәптер түбінде ойықтар тесіледі. Одан кейін блок түбі желімделеді. Желім ойықтарға кіріп, берік бекітіледі. Одан кейін блок түбі көмкеру материалымен желімделеді.

Flexstabil тәсілімен бекіту. Блок түбіне киіздің таспасы желімделіп жапсарылады. Одан кейін оның үстіне көмкеру материалы желімдеп жапсарылады

Блок түбін фрезерлеу қазіргі уақытта жілімдеп бекітудің көптеген машиналарында іске асырылған. Блок түбін берік бекіту үшін оны мұқият желімдеу керек те желімді дұрыс таңдау қажет.

2. Бүктелген дәптер түптерін кеспей, желіммен бекіту әдісінде блок түбіндегі бүктелген дәптерлердің бүгілген тұстарында желім сіңуі үшін, теседі немесе кескілейді (перфорация, продольные надрезы). Бұл бекіту әдісін жұмсақ мұқабамен немесе қатты түптеу қабымен қапталған, жиі қолданылған жағдайда, қолдану мерзімі 4 жыл, жамалап қолданылатын жағдайда қолдану мерзімі 10 жылдан көп басылымдары дайындауда қолданылады. Бұл әдісте 8 және 16 беттік дәптерлерден жинақталған блоктарда қолданған жөн (бұл жағдайда 4 мм сайын 10-11 мм тесіліп отырады). Ал кітап-журнал басатын рулонды басу машиналарында басылған 32 бетті дәптерлерден жинақталған блоктарды бекітуге жарамайды.

3. Терможіптермен бекіту әдісі – бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған кітап блоктарын бекіту үшін қолданылады. Бұл әдіс бүктемелеу барысында терможіптердің бір шеті дәптердің түбіне бекітіледі де, жинақтау барысында блоктың дәптерлері өз-ара желімденетін қалыдыда, блоктың түбін талшықты материалмен қаптайды. (Бұл материалдың шетін форзацты немеес басқа бекітуге арналған материалмен желімдеуге арнап, шығарып қояды). Блоктың түбі талшықты материалмен қапталған жағдайда, жұмсақ мұқабаменн қапталады. (түптеу қабы емес).

4. Сыммен блоктың шетінен қапсыра тігіп бекіту әдісі бүктемеленген дәптерлер бірінің үстіне бірі қойылып жинақталған әдісте (комплектовка подборкой), блок бірден тігіледі. Бұл бекіту әдісі кіші және орташа өндірістерде кеңінен тараған. Орындалуы қарапайым және экономикалық өте ұтымды. Бұл әдістің басты кемшілігіне - басылымның нашар ашылуы жатады. Сондықтан бұл әдісті сурет салатын альбомдарды, сапасы орташа, кітап беті 160 беттен аспайтын, кіші көлемді басылымдарды бекітуде қолданылады.

5. Сыммен бірден блокты тігу (внакидку) - әдісі қағаздың қалыңдығы 100 мкм-ге (0,1 мм) дейінгі, 80 бетке дейінгі, жұмсақ мұқабамен қапталған басылымдарды сыммен бірден тігіп сым басылымның ішіне қарай бүгіліп бекітіледі. Ал қағаздың қалыңдығы 100 мкм-ден жоғары болған жағдайда басылымның беті 64 бетке дейінгі өнімдерді бекітеге де осы сыммен бекіту әдісін қолданылады.

Бұл бекіту әдісі – көптеген журналдарды, кітапшаларды, мектеп және жалпы дәптерлерді, жаппай бұқаралық оқырмандарға арналған таралымдарды бекітуге қолданылады.

Басылымдарды сыммен тігіп бекіту барысында – сым скобаларының басылымның ұзындығына қарай жағалау бірдей қашықтықта орналастырады. өйткені басылымды ашқан кезде жүктеме бірқалыпты берілуі керек. Мысалы, 60х90 1/8 форматындағы басылымды бекіткендле сым скобасы үстіңгі және астыңғы кесілімдерден кейін 5 см қашықтықта және олардың арақашықтықтары 10 см болуы керек. Ал егер кітапшаның көлемі 64 беттен көп болса, скобаның ендік өлшемі 14 мм болуы керек.

