Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу

Читайте также:
  1. C Тері және сіңірлердің некрозы
  2. Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау.
  3. Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы
  4. Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және дәрежесі
  5. Дәріс сабақтарының курсы
  6. Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.
  7. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік

Адам ақпаратты сезім органдары (көру, есту т.б.) арқылы қабылдайды. Маңыздысы - ақпаратты көру арқылы қабылдау. Ақпаратты елестетудің бірнеше түрі бар:

1. Ақпаратты заттай елестету.

2. Ақпаратты шартты белгілерді елестету — ақпарат объектілері нышандарында белгілер кодталған.

3. Ақпаратты дерексіздендіріп елестету — екі деңгейде:

- заттарды елестету;

- зат еместерді елестету.

Ақпараттық материалдық жеткізушісі — ескерту белгі беру (сигнал), ал оның көзі — айналадағы дүние.

Бейнелеу ақпаратын ұқсастық бойынша елестету – бұл ақпаратты түпнұсқалармен тарату әдісі. Түпнұсқа - сызбалар, диаграммалар, сұлбалар, суреттер, фотосуреттер, полиграфиялық баспа-таңбалар, слайдтар түріндегі ақпараттар. Бейнелеу элементтерінің сипаттарына қарай, түпнұсқалар штрихтық, жартылай реңді және аралас болып бөлінеді.

Штрихтық түпнұсқаларда бейне қашықтығы бірдей нүкте және сызықтармен беріледі (сызбалар, тушпен салған суреттер).

Жартылай реңдік түпнұсқалар бейнереңді түрде береді (қарындаш және акварельмен салынған суреттер).

Аралас түпнұсқалар штрихтардан және жартылай реңдік элементтерден тұрады. Түстеріне қарай түпнұсқалар біртүсті және көптүсті болады. Астарының түріне қарай, түпнұсқалар мөлдір (пленка) және қағаз түрінде болады.

Бейнесуретті түпнұсқалар баспаханаға лазерлік дискілердегі мәтіндер немесе суреттер, фотосуреттер полиграфиялық баспа-таңбалар түрінде түседі. Бейнелердің фотосуреттер, баспа-таңбалар немесе суреттер түрінде түскен жағдайларында, оларды өңдеу, сканерлеуден басталады.

Сканерлеу – дегеніміз берілген бір траекториядағы мәтін немесе суреттің әрбір элементін санға айналдырып жазу (көшіру). Басылымды басуға дайындау барысында, штрихты және растрлы мәтін – бейне суреттерін санға айналдырып компьютерге енгізу.

Сканердің мүмкіншіліктері мен сапалы жұмысы болашақ басылымдағы суреттердің сапасына көп әсер етеді.

Сканерлер – қол сканері, планшетті сканер, барабанды сканер, проекциялық сканерлер (слайд – сканерлер) болып бөлінеді. Проекциялық сканерлердің слайд сканерлер деп аталу себебі, олар тек слайдтармен жұмыс істеуге арналған.

Қол сканерлерін сапасы төмен болғандықтан КБЖ – де қолданбайды.

Планшетті сканерлер мүмкіншіліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: қарапайым, орташа және жоғары класты сапалы сканерлер.

Қарапайым модельді сканерлерді – ақ – қара және түрлі – түсті, арзан басылымдарды дайындауда қолданады. Мөлдір және мөлдір емес түпнұсқаларда жұмыс істейді. Орташа класты сканерлерде сапалы диапозитивтерді, түрлі – түсті негативтерді және кез– келген мөлдір емес негіздегі түпнұсқалардан жұмыс істей береді.

Жоғары планшетті сканерлерге - техникалық мүмкіншіліктері барабанды сканерлерге сәйкес келетін құрылғылар жатады. Бұл сканерлер қысқа мерзімде, көлемі үлкен сапалы өнімдерді дайындауға арналған. Осы сканерлердің мүмкіншіліктерін арттыруға арналған автоматты түрде сканерлейтін қосымша аппараттар бар. Осы приставканың көмегі бірден бірнеше слайд немесе түпнұсқаларды сканерлеп, жұмыс өнімділігін арттыруға болады.

Планшетті сканерлердің ең басты артықшылығына, қатты түпнұсқалармен жұмыс істей беру мүмкіншілігі жатады.

