Читайте также:
|
|
Басылым машиналарының құрылымы мен технологиялық мүмкіндіктері түрлі басылым әдістеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Бұл ең алдымен басылым өнімдерінің көлемі, таралымы, өлшемі, бояулығы, шығару мерзімдері және басқада көрсеткіштеріне байланысты.
Сол себепті басылымның нақтылы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын басылым машиналарын олардың барлық өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және басылым өнімдерінің жоғары сапасын алу тұрғысынан таңдайды.
Басылым машиналарын маңызды көрсеткіштерге қарай жіктейді:
— басылым әдісіне қарай: шығыңқы, жазық және ойыңқы басылымның формаларының сипатына қарай;
— басылым аппараттарының формалық және қысатын беттерінің геометриясына қарай машиналар екі жақ бетті жазық тигельдік;
— жазық басылым қалыбы мен цилиндрлік қысатын бетті және ротациялды — екі цилиндірлік бетті болып бөлінеді.
Тигельді және жазық басылым машиналарында қалып талерге орналасады, ротациялықта басылым цилиндрі құрайды.
Бейнені басылым формасынан басылатын материалға көшіретін аралық (офсеттік) цилиндрдің бар жағына қарай офсеттік және тік басылым машиналарға бөлінеді.
Берілген басылатын материалдың түріне қарай машиналар табақтық және рулондық болып бөлінеді: табақтық машиналарда кез келген типтегі басылым аппараттарды қолданылса рулондық – ротациялық қолданылады.
— пішімдеріне байланысты шартты түрде басылым машиналары кіші (54х 75см), орташа (70х92см) және (84х108см және одан жоғары) пішімдерге жіктеледі.
— Бір айналымда басылып шығарылатын жақтардың санына қарай машиналар бір және екі жақты болып бөлінеді;
— Бір айналымда жағылатын бояу таңбаның санына қарай бір, екі және көп бояулы машиналар болады.
— Парақтарды беру және жинаудың автоматтандырылу дәрежесіне қарай парақтық машиналар, машина-автоматтар және жартылай автоматты болады. Рулондық машиналардың барлығы автоматтар. Ақырында басылым машиналары әртүрлі өнімдерді басуға мүмкіндік беретін әмбебап және өнімнің арнайы түріне мамандандырылған (мысалы газеттік машиналар, кітап журналдық т.б.) болып келуі мүмкін
Әрбір басылым машиналар белгілі бір технологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Онда белгілі сападағы тиісті басылымды басу мүмкіндігі жұмыскерлердің машинамен жұмыс істеудің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі, оның барлық механизмдерінің жоғарғы өнімділігі мен ұзақ пайдалануға төзімділігі пайдаланудың шығынының аздығы (электр энергиясының шығынының аздығы мен қызмет көрсететін штаттағы персоналдық ең аз саны) машина құнының мүмкіндігінше арзандығы. Бұл талаптар машиналарды жобалау мен дайындау кезінде реттелінеді.
Басылым машинасының өнімділігін оның маңызды сипаттамасын уақыт бірлігінде алынған баспа табақ – таңбамен белгіленді. Ол машинаның түрі мен конструкциясына, түсі мен өлшеміне, басылым өнімінің күрделілігі мен тарамына, уақыт мөлшері мен дайындау – аяқтау операциаларына байланысты. Машинаны шығаратын зауыттар паспорттық мәліметтерде әдетте машинаның жұмысының максималды техникалық жылдамдығын көрсетеді, ал машинаның тоқтаусыз жұмыс істегендегі сағат ішінде жасайтын айналымның санын (айн/с) көрсетеді.
Машинаның жұмыс істеу жылдамдығының ең төмені (4-5мың айн/с) тигельдік және жазық басылым машиналарда, үлкен (10-15мың айн/с) ротациялық табақтық машиналарда, жылдамдықтары ең жоғарғысы (40-50мың айн/с) ротациялық рулондық машиналарда. Басу жылдамдығы яғни табақ пен төсеніштің басылым формасы мен (немесе рәзіңкематалы пластинамен) байланысқа түседі қозғалу жылдамдығы 2,5-3 тен 10-14м/с дейін болуы мүмкін.
Жазық офсеттік басылым машиналары – ротациялық типтегі жоғарғы өнімділікті автоматтар түрінде құрылады. Коптеген тораптарының конструкциясы (қағазберетін, қабылдау-шығару бояу аппараттары т.б.) бойынша олар жоғарғы басылымның ротациялық машиналарына ұқсас.
