Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары

Читайте также:
  1. Бақылау сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Басылым өнімдерін атап айтыңыз.

2. Түпнұсқа дегеніміз не?

3. Газетттің ерекшеліктерін атаңыз?

4. Акциденттік өнім дегеніміз не және түрлерін атаңыз.

5. Журналға анықтама бер.

Дәріс тақырыбы №2. Кітап және оның элементтері.

ЮНЕСКО заңды түрде бекіткен дәйектемесіне сәйкесті брошюра деп көлемі төрт, бірақ 48 беттен аспайтын басылымдарды, ал кітап деп ауқымы 48 беттен асатын басылымдарды ұғу қажет.

Бұлай бөліктеу, өнімді есепке алып отыру үшін өте қолайлы. Дегенмен, олай жасауға аталған басылымдардың құрылыстық ерекшеліктерін ескеру ойға алынбаған. Сондықтан да олай бөлектеу полиграфиялық жұмыстардың құрамындағы айырманы, басылымдардың шығарылу мерзімдерін, оларға қажетті материалдар мен талап етілетін жабдықтардың түрлерін айқындамайды.

Ендеше, технологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, кітап деген түптемелі қабына қондырылған кез келген ауқымды басылым, ал брошюра дегеніміз әр түрлі көлемді, бірақ жұмсақ мұқабаға орналастырылған басылым деп есептеу керек.

Түптелген кітап - құрылысы жағынан кітапшалауға қарағанда күрделі бұйым және ол материалдардың неше түр-түрін: әр түрлі сортты қағаздарды, қатырманы, жіптерді, маталарды, синтетикалық және табиғи желімдерді, пластмассалық пленкаларды, т. т. қолдануды керек етеді.

Кітап пен брошюра жайында айқынырақ мағлұмат болуы үшін, басылымдардың осы негізгі түрлерінің құрылысын дәлірек қарастырып көрейік.

Кез келген кітаптың негізгі бөліктері: суретте түптелген кітаптың құрылымы көрсетілген. Кітап блогы полиграфиялық әдіспен басылып, дәптер түрінде бүктеліп және өзара бекітілген дәптерлерден тұрады. Кітап блогының сыртқы элементтеріне: кітап түбі, форзацы, капталы, түптеу материалы, кейбір арнайы кітаптарда ленточка болады. Ал блоктың ішкі элементіне кітап беттері, жапсырмалар (вклейка, вкладка, приклейка және накидкалар) жатады. Түптеу қабы (б) бума (а) (блок) және бүктелген дәптерлерден 1 тұрады. Буманың түптемесі көбінесе дәкемен 3 бекітіледі (армовирленеді) және дәкенің бетіне тығыз қағаз білемі 4 жабылады. Түптеменің үстіңгі және астыңғы шеттеріне бекітілген негізгі қызметі кітапты сәндеу болып табылатын каптал деп аталатын, түсті жиегі жұмырланған маталық лента үзіктері желімделеді. Буманың бірінші және соңғы парақтарына әдепкі бір бүктемді буманың өз қағазынан қалыңдау қағаз — фор­зац жапсырылады. Буманы түптеу қабымен біріктіру барысында форзацтың екінші жартылары дәке өңірлерімен бірге қапталдың ішкі жағына бітеулеп жапсырылып тасталады.

1- сурет. Түптелген кітаптың құрылымы:

а — кітап блогы; б — түптеу қабы; / — дәптерлер; 2 — форзац; 3 — түптеу материалы; 4 — каптал; 5 — қағаз жолағы; 6 — ленточка (ляссе); 7 — картон жақатары; 8 — қаптайтын материал; 9 — щпация (картон жақтарының аралығы); 10 — отстав; 11—расстав

(картон жақтары мен отстав аралығы); 12 — кант.

 