Барабандық сканерлер — жарықсезгіштігі тұрғысынан планшетті құрылғыларды едәуір басып озады, фотосуреттердің көшірмелерін алуда қажет ететін полиграфияда ғана қолданылады. Барабанды сканерлерде түпнұсқалар барабан деп аталатын мөлдір цилиндрдің сырт және ішкі жақтарына (модельге байланысты) орналастырылады. Барабан неғұрлым үлкен болған сайын, оның сыртқы бетінің аумағы соғұрлым кең, оларға түпнұсқалар орналастырылады да, сканерлеу аумағы да арта түседі. Түпнұсқа орналастырып болғаннан соң, барабан қозғалады. Ол бір айналғанда пиксельдердің бір сызығы есептелінеді. Слайд аркылы өтетін немесе мөлдір емес түпнұсқадан шағылысқан жіңішке жарық сәулесі (қуатты лазерден пайда болатын) айналар жүйесінің көмегімен ФЭУ-ке (фотоэлектрондық көбейткішке) түсіп, онда санға айналдырылады. Бейнелерді өңдеу белгілі бағдарламаның нұсқаулары мен аспаптарының көмегімен іске асырылады. Бейнелерді басуға даярларда мониторды, принтерді және сканерді өлшем жүйесінің реттеуінің маңызы зор. «Калибрлеу» терминінің мағынасы кез-келген кұрылғының жеке элементтерін синхронизациялау мен өзара үйлестіруге келіп тіреледі.

Белгілі заттың түсін адам оған күндізгі жарық күн сәулесі түскенде ғана ажыратады. Көзге мөлдір емес зат шағылыстырған немесе мөлдір зат арқылы өткен сәулелер әсер етеді. Көрудің теориясыңың негізгі ережесі: кез-келген түс үш қырлы линзадан өткенде қызыл, көк және сары түстерге жіктеледі.

Түстерді алудың (синтездеудің) екі әдісі бар: субтрактивтік және аддитивтік.

• Субтрактивтік синтез боялған мөлдір қабаттарды салғанда іске асады. Ол боялған қабаттар жұтатын монохроматиялық сәулелерден түсіп тұрған жарық сәулесінен «оқуға» негізделген негізгі түбірі: сары, қызыл қошқыл және көк.

• Аддитивтік синтез - сәулелердің әр түрлі түстерін араластырудан алынады. Бұл синтездің негізгі сәулелері: қызыл, жасыл және көк.

Жаңа түс алудың субтрактивтік әдісінің негізінде сары, көгілдір және қызыл күрең бояуларды пайдаланып, кез келген түс алуға болады деп қорытындылаймыз.

Осыған сәйкес, осы бояулар үшін үш негатив даярлау керек. Мұндай негативтер түске бөлінген деп аталады.

Түске бөлінген негатив алу үшін түпнұсқаны қызыл, көк және жасыл түстердің жарық сүзгілері арқылы фотосуреттерді: жарықсүзгілер бөлінген бояу шағылыстыратын сәулелерді жұтуға тиіс.

Электрондық түс түзету электронда түс бөлуші машиналарда түс ажыратумен бір мезгілде автоматты режимде іске асырылады.

Бейнелерді өңдеудің ұқсама әдістерінен сандық әдістерге өту жедел түрде іске асуда. Бейнелерді өңдеудің ұқсама әдістерінің үлесі күннен-күнге төмендеуде. Сонда да болса да, бейнелерді ұқсама өңдеу олардың жақсы зерттелініп, меңгерілгендіктеріне байланысты, көптеген кәсіпорындарда осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Оны мына салаларда қолданады:

- үлкен пішімді жұмыстарда егер сандық шығарушы жабдық қажетті пішімді бере алмаса;

- қолда бар фотоқалыптарды қолданғанда (әсіресе, тапсырыс беруші осыны талап етсе);

- бейнелерді сандық өңдеу жүйелері істемей қалғанда;

- ерекше тапсырыстарда (мыс, фотоқалыптарды қолдан көркемдеу).

Белгілі жағдайларда ұқсама ауыспалы техниканы пайдалану орынды. Мысалы, кітап беттерін жинақтау мен қалыпқа көшіру өздерінің фотоқалыптарын сандық шығарылымында қолданылуы мүмкін.

Корректуралық процесс - терілген терімнен алынған баспа-таңбаларды түпнұсқамен салыстырып, әртүрлі жағдайда жіберілген дәлсіздіктер мен кемшіліктерді түзетіп, толықтырып, оқуға ыңғайландырып және үйлестіріп ретке келтіру.

Полиграфия кәсіпорындары мен баспаларды атқарылатын жұмыстарға байланысты, корректура екі топқа бөлінеді: баспаханалық және баспалық корректура.

