Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау

Читайте также:
  1. Дәріс сабақтарының курсы
  2. Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.
  3. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  4. Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.
  5. Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.
  6. Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері.
  7. Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері

Негізгі басу тәсілдері (жазық офсеттік, шығыңқы флексографиялық және ойыңқы) үшін мәтіндік және бейнелеу ақпаратының фотоқалыптарын даярлауды бірнеше белгілеріне қарап жіктейді:

- өнімнің түрлі-түсті бояумен басылуы;

- ақпараттың белгілік табиғатына қарай;

- басу тәсілінің түріне қарай;

- ақпаратты жазу әдісі бойынша.

Фотоформалар даярлау және оған дейінгі жұмыстарды мәтіндік және бейнелеу ақпараттарын өңдеу деп атайды. Мәтіндік ақпаратты өңдеу — бұл корректуралауды, мәтінді редакциялауды, теруді, оны беттеуді, баспалық мәтіндік түпнұсқаларды даярлауды, фотоқалыптарды (ақпаратты жазу және фотосуреттерді өңдеу) біріктіретін жұмыстардың кешені. Бейнелеу ақпаратын өңдеу жұмыстарының екі тобын: полиграфиялық ұдайы өндіріс мақсатында бейнелерді өзгерту және фотоқалыптарды даярлауды біріктіреді. Бірінші топқа бейнелеу түпнұсқаларының сипатына қарай әр түрлі жұмыстар, олардың ішінде бейненің өлшемін реттеу (масштаб) мен растрлау, түстерін бөлу, үдеме (бірден бірге сатыланушылық) және түс бөлушілік түзетулер жатады.

Фотоформа - ақпараттың мөлдір негіздегі фотосуреттік бейнесі. Мұнда оны алдағы уақытта материалға көшіруге қажетті технологиялық өзгертулер болады.

Фотоформалар, олардың құрылымы мен түрлері, басу тәсіліне қарай штрихтық, жартылай реңдік және растрлық болып бөлінеді.

Реңдік фотоформалар - ойынқы басылымның басу қалыптарын жасап шығару үшін қолданылады. Реңдік фотоқалып үздіксіз өзгеріп тұратын оптикалық тығыздығымен немесе тіпті болмағанда, оның бірнеше деңгейінің (екіден көп емес) бар екендігімен сипатталынады. Бейнелердің әртүрлі топтарының қараю (қалыңдану) дәрежесі (D) әртүрлі болады. Реңдердің ұдайы өндіріс сипаты, негізінен, түпнұсқаның сипатына тәуелді. Фотоқалыптағы жарықтар және көлеңкелер деп аталатын бөліктері олардың оптикалық тығыздықтарына тәуелсіз, түпнұсқаның жарық және көлеңке бөліктеріне сәйкес келеді.

Штрихтық фотоқалыптар офсеттік, шығыңқы және ойыңқы басылым қалыптарын даярлау үшін қолданылады, ал растрлық фотоқалыптар жазық және шығыңқы басылым қалыптарын даярлау үшін қолданылады. Растрлық қалыптарды даярлау реңдік түпнұсқадан іске асырылады.

Басылым қалыбын даярлаудың нақтылы технологиялық сұлбасына және қолданылған жабдықтарға қарай, фотоқалыптар түпнұсқаға қарағанда әртүрлі кереғарлы бейне болу да мүмкін.

Негатив — суретке түсіру нәтижесінде жарықсезгіш қабаты бар мөлдір пленканың бетінде алынған кері бейне.

Диапозитив — кез-келген тыным нысанды суретке түсіріп, жарықсезгіш қабаты бар мөлдір пленкаға немесе шыныға шығарылған бейне. Егер бейне мөлдір емес (мысалы фото қағазға) шығарылса, оны позитив деп атайды.

Пішімді бір мезгілде өңдеу жүйелерінде негатив - алғашқы, әдетте аралық бейне. Диапозитив - екінші және кейбір жағдайларда, ол да - аралық бейне. Бұл жүйелерде фотоқалыптар даярлау процесінде көптеген аралық бейнелер болуы мүмкін. Негативтік фотоқалыпты барлық технологиялық өзгертулерді орындаған жағдайда бір сатыда алуға болады. Біртіндеп элементтер бойынша өңдеу жүйелері үшін негативтік немесе диапозитивтік фотоқалып – бұл, әдетте, жүйеде бейнені өңдегенде алынатын бірден-бір бейне.