6. Сыммен блоктың ішінен сыртына қарай тігу (вразьем) – 3 бүктелген дәптерлерден бір-біріне кигізіліп (внакидку) дәптердің бүгілген тұсынан, ішкі жағынан сыртқа қарай сыммен бекітіледі. Сым скобасы дәптердің сыртынан бүгіледі де бірден блокты тігеді. Бұл бекіту әдісі – форматы үлкен, көлемі аз, (64 беттен аз) қатты түптеу қабымен қапталатын кітаптарды бекітуде қолданылады. Мысалы кіші жастағы балаларға арналған кітаптарды, ішіне ештеңе басылмайтын (беловой) альбом, катологтарды осы әдістерді қолданып бекітеді. Егерде, басылым сыммен, бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған дәптердің әр дәптері тігіліп бекітілетін болса, түптеу материалында сым бекітіледі де, осы түптегі материал арқылы барлық сыммен бекітілген дәптерлерді бір блокқа бекітеді. Блок түбіндегі сым скобаларының саны, кітап блогының ұзындық өлшеміне байланысты болады. Сым скобасының арқасының ұзындығы көбінесе 13 мм-ге тең болады. Ал бұл бекіту әдісі сирек қолданады.

7. Жіппен тігіп бекіту әдісі. Полиграфияда жіппен тігудің екі түрлі негізгі әдістері бар. Олар: 1. Бірден блокты тігу; 2. Әр дәптерді тігіп блокқа бекіту.

Бірден блокты тігу әдісінде, аты айтып тұрғандай басылым блогының барлық беттері бірден тігіледі. Әрине, бұл әдіс бір-біріне кигізіліп жинақталған басылымдарды бекітуде қолданылады. Жіп бірден блоктың барлық беттерінен өтетін болған болғандықтан, түптеу материалы қолданылмайды.

Әр дәптерді жіппен тігіп бекіту әдісінде, әр дәптердің бүгілген түбінен жіппен тігіліп, әрі қарай осы дәптер келесі дәптерлермен осы жіппен бекітіліп, басылым блогын құрайды. Бұл бекіту әдісінде түптеу материалын қолдануға да қолданбауға да болады.

Жіппен тігу дәптерлердің бүгілген үстінен сыммен қапсыра бекітетін әдісі сияқты, сымның орнына жіппен де тігіле береді. Бұл жағдайда жіп тігісі бүкіл блокты тесіп өтеді.

Жіппен тігіп, бекіту әдісінде мына тігіс түрлері бар.

1. Түйінді (торлы) тігу әдіс (петельный, цепочный).

2. Түйінді тоқып тігу (узловязальный)

3. Челнокты тігу әдісі.

Блокты бекіту үшін қолданылатын тігістердің сипаттары мен қалыптасуына өз атауларына сәйкес келеді. Мысалы, түйінді тігу әдісі, түйіндерді қалыптастыру арқылы орындалады. Ал түйінді тоқу әдісінде, әр түйіннен кейін тоқылып, түйін бекітіледі. Челнокты тігу әдісінде бөлек-бөлек түйіндер, машиналы челнокпен бір жерде бекітіледі.

Мұқабалар және түптеу қаптарының түрлері. Құрылымы тұтас немесе құрама, қатты немесе жұмсақ қапталған немесе көмкерілген сыртқы материалына қа­рай (қатырма, мұқабалық басу қағазы, техникалық немесе түптеу матасымен қапталған кітаптың мұқабалары мен түптеу қаптары 9 түрге бөлінеді.

№ 1 — Тұтас мұқабалық қағазбен қапталған жұмсақ мұқаба. Мұқабалық қағаз бен кітапша блогы көбінесе сыммен бекітіледі. (Вкладка в обложку)

№ 2 — Тұтас мұқабалық қағазбен кітапша блогының түбіне ғана желіммен бекітілетін жұмсақ мұқаба. Қарапайым мұқаба (Обыкновенное крытье)

№ 3 — Тұтас мұқабалық қағазбен қапталған жұмсақ мұқаба. Мұқаба кітап блогының түбіне және екі жақ бетіне де өлшемі 5мм. болатын желім жағылып желімденеді. (Крытье вроспуск)

№ 4 — Кантты (жиегі шығып тұратын) тұтас мұқабалық қағазбен қапталған мұқаба түрі. Мұқабаның бұл түрі № 3 мұқаба сияқты бекітіледі, айырмашылығы мұқаба кітап блогынан 2 – 3мм – дейін өлшемге (кант – жиек өлшемі) шығып тұрады, кейде құрама түрде болады.