Баспаханалық корректура – кәсіпорындарында теріліп алынған алғашқы баспа-таңба. Оны баспахананың корректоры оқып, орфографиялық, пунктуациялық, ғылыми басылымдардағы терминдерді үйлестіре отырып, нақты айтқанда, ол - тілдік, сөздік, емілелік, тыныс белгілік қағидаларды қолдану жиынтығы.

Баспалық корректура - баспаханада теріліп баспаға тексеруге жіберілетін баспа-таңба (көшірме). Бұл көшірме авторға, жетекші редакторға және корректорға жіберіледі. Автор келген корректураның көшірмесін оқып, қателерін түзетіп, оқығанын растап, әр бетіне қолын қоюға тиісті. Егер мәтінге өзгерістер, толықтырулар жасағысы келсе, баспаның басшыларымен келісуі қажет.

Корретуралық процестерде пайдаланатын негізгі терминдерге тоқталып, анықтама беруді дұрыс көрдік.

Корректура - басылып жатқан кітап, газеттің қателерін, түпнұсқамен салыстырып жіберілген қателерді түзету процесі.

Корректуралық баспа-таңба (оттиск) - терілген терімнің көшірмесі. Мұндай көшірме корректордың оқуына беріледі, жіберілген қателерге түзетулер енгізіледі.

Түпнұсқаны оқу - барлық грамматикалық, стилистикалық және мағыналық қателерді түзету. Қазіргі кезде жеке компьютерді қолданғанда корректураның бұл бөлігін ішінара спеллерлер орындайды.

Алғашқы корректура - газет, кітап беттері баспаханада теріліп, әлі беттелмеген түрін (граночный метод) оқу, терілген, басылатын беттерді беттеме жасауды (безграночный метод) оқу. Алғашқы корректураны оқу процесінде теріледі түпнұсқаға дәлме-дәл теру, терімнің барлық техникалық ережелерін сақтауға және басылымның біркелкі әрленуіне бақылау жасалынады. Егер терілген, басылатын беттердің беттемесі жасалған болса, онда техникалық редактордың жасаған ескертпелері қаріптер, терімнің пішімі және бейнелеудің барлық ережелерін сақтау жөніндегі нұсқалар бақыланады.

Қайта тексеру - алғашқы корректураға көп түзетулер енгізілген жағдайда, корректура қайта оқылады.

Рұқсат корректурасы - терілген мәтіндерді бет-бет етіп реттеп, баспаханаға дайындалған корректураға баспа «басуға» деп қол қойылуы.

Өтпелі тексеріп оқу - өнім баспаханада басылып жатқанда, баспа табақ қағазды машинадан алып оқу және түзету.

Баспа және баспаханада алынған корректуралар белгіленген стандартқа сәйкес, корректуралық белгілер арқылы түзетілуі кажет. Корректуралық белгілер өзінің қолданылуына байланысты, мынандай топтарға бөлінеді:

1. алмастыру, алып тастау және қосу белгілері;

2. басылатын элементтердің орындарын ауыстыру белгілері;

3. бөлектеу материалдарын өзгерту белгілері;

4. абзацтың шегініс, азат жолдан жазу, қаріптік ерекшелеу және өзгерту белгілері;

5. техникалық ақауларды түзету белгілері;

6. жасалынған нұсқауларды өзгерту белгілері.

Мәтіндік және бейнелік ақпаратты өңдеу. Терілген терімдер мен өңделген бейне сурет өнімдерін біріктіріп, оның негізгі және қосымша элементтерін пішімдері бірдей, түпнұсқаға сәйкес, беттерді кұрастырып орналастыруды беттеу дейміз. Құрастыру элементтерінің сипатына, олардың мағыналық және логикалық атқаратын міндетіне қарай, беттеудің кітаптық, газеттік және журналдық түрлері болады.

