Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік

Читайте также:
  1. B Жалпы наркоз
  2. C Тері және сіңірлердің некрозы
  3. Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау.
  4. Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы
  5. Азақтардың қоныстануы мен жалпы саны
  6. Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және дәрежесі
  7. Дәріс сабақтарының курсы

Полиграфия — бұл баспалар мен басқа да ұйымдардан келіп түсетін түпнұсқалар бойынша әр түрлі баспа өнімдерін көптеп жасап шығарумен айналысатын өнеркәсіп саласы.

Түпнұсқа (латынның огіginals – бастапқы) дегеніміз полиграфиялық техниканың көмегімен басып шығаруға арналған мәтіндік және бейнелік суреттік материалды айтады. Түпнұсқа автордың (жазушының, ғалымньң, суретшінің) немесе авторлар ұжымының шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып табылады. Мәтіндік түпнұсқа қызметін көркем суреттер және басқа да баспалармен қоса, авторлық немесе баспалық түпнұсқаның құрамдас бөлігі болып табылатын мәтін, сызба немесе графика арқылы жасалатын суреттер (фотобейнелеу) фотосурет, көркемөнер туындысы және т.б. қолданыс табуы мүмкін.

Баспа өнімдері — бүкіл баспа өнімдерінің және полиграфия өндірісінің басылымдарының жиынтығы. Оның ішіне кітап, кітапша, журнал, газет өнімдері ғана емес, сонымен қатар, ашық хаттар, күнтізбелер, альбомдар, репродукциялар, акциденциялық өнімдер, орама және қаптау материалдары т.б. біріктіретін барлық полиграфия баспа өнімдері мен басылымдарының жиынтығы.

Баспа өнімдері адамға оның ерте балалық шағынан бастап қартайғанына дейінгі аралықтағы бүкіл өмір бойына серік болып келеді. Кітап, газет пен журнал, плакат пен күнтізбе, мектеп дәптері мен пошта маркасы, түрліше тауарлар мен басқа да көптеген баспа бұйымдарының көркемделінген қаптамалары - осы өнімдердің барлығы да, полиграфия өнеркәсібінің технологиялық процестерін қолдану жолымен жасалынған.

Әртүрлі басылымдарды даярлау және басып шығару кезінде оларды, ең алдымен, мерзімдік, жалғастырылушы және мерзімдік басылымдар деп бөледі. Мерзімді басылымдар белгілі бір уақыт барысында бір типті әрленген, бірақ номерлерінің мазмұндары әртүрлі, тұрақты пішімімен шығарылып отырылады (газеттер, журналдар, бюллетендер).

Жалғастырылушы басылымдар әртүрлі мазмұнды, номерлері түрліше, біртекті безендірілетін, бірақ шығу мерзімдері алдынала белгіленбейтін, өйткені олар қажетті материалдардың көлеміне байланысты шығарылымдар (жинақтар, ақпараттық парақшалар).

Мерзімсіз басылымдар өздерінің көлемі, пішімі таралымы және басқа да көрсеткіштеріне қарай әртүрлі сипатты болып келеді. Олардың ерекшеліктері бір мәрте ғана шығатындықтарында. Қажетті жағдайларда оларды қайта басып шығаруға болады, бірақ бұл алдынала жоспарланбайды. Бұл типтегі жиі кездесетін басылымдардың қатарына кітаптарды, брошюраларды, плакаттарды, репродукцияларды, ашық хаттарды, күнтізбелерді, карталар мен атластарды жатқызуға болады.

Полиграфия өнеркәсібінің сансыз көп өнімдерінің ішінен олардың негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:

Газеттер (ұсақ венеция монетасы - gazzetta дегеннен) — ағымдағы оқиғалар туралы маңызды материалдар, қоғамдық-саяси, өндірістік, экономикалық және басқа да мәселелер жөнінде жедел ақпараттар жариялайтын ресми парақтық басылымдар.