Қолданылатын басылым тәсіліне қарай, фотоформалар түпнұсқаның бейнелеуіне байланысты тікелей және кері бейнелеу арқылы алынады. Басылымның барлық тәсілдерінде де, негативтік фотоқалып тікелей бейнеленген болуы керек. Кері негативтік фотоқалыптар офсеттік басылым қалыптарын негативтік көшіру тәсілімен шығару үшін қолданылады. Жазық офсеттік басылым қалыптарды ойыңкы басылым үшін позитивтік көшірме тәсілімен даярлауға қажетті диапозитивтік қалыптардың кері бейнелігі болады.

Фотоқалыптарды жинақтап құрастыру — кітап беттерін үлгі бойынша мөлдір пленкаларды жинақтап, орын-орнына орналастырып фотоқалыптың негізіне (төсенішіне) жапсырып бекіту.

Жинақтаудың бірнеше тәсілі бар:

- жинақтау столдарын қолдану;

- толассыз әдіспен қаріптерді пайдаланып ретке келтіру;

- электрондық тәсілмен жинақтап реттеу.

Фотоқалыптарды жинақтау столын пайдаланып, жинақтап құрастыру жұмыстары екіге бөлінеді:

а) жинақтау парағын сызу (жинақтау баспа табаққа дәл келетін қағазды үлгіге сәйкес етіп сызу, орталық сызықты сызу, бейнелердің араларын белгілеу, негативтер немесе диапозитивтер үшін белгілер салу);

б) фотоқалыпты мөлдір негізге (төсенішке) орналастыру үшін, құрастыру столының бетіне арнайы дайындалған парақты орналастырып, оның бетіне негативтер мен позитивтерді беттестіріп, оларды жабысқақ таспа немесе арнайы желіммен жапсырады.

Бетттерді жиыстырып құрастыру (спуск полос) — өнім басылып, бүктеліп және жинақталғаннан кейін, оның реттік беттерінің дұрыс орналасуының қамтамасыз етілуі, жасалған сұлбалар арқылы жасалынады, яғни басылымның пішімі, дәптерлердің бүктеу нұсқалары, басылымды жинақтау түріне және басқа да жағдайларда сәйкес алдын ала белгіленеді.

Беттерді орналастыру (раскладка) — басылым құрылымының ерекшелігіне байланысты белгіленген безендіру амалына сәйкесті орын-орнына орналастырылған беттерде қалдыруға тиісті ашық шеттердің мөлшерлерін айқындау. Диапозитивтерді жинақтау әдетте, офсеттік басылым қалыптарын даярлау үшін, ал негативтерді жинақтау, шығыңқы басылым даярлау үшін қолданылады. Офсеттік басылымда бірнеше бояулық жұмыстарды жинақтауды даярлау процесінің шығыңқы басылыммен салыстырғанда бірсыпыра мынадай ерекшеліктері бар:

- жинақтауда бейненің кері бетті болуы керек;

- көпбояулы жұмыстарда даярланатын жинақтаулардың саны пайдаланушы баспа бояуларының санына сәйкес болуы керек.

Көпбояулы басылыста фотоформаның бірнешеуі жинақталады (әрбір бояу үшін). Бірінші болып, бейнелеу элементтері көпбояу мен контурлық бояу үшін жинақтау жасалынады. Дайындалынған жинақтарда пішімдік таңбалар - бүгу үшін белгілер мен қалыптау және бояу процестерін бақылау үшін - межелік өлшеу аспаптары орнатылады. Алынған жинақтаудың сапасы қатаң тексеріледі. Ол үшін жинақтаудан сәулелі көшірме алып, оны түзетуге береді.

Қажет болса, жинаққа түзету енгізіледі. Таралымды басу барысында бояуларды сәйкестендіру үшін, ұзына бойына қаріпті реттеу жүйесін қолданылады. Ол арнайы станокта жинақтау негізінде қалыптық пластинада және фотопленкада саңлаулар жасау процесіне келіп тіреледі. Газеттік басылымдар үшін фотоформалар даярлау кезінде жинақтау негізінің бір табағында газеттің пішімі мен басылым қалыбына қарай, 2 немесе 4 терілген, беттелген беттер орналастырылады. Мұндайда, көбінесе жинақтау жұмыстары терілген терімдерді беттеумен қоса аткарады. Қолмен жинақтаудың қиындығына байланысты, қазіргі кезде электрондық жинақтау жиірек қолданыла бастады.