№ 4а – Түптеу қабы соңғы жылдары кеңінен қолданылуда. Түптемелік қатырмаға беттері түрлі – түсті сурет, бейнелер басылып, әрі қарай пленкамен пресстелген тұтас мұқабалық қағазбен көмкеріліеп қапталған.

№ 5 — Құрама материалдардан тұратын, қағазбен немесе түптеу материалымен көмкерілген түптеу қабы. Бұл түптеу қабы мынадай материалдардан тұрады: екі қатырма беті, мұқабалық қағаз немесе ледерин немесе коленкор, бумвинил және т. б.

№ 6 — Бұл бір ғана бөлшектен тұратын тығыз қағаз не­месе канты бар немесе канты жоқ жұқа қатырма бөлшегінен тұрады. Сирек қолданылады.

№ 7 — Тұтас түптеу материалымен қапталған түптеу қабы. Мұны дайындап шығару үшін екі жағына қатырма беті, бумвинил, коленкор, ледерин немесе басқа арнайы түптеу материалдары керек.

№ 8 — Құрамалы жиектері шығып тұратын (кантталған) түптеу қабы. Қосалқы бекітілетін қатырма беттері барлық жағынан түптеу материалымен бекітіледі, демек клапандар төрт жағынан да бүгіледі. Ал түптеу қабының түбі (корешогы) арнайы материалмен астыңғы және үстіңгі жағынан бүгіліп дайындалады

№9— Құрамалы жиектері шығып тұратын (кантталған) немесе жиектері шықпауы да мүмкін болатын түптеу қабы. № 8 түптеу қабы секілді қосалқы бекітілетін картон беттері барлық жағынан түптеу материалымен бекітіледі, демек клапандар төрт жағынан да бүгіледі. Ал арнайы материалдан дайындалған түптеу қабындағы қатырма беттерін қосатын материал түптеу қабының түбі (корешогы) болып есептеледі.

Біздің елімізде түптеу қаптарының ең көп тараған түрлері — №5 және №7 түрлері. Мұның соңғысы ұзақ уақытқа шыдайды, кітап блогын бұзылудан жақсы сақтайды, сыртқы түрі де сапалы шығады.

Көптеген кітапшалар мен журналдардың мұқабасы бойынша сыммен тігіліп, бекітіледі.

Түптеу қаптарын дайындау және мұқабаларды кигізу полиграфистердің еңбегінің ақырғы, қорытынды кезеңі. Кітаптарды, кітапшаларды, журналдарды, сондай-ақ газеттерді де алдымен теріп алып, дайындау, ал содан соң басып шығару керек. Бірақ бұл процестер кітап өндірісінде уақыттың 35 пайызға жуығын алады. Еңбектің көп бөлегі өңдеу, безендіру жұмыстарына кетеді. Бұлар көптеген операциялардан тұрады: басылған дәптерлер мен форзацтарын қиып тегістеу; басылған парақтарды бүктеу; кітап блоктарына форзацтарды желімдеп жапсыру; кітаптарды, кітапшалар мен журналдарды жинақтау: блоктарды тігу, түптеу үшін кітап блоктарын әзірлеу, түптеу қаптарын дайындау, түптеу қаптарына кітап блоктарын қондыру және өнімдерді немесе түптеу қаптарын безендіру.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])

Бақылау сұрақтары

1. Бүктелген дәптерлерді кесіп, желіммен бекіту әдісі қандай болады?

2. Бүктелген дәптерлерді кеспей желіммен бекіту әдісі қандай болады?

3. Терможіптермен бекіту әдісі қалай орындалады?

4. Сыммен блоктың шетін қапсыра тігу (втачку) қандай өнімдерде қолданады?

5. Сыммен бірден блокты тігу (внакидку) жасалу технологиясын айтып беріңіз.

6. Сыммен блоктың ішінен сыртына қарай тігу (вразъем) түрі қандай кітаптарды бекітуге қолданады?

7. Жіппен тігудің қандай әдістері бар және қалай орындалатынын айтып бер.

8. Мұқабалар және түптеу қаптарының қанша түрлері бар және жеке-жеке атап айтыңыз.

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 618 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.| Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)