Офсеттік машиналардың негізгі ерекшеліктері — офсеттік беретін цилиндр мен ылғалдағыш аппаратың болуында.
Полиграфия өндірісінде жазық офсеттік басылымның, қарқында дамуына байланысты әртүрлі. Офсеттік басылым машиналарын пайдаланады, олардың бір – бірлерінен өзгешеліктері құрылымдық ерекшеліктерінде, технологиялық мүмкіншіліктерінде, автоматтандырылу дәрежесі мен басқада көрсеткіштерінде.
Офсеттік машиналарды әртүрлі белгілері бойынша: пайдаланатын басылым материалдары бір жақты немесе бір уақытта екі жақты басу мүмкіндіктеріне, бояулығына, басылым акцияларының құрылысына, қызметі мен өлшеміне байланысты жіктеуге болады.
Әмбебап машиналардан өзгешілігі мамадандырылған машиналар белгілі бір: кітап – журнал, газет, табақ металда басу үшін т.б. өнімдерді басу үшін арналған. Офсеттік машиналардың өлшемдері әртурлі болуы мүмкін 21х30см ден 100х140см және одан да үлкен. Жылдамдығы ең жоғарғылары рулондық газеттік машиналар (30-35мың айн/сағ) ең төмені – 7мың айн/сағ, бір бояулы ірі өлшемді және табақтық көп бояулы шағын өлшемді және табақтық көп бояулы ірі өлшемді 13-мың айн/сағ дейін.
9-сурет. Бір бояулы табақтық машина сұлбасы
1- таза парақтар; 2- басу аппараты; 3- бояу аппараты; 4-ылғалдандыру аппараты; 5- қағаз шығару аппараты; 6-таңба басылған табақтар; 7- басу машинасының корпусы.
Табақтық екі және көп бояулы машиналар ең алдымен парақтық көп бояулы өнімдерді шығаруға арналған: этикеткалар, ашық хаттар плакаттар географиялық карталар, көрнекі құралдар т.б. Сонымен бірге мұндай типті машиналар кітап-журнал өнімдерін басуға да арналған. Бұл машиналар үш цилиндрлік (секция) немесе планетарлық бес цилиндрлік, не планеталық тығыз цилиндрлік құрылымдағы бірнеше секцияларды біріктіреді.
Көп бояулы басылым машиналарында секциялы құрылым кеңінен қолданылады, оларды әлемге әйгілі КВА, Heidelberg, Adast, Hamada т.б. жетекші фирмалар басылымның құрал жабдықтарында шығарады.
Бес цилиндрлі схема бойынша агрегаттық жолмен екі бес цилиндрлік секцияны біріктіріп, төртбояулы машиналарды да жасап шығаруға болады. Секциялық машинадағылардай, парақ бір секциядан екіншісіне беріліп отырылады.
Төрт бояулы машиналар планетарлық тоғыз цилиндрлі құрылымды да шығарады. Үлкен диаметрлі бір цилиндрдің айналымына диаметрлі бірдей ылғалдағыш және бояу аппараттары бар төрт офсеттік және төрт қалыптық цилиндр орналастырылады. Әрбір парақ осы цилиндр бір айналып шыққанда офсеттік цилиндрден бірінен соң бірінің үстіне төрт бояулы бейне алынады. Бояу кезінде парақты аралық берудің жоқтығы бояулардың баспа-таңбада өте анық және қанық шығуын қамтамасыз етеді. Бірақ секциялық құрылымдағы машиналармен салыстырғанда мұндай машиналарды пайдалану қолайсыздау.
Жаңашыл көп бояулы табақтық машиналар әр түрлі бақылау-реттеу және бақылау қондырғылармен, жүйелермен жабдықталған, олар басуға дайындық уақытын қысқартуды және таралымды басудың белгіленген оңтайлы режимін, сонымен бірге, баспа-таңбалардың қажетті саласын да қамтамасыз етеді.
Екі жақты табақтық офсеттік машиналар мәтіндік және мәтіндік-бейнелік басылымдарды аз таралыммен басып шығару үшін қолданылады. Бұл машиналар секциялық та (үш цилиндрлік), төрт цилиндрлік сұлбамен де жасалынады.