Газеттердің ерекшелігі - олардың жарыққа шығуының кезеңділігінде. Газет өндірісі өнімінің ерекшелігі - оны қатаң кесте бойынша аса қысқа мерзімде даярлап, басып шығару қажеттілігі мен оның шығарылуын баспа немесе редакция қызметкерлерінің бақылап отыратындығында. Қазіргі кездегі газеттердің көлемі ұлғайып, көркемделуі мен безендірілуі арта түсуде.

Журналдар (француздың journal - күнделік, газета сөзінен) – шығу уақыттары қатаң белгіленген (апталық, ай сайынғы) мақсаттары мен міндеттеріне байланысты, әр түрлі тақырыптық материалды қамтитын, жылдық басылым үшін тұрақты көлем мен пішімде болып келген кітапшалау түріндегі мерзімді басылым. Журналдарды екі топқа бөлуге болады. Көпшілікке арналған «жұқа» журналдардың едәуір бөлігі бір-бірлерінің ішіне енгізіп, тысталған және түбі сым қапсырмалармен тігілген 2-4 дәптерден тұрады. Екінші топқа 4 және одан көп дәптерлерден тұратын, бір-бірлерінің үстіне текшелеп жиыстырылған журналдың бүкіл қалыңдығы бойынша өтетін жіптермен, металл қапсырмалармен тігілген немесе түп қиығына желіммен жапсырылған «толық» журналдар жатады. Тігілген немесе желімделген, қалың парақтар қаптамаға енгізіліп түбірдің бүйіріне желімделінеді де, содан соң үш жағынан кесіліп, әдеттегі күйге келтіріледі.

Кітап басылымдары - өзара біріктірілген және түптеу мұқабасымен қапталған мерзімсіз баспа шығарылымдар.

Кітап басылымдары түріне, пайдаланылуының мерзімдеріне, көркем-суретік материалдардың түрі мен сапасына, таралымына, күрделігіне, терімі мен көлеміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Тарихи әдебиет.

2. Көркем әдебиет.

• жеке шығармалар мен жинақтар;

• шығармалар жинақтары мен таңдамалы шығармалар;

3. Орта және төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар.

4. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарына арналған оқулықтар.

5. Өндірістік-нұсқаулық басылымдар.

6. Энциклопедиялар мен сөздіктер.

7. Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларға арналған әдебиеттер.

8. Ресми-құжаттық және ресми-анықтамалық басылымдар.

Кітап басылымдары тақырыптық және алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес шығарылады.

Күнтізбе (лат.calendarium – ұзақ мерзімді кітап) апта күндерін, апталарды, айларды, жылды бірізділікпен келтіретін анықтамалық басылым.

Күнтізбелер қабырғаға ілетін, стол үстінде парақталатын және қалталық болып бірнеше топқа бөлінеді.

Альбомдар (фр.аІЬum) — көркемділігінің сипаттарына қарай, үш топқа бөлінеді:

- көркем өнер бойынша көркем суреттік, кескіндемелер бейнелеу өнерінің түрлері, сәулет өнері, мүсіндеу өнерлері бойынша альбомдар;

- фотоальбомдар (түрлі көріністердің, қоғамдық мәселелер жөніндегі оқиғалы тақырыптар, тарихи, туристік, жарнама каталогтары т.б.);

- ғылыми-техникалық альбомдар (ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу т.б.); көркемделінген бояулылығы бірден алтыға дейін бола алады.

Альбомдар түптелінеді, кейде қосымша безендірілген тыстама мен қынапқа (футлярға) салынады. Көпшілік қолданымға арналған альбомдарға қаптамалар кигізіледі немесе арзан түптелінеді.