Офсетті басу формасын даярлау технологиясы. Фотомеханикалық тәсіл. Офсеттік басу формаларын жасаудың фотомеханикалық тәсілі формалық пластинаға жарықсезгіш қабатты (көшірме қабатты) түсірумен сипатталады. Көшірме қабатына түйіспелі көшірмелеу әдісімен негатив түйіспелі немесе диапозитив қабаттарын салады да өңдейді. Өңдеу нәтижесінде ол қабатта форманың басу және ашық жол элементтері пайда болады. Көшірмелеу тәсіліне қарай (негатив немесе диапозитив) басу элементтері қатайған коллоид қабаттарында немесе лактық пленкада пайда болады. Лактык пленка формалық пластинаға арнайы салады. Жедел полиграфияда көбінесе негативті көшірмелеу қолданылады.

Негативті тәсілде бейне-кескін коллоидтық хромдалған қабатына негатив арқылы көшіріледі. Мұнда ашық бөлімшелер форманың басу элементтеріне сәйкес келеді. Жарық негативтің ашық жерлерінен өтіп, жарықсезгіш коллоидты қатайтады де, сол жерден басу элементтерін түзейді. Қатайған жерлер суда ерімейді. Қатаю дәрежесі жарық қарқындылығына байланысты, коллоид қасиетіне, қабат қалыңдығына, жарықтану ұзақтылығына және т.б. факторға байланысты. Осы таңда перспективті материалдар (жарықсезгіш ортахинондиазид қабаттар мен диазошайырлар) пайдалануда.

Басу формасын негатив тәсілімен жасау технологиясын қадағаласа, сапасы жақсы, 3 мыңнан аса таралымға төзетін форма алуға болады.

Электрографикалық тәсіл. Офсеттік басу формасын жасауда электрография кеңінен қолданыс тапқан, әсіресе жедел полиграфияда қарапайым әрі форманы тез жасауға мүмкіндік береді. Электрографиялық тәсілмен форма жасау уақыты небәрі 5-ақ минут. Бұл кезде мынаны ескерген жөн. Форма жасаудың бұл тәсілін штрихтық түпнұсқадан ғана форма жасауға қолданады. Жартылай реңдік түпнұсқадан сапасы жоғары басу формасын жасауға болмайды. Электрография жоғары омдық жартылай өткізгіштердің (селен, кадмий және т.б.) жарық әсерінен өзінің электрөткізгіштігін лезде өсіруіне негізделген. Электрографияда ең көп таралғаны, қолданыс тапқаны селен. Ол фотожартылай өткізгіш қабат ретінде жазық және ротациялық типтегі аппараттарда пайдаланылады. Басу формалары әдетте жазықтық типтегі электрографиялық аппараттарда (ЭРА-М, ЭГП2-РМ2) жасалынады.

Формалық материал ретінде түйіршіктелген алюминий фольгасы немесе гидрофилді қабаты бар қағаз пластиналар пайдаланады.

Жазық офсеттік басу формасын форматтық жазумен тікелей фотография және электрографиялық тәсілмен жасау. Басу формасын тікелей фотографиялаумен жасаудың технологиялық процесі мына операциялардан тұрады: 1) проекциялық экспозициялау (РОМ формалық пластинаға фотографиялау); 2) Формалық пластинаны физика-химиялық өңдеу (айқындау «стоп-ванна», бекіту, жуу).

Басу формаларын жасаудың бұл тәсілінің ерекшелігі сол – ақпаратты бірден формалық пластинаға жазу. Фотоформа жасау кезеңі орындалмайды. РОМ ретінде қағаз жолақтық түпнұсқа-макет пайдаланылады. Онда мәтіндік, штрихтық және растрлық бейне-кескін болады. Технологияны әртүрлі типтегі формалық пластиналарды пайдалануға негізделген: жоғарысезгіштікті ЖС, оның жарықсезгіштігі техникалық фотопленканың жарықсезгіштігімен бірдей (ЖС күміс галогенидінен тұрады); күмістен тұратын фотоқабылдауыш қабат.

Осы тәсіл арқылы алынған басу формаларының максимал линиатурасы 80 сызық/см. Аз таралымды жасауға бұл технология тиімсіз, өйткені қымбат тұратын асыл металл (күміс) пайдаланады.

Электрфотография – электрлік қасиеттері жарық сәулесінің жұтылу мөлшеріне байланысты көшірмелеу қабатының электрлік қасиеті өзгеріп тұратын арнайы қабаттар көмегімен мәтін және бейне ақпаратын алу процесі. Жарықсезгіш қабат ретінде органикалық емес немесе органикалық фотожартылай өткізгіштер қолданылады. Ол заттардың қараңғыда диэлектрлік қасиеттері жақсы. Кейбір ток көзімен оларды электрлендіру кезінде алған зарядты бірнеше уақыт ұстап тұрады, бірақ жарық әсерінен жарық ағынының қарқындылығына тура пропорционал деполяризацияланады.

