Читайте также:
|
|
Баспалар мен баспаханаларда орындалатын жұмыстардың мөлшерін есептеу үшін мынандай өлшем жүйесі (СИ) пайдаланады. Ол метрлік және баспаханалық (типометрия) болып екіге бөлінеді. Метрлік жүйе сызықтық (терім цехтарында) өлшемдердің бірлігіне сантиметр (см) мен миллиметр (мм) қызмет етсе, баспаханалық жүйеде арнайы 1737 жылы Фурье ұсынған, кейінірек Париж баспагері Фирмен Дидо (Didot) одан әрі жетілген жүйе бірліктері - француздың дюйм деген сөзінен туындаған пунктер (п) мен квадраттарды (кв) қолданды. Оның негізінде баспаханалық пункт (0,376мм) немесе француз дюймі 1/72 (27,06мм) бөлігін кұрайды, ал 1 квадрат - 48 пунктке (18,04мм) тең.
Практикалық жұмыста баспаханалық бірліктерге бөлінген жол өлшейтін арнайы өлшем сызғышын қолданады. Баспаханалық жүйе ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, Франция, Германия, Италия, Испания және басқа көптеген елдерде (Англия мен АҚШ-тан басқа) қолданылады. Ал АҚШ, Англия және басқа да бірсыпыра елдерде негізінен ағылшын дюймі (25,4 мм) алынған. Көп уақыттан соң, алғаш рет АҚШ-та көптеп шығарыла бастаған компьютерлерде негізгі бірлігі ағылшын дюймі (25,40 мм) алынған ағылшын типометриясы қолданыла бастады. Мұнда баспаханалық пункт 1/72 ағылшын дюйміне тең, яғни - 0,3527 мм. Өлшемнің ағылшын-американдық жүйесінде құрастырылған параллель екі - французша және ағылшын-американдық баспахана өлшем жүйесін қолдану белгілі қиыншылықтар тудыруда. Осыған орай, өлшем жүйесін пайдалану жеңіл болу үшін, жиі пайдаланатын атаулардың кестесі беріледі.
Пунктпен қаріптің кеглі, интерлинияжі (терілім жолдарының арасындағы бос орын), беттестіру кезінде фрагменттердің араларын ашық элементтермен бөліп тастауы өлшенеді ал квадратпен терім жолдарының ені мен ұзындығы және терілген кестелердің орналасуы өлшенеді.
Атауы | Шамасы (пунктпен) | Дидо жүйесі (мм) | Ағылшын-американ жүйесі (мм) |
Нонпарель | 2,25 | 2,11 | |
Петит | 3,00 | 2,82 | |
Корпус | 3,76 | 3,52 | |
Цицеро | 4,50 | 4,2 | |
Квадрат | 18,043 | 16,944 |
Миллиметрмен басылымның пішімі, жиектері, ал сантиметрмен қағаз парағының ені мен ұзындығы өлшенеді.
Баспа кағазы мен басылымдардың пішімдері
Баспа қағазы «Баспа қағазы. Пішімдер» стандартына сәйкес әртүрлі көлемде көптеп шығарылады. Қағаз рулон (орама) немесе тікбұрышты парақ түрлерінде шығарылады. Екеуінің де пішім деп аталатын сипаттамасы бар.
Басылымның пішімі — оның енін биіктігіне көбейту арқылы см. ретінде шығарылады. Альбомдық және картографиялық басылымдардың пішімі де нақ осындай жолмен анықталады.
Басылымның пішімін былайша жазады — 84х108/8, 60х90/16 т.т., мұнда бірінші сан қағаз парағының енін, екіншісі – ұзындығын білдіреді. Сөйтіп, 84х108/8 немесе 26.5х41см. жазуымен бір нәрсені, атап айтқанда, көлемі 84х108 қағаз парағы блокты кескеннен кейін көлемі 26,5х41см-лік қағаз парағын сегіз беттен тұратындығын білдіреді.
Қағаз пішімі — парақтың стандарттық мөлшері әруақытта см арқылы парақтық қағаз үшін — парақтық енін оның ұзындығына көбейту түрінде (мыс. 60х90см.), ал рулондық қағаз үшін — 1 ғана сан – рулонның ені (мыс, 84см) көрсетіледі. Баспа үшін қағаздардың пішімдері стандартпен реттестіріледі: ол кітапты-журналдық басылымдар үшін парақтық қағаздарды: 60х84, 60х90, 70х90, 70х100, 70х108, 75х90, 84х108см және қағаз рулондарының ені: 60, 70, 84, 90, 108, 120 см етіп шығарылады.