Репродукциялар (латынша: - қайта басылатын немесе қайталанатын әрекетті нұсқайтын қосымша және ргоduса - өндіремін) полиграфиялық тәсілмен алынған көркемсуреттер, кескіндемелер, штамп, көркем фотосуреттердің қолданбалы және халық өнері шығармаларының баспа таңбалары (көшірмелері). Мұндай репродукциялар көбінесе ақ-қара немесе түрлі түсті болып келеді. Оларды жеке парақтарға басып немесе жинақ түрінде шығарады.

Парақтық өнім түрінде шығарылатын репродукциялар қосымша өңдеуден өтеді: лактайды, пленка жапсырады, басып-ойып таңбалар салады, линзалық растр жапсырады, стерео немесе видеобейнелерді қосып қайта жаңғыртады.

Ашықхаттар — парақтық, жоғарғы көркемдікті түрлі-түсті өнімге жатады. Ашықхаттар - екі немесе төрт бүктемелі болып келеді. Әрлеудің бірнеше түрі қолданылады: лактау, пленка престеу, баспа-таңба түсіру, высечка, линзалық растрды престеу.

Акциденция (лат.Accidenta - кездейсоқтық) — бұлар, баспаның тақырыптық жоспарында көрсетілмеген кәсіпорындардан, фирмалардан, жеке тұлғалардан тұрақты немесе кездейсоқ түсіп тұратын тапсырыстар.

Акциденциялар үш топқа бөлінеді:

1. Баспа акциденциясы — титулдардың барлық түрлері, түптемелердің қаптамалардың, тыстамалардың безендіру элементтері, кітап және журнал хабарландырулары, беттің басы мен соңына салынатын өрнектер, жобалар, буклеттер, үнпарақтар.

2. Шағын акциденцияларға - бланктар, бағдарламалар, шақыру билеттері, дипломдар, аттестаттар, марапаттау қағаздары, куәліктер, театр билеттері, ресторан тағамдарының түрлері, еңбек кітапшалары, жеке куәліктер т.с.с. аз таралымды парақты өнімдер жатады.

3. Афиша (фр.Affiche - хабарландыру) - парақты өнімдер: үгіт-насихат ретінде мәтінді қысқа, нақты, әрі ұғымды суреттер, үндеулер, аншлагтар т.т. жеке даналар немесе көпшілік пайдаланатын басылымдар мен тақырыптық топтамалар түрлерінде жарық көре алады. Бояулылығы бірден алтыға дейін, көркемдеу және әрлеудің барлық түрлері қолданылады. Афиша хабарлама ақпараттарды арнайы орналастырылған қабырғаларға жапсыру үшін шығаралады.

Баспа басылымдарының арнайы түрлерінің бұлайша аталуларының себебі, оларды қайта басу және басып шығару үшін арнайы материалдар мен технология қолданылады. Бұлар - бағалы қағаздар, ноталар, түсқағаздар, жапсырмалар мен қаптамалар, стерео және бейне басылымдар, зағиптар үшін басылымдар, дәптерлер мен блокноттар.

Полиграфия өндірісінің технологиясы халық шаруашылығының басқа да салаларында, мысалы, тоқыма өнеркәсібінде (маталарға жазу және бейне-лерді басу), жеңіл өнеркәсіпте (шыныға, қаңылтырға, полимерлерге басу), радиоэлектроника өндірісінде пайдаланылады (радиоэлектрон басылым платаларын дайындайды).

Басқа баспа өнімдері. Баспа өнімдерінің маңызды тобына қаптама жатады. Ол әртүрлі материалдардан: қағаздан, қатырма қағаздан, пластмассадан, металдан, шыныдан т.б. жасалынады. Қаптама немесе орама материалдар, ең алдымен, өнімді сақтауды қамтамасыз етуге арналған. Ол, сонымен қатар, тауарды таныстыру және оның тұтынушылық қасиеттері туралы сенімді ақпарат беру көзі болып табылады. Қаптамаға қажетті ақпаратты басу үшін басудың барлық тәсілдері араластырылып қолданылады.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 1267 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі| Бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)