Форматтық жазумен фотоформалардан көшірмелеу арқылы жазық офсеттік басу формаларын жасау. Басу формаларын жасау процесінің бұл тәсілінде белгілі бір қасиеттері бар аралық фотоформалар пайдаланады. Сол формалардың негізі мөлдір, оған басылым жолақтары орналасады.

ЭЕМ көмегімен жолақтарды алу бірден компьютерде жүргізіледі, одан кейін ФШҚ көмегімен пленкаға (фотоформаға) шығарылады. Егер әрбір жолақ үшін жеке фотоформа жасалынса, онда одан кейін оның монтажын жасау керек (дайын фотоформа басылымның парақ бөлшегіне сәйкес келу керек).

Негативтік көшірмелеу көмегімен жазық офсеттік басу формаларын жасау кезінде фотоформа пластиналар ретінде монометалдық (алюминийлік) пластиналар пайдаланылады, олардың бетіне ФПК негізінде КС жағылады;

Басу формасын жасау процесі мына кезеңдерден тұрады:

1) Негатив арқылы экспозициялау. Оның нәтижесінде мөлдір бөлімшелер арқылы жарық болашақ басу элементтеріндегі ЖС-тің барлық қалыңдық бойы қатаю (фотополимеризация) тудырады;

2) Көшірмелерді айқындау (ПВС негізіндегі қабаттар үшін айқындауыш су болса, ал ОНХД негізіндегі қабаттар үшін – сілтілік орта илемденетін айқындауыш);

3) Көшірмелерді соңғы рет өңдеу.

ПВС негізіндегі қабаттар өндірістен алынған, өйткені олардың зиянды қасиеттері бар. Мысалы, қараңғылық илемделуі. Фотополимерлік ЖС негізіндегі пластиналарды шетел фирмалары шығарады, сондықтан олар қымбат.

Монометалдық фомалардан басқа негативтік көшірмелеу арқылы тағы да полиметалл формалар (көбінесе биметалл) жасалынады. Онда басу және ашық жол элементтері әр түрлі металдарда болады. Сол формалары әуелі көп таралымды басып шығаруға арналса, бірақ осы уақытта олар пайдаланылмайды.

Позитивтік көшірмелеу. Бұл тәсіл монометалдық формаларды жасаудың негізгі тәсілі болады. Ол қарапайымдылығымен, аз операциялығымен ерекшеленеді, оңай автоматтандырылады. Таралымы 100-150 мың және одан да көп баспа-таңбалы әртүрлі полиграфиялық өнімді басу үшін технологиялық қасиеттері жоғары формаларды алуға мүмкіндік береді.

Монометалдық басу формаларын жасаудың процесі үшін бетіне ОНХД негізіндегі жарықсезгіш қабат жағылған түйіршіктелген алюминий пластиналары пайдаланылады.

Монометалдық формалардың таралымға тұрақтылығын көтеру үшін термиялық өңдеу пайдаланады («стоп-ванна»-дан кейін бірден) 3-6 минут уақыт аралығында 180-2000 С температурада термиялық өңдеу жүргізеді.

Позитивтік көшірмелеу арқылы жазық офсеттік басу формаларын жасау кезеңдерінің барлығы автоматтандырылған.

CtP технология. Басу формаларын жасаудың бұл тәсілі лазерлік сәуле әсеріне негізделген. Формалар басу машиналарында бірден жасалынады (Computer-to Plate, Computer to- Press жүйелері).

Лазерлік сәуле әсерлерінің әртүрлі қасиеттері пайдаланады:

- жылулық әсер – басу формасының ашық жол немесе басу элементтерін жұқа пленкаларда күйдіру арқылы немесе термиялық ыдырату арқылы алады;

- формалық материалдың жарықсезгіш қабатына фотохимиялық әсер;

- фотожартылай өткізгіштік қабатқа электрофотографиялық әсер.

Computer-to Plate (компьютер басу формасы, қысқаша CtP) технологиясы дегеніміз бірден компьютерден алынған цифрлық мәліметтер негізінде формада бейне-кескін алу көмегімен басу формаларын жасау тәсілі.