Түптеу қабы (б) бума (а) (блок) және бүктелген дәптерлерден 1 тұрады. Буманың түптемесі көбінесе дәкемен 3 бекітіледі (армовирленеді) және дәкенің бетіне тығыз қағаз білемі 4 жабылады. Түптеменің үстіңгі және астыңғы шеттеріне бекітілген негізгі қызметі кітапты сәндеу болып табылатын каптал деп аталатын, түсті жиегі жұмырланған маталық лента үзіктері желімделеді. Блоктың бірінші және соңғы парақтарына әдепкі бір бүктемді блоктың өз қағазынан қалыңдау қағаз — фор­зац жапсырылады. Буманы түптеу қабымен біріктіру барысында форзацтың екінші жартылары дәке өңірлерімен бірге қапталдың ішкі жағына бітеулеп жапсырылып тасталады. Көп ретте кітаптарда, өңдеу кезінде-ақ бума түптемелеріне жапсырылып жіберілетін, ескіше айтқанда, ляссе деп аталатын, лента-белгілеме 6 болады. Түптеу қаптарының әр түрлі құрылысы белгіленген. Және олар бірден тоғызға дейін бөлініп, әр түрлі материалдардан жасалынады. Түптеу каптардың басым көпшілігінің сыртынан жамылма материалды 8 қатырма беттері 7 болады. Олардың бөліктері қағаздан не қатырғыдан жасалған жабылмалы (отстав) 9 және кітаптың ашылуын қамтамасыз ететін (расставтан) тұрады. Кітаптар осылар арқылы ашылып-жабылады. Кітапты әшекейлеу, хабарламалау (жарнама) не кірлеуден сақтау үшін олардың кейбіреуіне қағазды орама мұқаба (суперобложка) кигізеді. Ал егерде ба­сылым сыйлықтық не мүшелдік (юбилейный) болса, онда оны қапқа футлярға салады.

Кітапшалау басылымдар, құрылымы жағынан кітаптардан әлде қайда қарапайым. Олар бекітілген дәптерлер немесе жеке парақтар болып табылатын блоктардан тұрады.Бұл блоктарға көбінесе көбінесе қалың қағаздық мұқабалар біріктіре салынады. Осындай қарапайым құрылымды болуы брошюралардың таралымын әзірлеу жұмыстарының күрделі болмайтындығын, шығарылу мерзімінің қысқалығын көрсетеді. Шығарылатын басылымға белгілі бір құрылымды таңдау — ол басылым пайдалану саласына, оның көлеміне, таралымына және кейде, тіпті бірінші мәністі маңызы болатын экономикалық факторлар айқындайды. Мәселен, нақ осыдан, көптеген журналдар материалдық және еңбек шығындарын неғұрлым азайту мақсатымен кітапшалаулық құрылымды болып дайындалады.

Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары. Редакциялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және полиграфиялық құралдармен өндірілуге жататын түпнұсқалардың бәрі баспалық деп аталады. Олар мазмұндары, көлемдері, боямалылығы және техникалық орындалуы жағынан әр түрлі болып келеді. Бұлардың репродукциялау тәсілін таңдап алуда (экономикалық сипатты факторларды есептемегенде) шешуші маңызы бар.

Түпнұсқалар ең алдымен мәтіндік, суреттік және аралас болып бөлініледі.

Мәтіндік түпнұсқа көбінесе техникалық ережелері (стандартты мөлшерлі қағаз парағының бір жағына екі сырғытпалы етіп басу, мәтіндік жолда белгілі таңбалар санын сақтау, сондай-ақ жан-жағының тиесілі ашық орын қалдыру, т.т.) сақталып, компьютерде басылған қолжазбалар болып келеді.

Басылымда құжаттық кескіндер талап етілетін кей жағдайда қолжазба (немесе оның бөліктері) көшірімдегілердің бар өзгешелігін нақ өз күйіндегідей көрсетуге мүмкіндік беретін фотоға түсіру әдісін пайдалану арқылы да өндіріледі.

Суреттік бейнелі түпнұсқалары — барынша түр-түрлі топты болып келеді және олар әр түрлі белгілерімен сарапталады.

Олар кескіндерінің сипатына қарай штрихты және реңді түпнұсқалар болып бөлінеді. Штрихты түпнұсқаларға кескіндері сызықтармен (штрих), берілетін түрлі –түсті суреттер бірдей түсті болып келетін (мысалы чертеждер, қаламұшпен салынған суреттер т.т.) түпнұсқалар жатады. Реңді (тоновые) – кескіндерінің элементтері бірдей ақтан қоңырға қарай біртіндеп ауысып (фотография, акварель, бояу қарындашпен салған сурет т.т.) отыратын түпнұсқалар. Әлгі екеуінің де элементтері аралас түпнұсқаларда кездеседі.

Штрихты түпнұсқалар да, реңді түпнүсқалар да бір не бірнеше түсті болуы ықтимал.

Түпнұсқаларды өңдеу технологиясы мен таралымды басу тәсілін таңдап алуды қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі—түпнұсқаның орындалу техникасы мен ол оның материалы болып табылады. Оның негізі мөлдір (шыны, целлофан, фотопленка т. т.) мөлдір емес (қағаз, кенеп, металл, пластик, т. т.), немесе жартылай мөлдір (калька, балауыз т.т.) материал болуы ықтимал.