Кітап беттерін беттестіруде барлық түпнұсқаны көрсетілген мәтіндер мен бейнелер, олардың қаріптері белгілі бағдарлама бойынша реттестіріледі. Мұндай бағдарламалар бейнелерді өңдеу мүмкіндіктерін ұсынбайды, өйткені бұл бағдарламаның басты міндеті құрастырылатын беттерді шығарылуға даярлығын қамтамасыз ету болып табылады. (Quazk ХРгеss және Аdоbе РаgeМакеr). Екі бағдарлама да, іс жүзінде, беттестірудің кез-келген дизайнын жасау мүмкіндігіне ие. Екі бағдарлама да, дұрыс шығару үшін қаріптердің гарнитурасын бағдарламалар ТIҒҒ, ЕРS және JРЕG пішінді файлдарды шығарады. Басқа бағдарламалар секілді, олар барлық RGВ, SМҮК, НSВ, Pantone Matching System т.б. түс жүйелерімен жұмыс істейді. Xtensions Quark Xpress бағдарламасымен қамтамасыз етілген бірегей функция болып табылады. Олар қосымшаларға арнайы функциялар қосып беріп отыр. Жалпы алғанда, пайдаланушы жұмысты беттерін жиыстырып құрастырудан және беттестіруді қажетті көлемі мен пішінін белгілеуден бастайды. Ерекшемелер баспа машиналарының сипаттамалары мен осы баспахананың басылым машиналары мен баспа-таңбаларын бүктеу (фальцовка) мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. Басқа маңызды конфигурациялар түптеу-брошюралау процесіне байланысты. Мұндай сипаттамалардың мысалдары беттестірудің арақашықтықтары, жиектер мен әдіптер бола алады. Соңғы сатыда фотоқалыптар, басылым қалыптары іске асырылады немесе кейбір сандық басу машиналарындағыдай, шығару тікелей баспа машинасының қалыптық цилиндірінде жасалынады.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) — аппараттық бағдарламалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құралдар кешені. Оған, міндетті түрде, енгізілуші ақпаратты бейнелейтін бейнетерминалдық кұрылғысы және принтер түріндегі шығарушы құрылғысы бар жеке компьютері енеді. Бұған аталған бейнелерді өңдеуге арналған құралдардан басқа, сканер де енуі тиіс.

Атқаратын қызметіне байланысты, АЖО құрылғылары енгізу құрылғыларына (клавиатура, сканер, дисководтар, желі), ақпаратты сақтау кұрылғыларына (қатты, икемді және оптикалық дискілер, өңдеу құрылғыларына (микропроцессор), шығару құрылғыларына (монитор, принтер, дисководтар) бөлінеді.

АЖО жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (Soft Ware) кешені қажет. Атқаратын қызметіне қарай, АЖО жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдыкталуы тиіс. Теру бейнелерді өңдеу және беттеу үшін, тиісті мәтіндік редакторлар, графикалық бағдарламалар және беттеу жүйелері керек.

Атқаратын қызметтеріне байланысты АЖО техникалық құралдарына қойылатын негізгі талаптар - олардың қуаты, сиымдылық көлемі (память), жүйелердің тез жұмыс істеуі, монитор, принтер мен сканердің сипаттамалары.

Бірнеше компьютерді өзара біріктіру үшін жеке есептеу желі пайдаланылады. Желілерді қолдану деректер алмасу үшін желіге қатысушының кез-келгенімен тез байланысуға, ресурстарды (мысалы, қуатты шығарушы құрылғыны) бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді.

Желілер негізгі екі типті болады: серверлі және бірнеше бірдей компьютер бір бағдарламамен жабдықталатын тең құқықты желі.

Сервер — жұмысқа қажетті бағдарламалар кешені жазылған және қуатты принтер қосылған желіге қызмет ететін компьютер. Әдетте, серверде шеткі компьютерлердегі барлық ақпараттар сақталады. Осыған байланысты, серверде қатты дискілер мен жедел сиымдылық көп көлемді процессор жиілігінің үлкен ырғағы болуы керек.

Беттерді жиыстырып құрастыру - терілген терімдерді, фотосуреттерді және графикалық бейнелерді белгіленген үлгі бойынша, оның ашық жерлері мен беттерді рет-ретімен орналастырып фотоқалып жасау технологиялық процесі. Беттерді жиыстырудың негізгі мақсаты, баспа табақ қағаз, басылым машинасынан басылып шыққаннан кейін, ол қағаз бүктеліп, оның реттік саны, яғни беттері бірінен соң бірі орналасуы қажет.

Егер беттерді орналастыра түсіру компьютерде орындалмаса, онда беттер фототерімде шығарылады. Қазіргі фототерім автоматтарының негізгі сипаттамалары мына төмендегідей болады: механизімнің түрі, сәулелену, нүктенің көлемі, аппараттық мүмкіншілігі мен линиатурасы, жарықтаудың жылдамдығы, пайдаланушы материалдардың ені. Бұлардың араларында ең жетілгендері, сандық қаріп тасушылары бар лазерлік фототерім автоматтары болып табылады.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 424 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру.| Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)