Бұл кезде аралық жартылай өнімдер толығымен пайдаланылмайды: фотоформалар, репродукцияланатын түпнұсқа – макет, монтаждар және т.б.

«Компьютер – басу машинасы» (Computer-to-Press) технологиясы дегеніміз ылғалдандырусыз офсеттік басу. Бұл басу тәсілінің формасын жасау алдыңғы технологияның (Ctp) формасын жасаумен бірдей. Тек қана айырмашылығы мынада. Бейне-кескін арнайы құрылғыға экспозицияланбай, басу машинасының формалық цилиндрінде орнықтырылған формалық пластинаға түсіріледі. Бұл технология электрфотографиялық, магнитфотографиялық және т.с.с. басу құрылғыларында, цилиндрдің әрбір айналымында бейне-кескін пайда болатын құрылғыларда пайдаланады.

Computer-to-Press технологиясы арқылы 1-500 дана таралым жасалынады. Ол технология көп беттілік, персоналдау мүмкіншілігі сипатты (яғни әрбір жаңа баспа-таңбада толық немесе ішінара ақпарат жаңарып отырады. Computer-to Plate технологиясы көмегімен алынатын таралым беттілігі аз өнім үшін 500 данадан көбірек.

CtP технологиясын өндіріске енгізу мынандай артықшылықтарды береді:

1) басу формаларын жасаудың технологиялық цикл уақыты қысқарады;

2) фотоматериалды өңдеу операциялары болмайды;

3) фотоформаны формалық пластиналарға көшірмелеу оерациялары болмайды;

4) экспозицияланған формалық пластиналарды өңдеу операциялары болмайды;

5) төменде келтірілген (сурет 5.) CtP технологиясының артықшылығын дәстүрлік технологиямен салыстырып көрсетеді.

 

Басу формасын фототерілімді пайдалана отырып, жасаудың дәстүрлік технологиялық процесі

5-сурет. Басу формаларын жасау технологиялары

 

6) технологиялық цикл уақытын қысқарту баспагердің басылымға салған инвестициясын тез қайтаруға септігін тигізеді. Жарнамалық материалдарды тезірек шығаруға көмектеседі;

7) Өндірістен фототеру автоматтары, айқындау машиналары, көшірмелеу жабдықтары алынып тасталады, мұның бәрі өндірістік аудандарды үнемдеуге септігін тигізеді, техниканы сатып алып пайдалануға кететін қаражатты үнемдейді, электрэнергия шығынын азайтады, қызмет көрсететін персонал санын азайтады. Аз таралымды басу кезінде пластиналарды тікелей экспозициялау оның аса қымбаттылығына қарамастан дәстүрлі технологияға қарағанда экономикалық жағынан өте тиімді болады, өйткені фотоформалар мен химиялық реактивтер сатып алынбайды;

8) Басу формаларының сапасы жоғарылайды. Экспозициялау кезінде, дәстүрлі фотоматериалдарды өңдеу кезінде (вуаль, ореол) және монтаждарды формалық пластиналарда көшірмелеу кезінде пайда болатын кездейсоқ, жүйелік қателіктер мен бөгеуілдердің болмау салдарынан басу формаларының сапасы жақсарады. Формаларды тікелей экспозициялау кезінде болатын дәлсіздіктер мен қателіктер мүлде толығымен жойылады;

9) Полиграфиялық кәсіпорындарда экологиялық жағдайлар жақсарады. Пленкаларды химиялық өңдеу болмайды; өндіріс мәдениеті жоғарылайды да технологиялық процестерді ұйымдастыру жетілдіріледі.

Лазерлік сәуле көзінің типіне байланысты әртүрлі фирмалар арнайы формалық пластиналарды ұсынады. Оларды фотополимерлік, күмістен тұратын, гибридті қабатпен, термосезгіш қабатты деп бөлуге болады.

Флексографиялық және шығыңқы басулар үшін фотополимерлік формалық пластиналар фотополимерлік композициялардан тұрады. Онда беттің экспозицияланған бөлімшелері технологиялық ерітінділерде еру қабілеттілігін жояды, яғни өңдеу кезінде басу элементтерін түзейді, ал экспозицияланбаған бөлімшелер ерітінділерде жуылып шайылады, олар ашық жол элементтерін түзейді.

Галогенкүміс қабаттардан, қағаздақ, полимерлік немесе металдық астардан тұратын офсеттік басу формалық пластиналарында экспозиция мен химиялық өңдеуден кейін қабат бетінде басу мен ашық жол элементтері пайда болады.