П-басылым цилиндрі
О-офсетті цилиндр
Ф-қалыптық цилиндр
У-ылғалдағыш аппарат
К-бояу аппараты
Б-қағаз
10-сурет. Екі немесе көп секциялы жазық офсетті басылымның құрылым сұлбасы
Рулонды офсеттік машиналар. Рулондық офсеттік машиналарының табақтық баспа машиналарымен салыстырғанда, негізгі артықшылықтары мынандай: басу жылдамдығының жоғарылығында, құрылымның қарапайымдылығы, бір айналым кезінде қағаздың екі жағында да көп бояулы басылым мүмкіндігі мен басудан басқа да жұмыстарда (мысалы: бүктеу, басылымды жинақтау т.б.) іске асыра алатындығында болып табылады.
Бірақ басу процесінің көрсеткіштерін жеткілікті мөлшерде дәл реттеуді қамтамасыз ететін қондырғылардың бар екендігіне қарамастан, рулондық машиналарда көп бояулы сапалы өнімді барлық уақытта алу мүмкін емес. Оның себебі, ең алдымен, аса жоғарғы жылдамдықпен басу кезіндегі қағаздың тартылу ауытқуы мен қағаздың деформациялануы болып табылады. Оның үстіне, әрбір рулондық машина өлшемдерінің бір-біріне жақындауы екі басылымды басуға арналған, өйткені өлшемді тек қағаз рулонының ені бойынша ғана өзгертуге болады. Қағаздың техникалық қалдықтарға шығыны да көп (10% дейін).
Рулонды машиналарды қолдану аясы да кеңеюде, олар бір және көп бояулы бейнелі кітап-журнал басылымдарын, бәрінен бұрын, әр түрлі газеттерді орташа және көп таралымнан басып шығару үшін қолдануда. Рулондық машиналардың құрылымына және қызметіне қарай, оларда басылған өлшемдер бүктелген, тігілген немесе жеке парақ ретінде, кей жағдайларда тарқатылған қағаз, басқа рулонға қайта оралады.
11-сурет. Планетарлы тоғыз цилиндрлі басылым секциялы рулондық офсеттік машинаның сұлбасы
Рулондық машиналардың басылым аппараты әр түрлі сұлба бойынша құрылады: үш цилиндрлік, төрт цилиндрлік, планетарлық және аралас. Рулоннан тарқатылған қағаз екі бетінен басылады. Басылып шыққан өнім бүктеу аппаратының шұңғымасында ұзындық бағытында бүктеледі де, олардан кітап немесе журнал дәптерлері құрастырылып, қабылдау қондырғысына шығарылады. Мұндай құрылыстағы машиналар қажетті секциялардың қаншасынан болса да құрастырыла алады, бірақ, көбінесе олар екі-сегіз бөліктен тұрады. Көп бояулы машинаның әрбір бөлігінің арасына бұрылатын штангалар қоюға болады, олар қағаздың екі жағында да баспа-таңбалардың бояуларын кең көлемде өзгерте алады.
Төрт цилиндрлі сұлба боынша шығарылған машиналар құрылымдары жағынан шағын және үнемді. Олардың қағаз тарқатылуының жетегі қысқарақ, әрі қарапайым және көп бояулы басылым кезінде бояулардың дәл сәйкестенуін қамтамасыз етеді. Мұндай машиналар кітап-журнал және газет басуда кеңінен қолданылады.
Планетарлық құрылыстағы машиналар бесцилиндрлі көп бояулы немесе тоғыз цилиндрлі төрт бояулы секциялардан тұрады. Соңғы жағдайда машиналар қағаз төсемінің екі жағынан берілетін бояулардың саны жағынан онша қолайлы емес, бірақ бояуларды сәйкестендірудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыз етеді және көп таралымды бояулығы 4+4 басылымдарды басып шығару үшін қолданылады.
Көп секциялы рулондық агрегаттардың технологиялық мүмкіндіктері аса үлкен рулон қағаздарын баса алады. Мұндай рулон қағаздардың бетіндегі бояу санын өзгертіп, олардың жинақталған, сыммен тігілген, көлемі әр түрлі басылымдарын алуға болады. Мұндай агрегаттар қажетті қондырғылармен: баспа-таңбаларды құрғату, бояудың былғануының алдын алу, қағаз рулондарын машина жүріп тұрғанда автоматты ауыстыру, резеңке маталы гильзаларды жуу, қағаз таспасын шаңнан тазалау, қағазда статистикалық электр зарядтарын болдырмау т.б. машинаны даярлау процесін жылдамдататын және басылым процесінің көптеген параметрлеріне автоматты қолдану және басқа да құралдармен жабдықталған.
Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)
Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])
Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 699 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бақылау сұрақтары | | | Бақылау сұрақтары |