Қағаз парағын стандарттау әрекетін Европада бірінші болып 1920ж. Герман стандарттау институты (Din) жасаған болатын. Бұдан кейінгі әрекеттердің нәтижесінде ISO - 216 стандарты пайда болып, ол кеңінен таралып, 1975 жылы халықаралық стандарт мәртебесін иеленді.
ISO - 216 стандартына сәйкес қағаз пішімдері үш серияға бөлінеді: А, В және С. жүйесі полиграфия мұқтаждықтары үшін қағаз пішімдерін — А — пішім деп белгілейді.
Газеттік баспаның көлемі, газеттің негізгі полосасымен алынады, яғни А2 (420х595мм).
Қағаз табақшасы — белгілі бір басылымға бір жағынан басылған қажетті қағаз мөлшерін есептеуге арналған бірлік.
Қолжазба мен баспа басылымдарын есептеу үшін: авторлык, есептік баспалық және баспа табақ қағаз өлшемдерін өлшеуге пайдаланады.
Өлшемі | Милиметрлер | Дюймдер |
А | 841 x 1189 | 33 1/8 x 463/4 |
А1 | 594 x 841 | 23 3/8 x 33 1/8 |
А2 | 420 x 594 | 161 /2 x 23 3/8 |
А3 | 297 x 420 | 11 3/4 x 16 1/2 |
А4 | 210 x 297 | 8 1/1 x 11 3/4 |
А5 | 148 x 210 | 5 7/8 x 8 1/4 |
А6 | 105 x 148 | 4 1/8 x 5 7/8 |
Авторлық баспа табақ — басылған өнімге, яғни теру кезінде 40 000 белгі (әріптер, тыныс белгілер, сандар және сөз аралық бос орындар т.с.с), 700 өлең жолдары немесе 3000см2 көркемсурет, бейне, графика және диаграммаға тең. Сонымен қатар, авторлық баспа табақ автордың, рецензеттердің, осы қолжазбаның ғылыми және әдеби редакторларының еңбегін өлшеу бірлігі болып табылады.
Баспа табақ — авторлық баспа табаққа тең, бірақ баспа табақта, сонымен қатар, авторға ақы төленбейтін мәтіндік және графикалық материалдар (редакциялық алғы сөз, кітаптың мазмұны, түрлі сілтемелер, ескертулер тағы басқалары) өлшенеді. Басылымға қолжазбаны дайындау кезінде есептік баспа табақтағы авторлық баспа табақтың көлемінен артық болуы мүмкін, себебі өнімнің құнын есептеу және редакциялау — баспа қызметкерлерінің (редакторлардың, корректорлардың, техникалық редакторлардың) еңбегін өлшеу бірлігі ретінде пайдаланады.
Баспа табақ — басылатын өнімнің көлемін өлшеуге арналған бірлік. Оның екі мәні бар: есептік баспа табақ және шартты баспа табақ.
Есептік баспа табақ (физический печатный лист)— кез-келген пішімдегі баспа табақ қағаз, тек ғана бір жақ бетінен басылған, егер екі бетінен бірдей басылған болса, ол екі баспа табақ қағаз болып есептелінеді.
Шартты баспа табақ (условный печатный лист) — полиграфиялық кәсіпорындарының шығаратын өнімдерін есептеуге арналған бірлік. Бұның негізіне пішімі 60x90см өлшемді баспа табақ қағазы алынады. Осы пішімдегі қағаздың аударым коэффициенті - бірге тең.
Басылым — белгілі таралыммен, баспада редакцияланып, безендіріліп, мазмұны жағынан сапалы ақпаратты полиграфия өндірісінің (баспасөз шығармасы) бұйымы.
Баспа атауы — кітаптардың, журналдардың, газеттердің жарнама өнімдерінің және тағы басқа шығармаларды жарыққа шығаратын мекеме.
Таралым — басылымның жалпы шығарылған саны. Егер таралым көп болса, басылым бірнеше баспаханада бір мезгілде басылып немесе бір баспаханада әр мезгілде шығарылса — оларды «завод» деп атайды.
Дана — басылымның - кітаптың, брашюраның, газет пен журналдың әрбір жеке саны.
Жалпы таралым — баспаның шығарған өнімнің жалпы саны.
Бояу жағу — баспа табақ қағаздың басылым қалыбымен беттесіп бояу қабылдауы (бір бояулы немесе көп бояулы).
Парақ қағазының өтуі — басу машинасы арқылы өткен қағаздың есебі (жұққан бояудың саны есепке алынбайды).
Дәптер — басылған және бүктелген баспа табақ кағаз. Басылымнан кейінгі процестерде (брошюрлау, түптеу) жұмыстарының көлемін өлшеу бірлігі.
Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)
Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])
Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 648 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | | | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. |