Гибридті формалық пластиналар көп қабатты құрылымнан тұрады: галогенкүміс эмульсиядан, көшірмелеу қабатынан, металдық астардан тұрады.

Басу формасын жасаудың технологиялық процесі экспозициялаудан кейін мына операциялардан тұрады: галогенкүміс эмульсиялық қабатты химия-фотографиялық өңдеуден (оны айқындап бекіту), алынған маска арқылы көшірмелеу қабатын экспозициялау, оны бөліп тастау және көшірмелеу қабатында алынған көшірмені өңдеу.

Тікелей оймалау технологиясы (Laser Engraving Plate). Бұл технологияның негізгі артықшылықтары мынада: дайын флексографиялық форма бір технологиялық кезеңде, бір лазерлік жабдықта алынады. Тікелей оймалау технологиясының мәні – алғашқы материалда (резина немесе арнайы полимерде) лазер сәулесі көмегімен арнайы өңдеу жолымен басу элементтерін түзейді, яғни дайын форма лазерлік өңдеуден бірден алынады. Тарихқа келетін болсақ, полиграфияда лазерді қолдану осы флексографиялық басу формаларын тікелей оймалаудан басталған.

Тікелей оймалаудың лазерлік қондырғыларында көбінесе газдық (СО2), сәулелену спектрі 10,6 мкм лазер пайдаланады. Ол лазер әртүрлі материалды, мәселен әртүрлі құрамды резинаны өңдеуде өте тиімді.

Формалық материалды ашық жол элементтер зоналарынан лазерлік сәуле көмегімен бөліп алынатын болғандықтан, басу формасының қажетті пішінін формалау үшін материалға өте көп энергия беру қажет. Тікелей оймалау арқылы басу формаларын жасау технологиясының сипаттамалары (оның ішінде өнімділігі) осы таңдағы фотополимерлік формалық процестермен ғана салыстырыла алады. Олардың лазерлік құрылғыларында қуатты, қуаты 1 КВт және одан да көп лазерлер қолданылады. Ең көп қолданылатыны СО2 – лазерлер.

Флексография мен шығыңқы басудағы кәдімгі формалық процесс – ұзақ жасалынатын әрі күрделі технологиялық процедура:

- басу формасын жасаудың аналогты тәсілінде пленкаларды (негативтерді) шығару керек:

- фотополимерлік пластинаның кері жағын алдын ала экспозиция жасау керек;

- пластинаны негатив арқылы экспозициялау керек;

- форманың ашық жол элементтерін сәйкес ерітінділерде жуып-шаю керек;

- форманы кептіру керек;

- қосымша экспозициялап, соңғы өңдеу жасау керек.

Бұл кезеңдердің әрқайсысының өзінің технологиялық ерекшеліктері бар.

Computer-to-Plate технологиясы бойынша пластина әуелі кері жағынан алдын ала экспозицияланады да одан кейін лазер көмегімен бейне-кескін пластинаның арнайы маскалық қабатына түсіріледі. Одан кейін кәдімгі өңдеу кезеңдері тізбектеліп өтеді (негізгі экспозиция, ерітінділермен жуып-шаю, кептіру және т.б.).

LEP технолоиясы өңдеудің бір ғана кезеңінен тұрады – басу бедері, лазерлік сәуле көмегімен күйдіріледі, одан кейін форма басуға әзір болады. Тікелей оймалау технологиясының біраз артықшылықтары бар: өңдеу кезеңдерінің саны өте аз, яғни жабдық пен шығындық материалдарға жұмсалатын қаражатқа мұқтаждық болмайды. Технология экология жағынан да қауіпсіз, өйткені жуып-шаюға арналған ерітінді қолданылмайды. Флексографиялық пластиналарды оймалау кезінде дайын басу формасына дейінгі жол дәстүрлі формалық процеспен салыстырғанда жол мейлінше аз шамаға қысқартылған: мәліметтерді компьютерден лазер көмегімен бірден беру мүмкін болатын қателіктерді минимумға келтіреді, ал оймалау кезінде – сәйкестендіру дәлдігін жоғарылатады.

Осы таңдағы полиграфиялық өндіріске бұл технологиялар жетекші орынды әлі ала алмай келеді. Оларды өндіріске енгізуді аса қымбат жабдық пен формалық материалдар (импорттық материалдар) ұстап тұр. Сол тәсілмен алынған баспа-таңбалардың өзіндікқұны 0,32-ден, 1,6$-ға дейін аралықта (қағаз құнын есепке алмағанда).

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 620 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу| Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)