Соңғы он жылдықта мәтінді компьютерде теру барынша даму үстінде және компьютерлердің мүмкіндіктері мен тамаша жетістіктері молая түсуде. Компьютердің көмегі арқылы текстік диапозитивтерді тек шығыңқы және ойыңқы басу әдістерінде ғана емес, сондай-ақ бірсыпыра жағдайда да қолдануға алып келіп отыр.

Фототеру автоматтарында мәтіндер мен суреттердің фотоформалары шығарылады. Егерде пленка мөлдір емес негізді (мәселен, фото қағазда) жасалынса, оны позитив деп атайды. Ал, мөлдір негіздіде (фотопленкада) жасалынса — диапо­зитив делінеді.

Түсті репродукцияның ең қарапайым түрі — екі бояулы репродукция —

д у п л е к с деп аталады. Оның атқаратын қызметі бір түсті көлеңкелі кескіннің өз түсімен ұдайы өндірілуін жақсарту. Дуплекстің мәнісінде бір түпнұсқаның өзінен растрлы екі қалып дайындау жатады. Ондайда репродукциялау жағдайы — бірінші қалыпта кескіннің айқын бөліктері жақсы өңделетіндей, көмескі жерлері білінбейтіндей етіліп, екінші қалыпта, керісінше, кескіннің көлеңкелі тұстарының бөліктері жақсы ажыратылатындай, ал айқын тұстарының бөліктері көмескілеу өңделетіндей етіліп реттелінеді.

Бейнесуреттер- дайындау әдісіне қарай былайша бөлінеді:

1) оптикалық, мысалы микроскоп арқылы, фотоаппараттағы, экрандағы;

2) электронды – мысалы, мониторда немесе басқа электронды апппараттардағы;

3) голографиялық (голографияняың барлық түрі-пленка,фольга);

4) фотографиялық, слайдтар, фотоформалар

5) лазерлік- мысалы, лазер сәулесі арқылы қалыптасқан геометриялық фигуралар мен дененлер;

6) қолдан салынған – қолжазба, сызба, сурет;

7) басылған, мысалы, полиграфиялық оттискілер, машинкада басылған текст, компьютерде принтер арқылы шығарылған текст.

Бейнесуреттің дайындалған түріне қарай түпнұсқалар былайша бөлінеді:

1) мөлдір негіздегі бейнесуреттер- мысалы, слайдтар, негатив, диапозитивтер, мөлдір материалдарда басылған оттискілер;

2) мөлдір емес негізде дайындалған бейнесуреттер – мысалы, фотосуреттер, қағаздағы оттискілер, фольгадағы голограмамалар;

3) қатты негіздегі бейнесуреттер – мысалы қаңылтырда, пластмассада және т.б. қатты материалда дайындалған бейнесуретттер.

Ақпарат түрлеріне қарай бейнесуреттердің бөлінуі:

1) мәтінді бейне, мысалы: қолжазба;

2) суретті бейне, мысалы: фотосуреттер, сызбалар, схемалар.

Тексті немесе бейнесуретті материалдардан тұратын түпнұсқа дегеніміз – баспа – редакциялық өңдеуден өткен полиграфия өндірісінің жабдықтарын пайдаланып болашақ басылымның негізі болатын материалдар.

Түпнұсқалар үш топка бөлінеді:

1) авторлық түпнұсқа – автордың дайындап баспаға өткізген нұсқасы

2) баспалық түпнұсқа- баспа-редакциялық өңдеуден өткен, баспаның жауапты қызметкерлерінің қолы қойылып, теруге жіберілген түпнұсқа.

3) Түпнұсқа макеті- бұл әрбір беті болашақ басылымның әр бетіне сәйкес келетін баспалық табақ. Түпнұсқа макетіне қол қойып теруге және басуға баспаханаға жібереді.

4) репродукцияланатын түпнұсқа макеті – фотоформаларды немесе басу формасын фотомеханикалық әдіспен не сканерлеп дайындауға арналған түпнұсқа.

Түпнұсқаларды классификациялау:

1)жартылай тонды немесе штрихты түпнұсқалар;

2) мөлдір немесе мөлдір емес;

3) ақ-қара немесе түрлі түсті түпнұсқа;

4) бейнесуретті немесе тексті аралас түпнұсқа.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 467 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік| Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)