Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары. 1 Басу машинасын таңдағанда қанадй көрсеткіштерге мән береді?

Читайте также:
  1. Бақылау сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1 Басу машинасын таңдағанда қанадй көрсеткіштерге мән береді?

2 Шартты түрде басу машиналарының форматтарын атаңыз.

3 Рулонды басу машиналарының ерекшеліктерін атаңыз.

4 Басылым машинасының өнімділігі немен белгіленеді.

5 Бір бояулы табақтық машина сұлбасы бойынша машина құрылысын әңгімелеп беріңіз.

6 Рулондық машиналардың басылым аппаратының қандай сұлбалар бойнша құралады?

 

 

Дәріс тақырыбы №11. Басудан кейінгі процестер. Табақ өнімдерін өңдеу.

Басудан кейінде қосымша өңдеу мен рәсімдеуді қажет ететін, кітап, журнал, кітапшалар және басқада полиграфиялық өнімдердің соңғы даярлау технологиялық процестері кітапшалау түптеу операциялары.

Кітап-журнал өнімін даярлау басу формасын даярлау, басу және кітапшалау-түптеу технологиялық процестерінен құралады.

Басу формасын даярлау цехінде мәтінді және бейнелік басу формаларын дайындайды, сосын осы формалардан басу цехінде парақты және рулонды басу машиналарында таңба басылады(таралым басылады).

Кітапшалау-түптеу цехінде дәптерлерді кітап немесе кітапшалау блоктарына жинақтап кітап, кітапшалау немесе журнал түрлеріне ие болады.

Табақ өнімдерін өңдеу. Өнімнің түріне және тағайындалуларына қарай өңдеудің көптеген түрлері қолданылады. Тағайындалуы мен әрлеу операцияларының орындалу ерекшеліктеріне қарай оларды негізгі үш топқа бөлуге болады: беті мен екінші жағына жабын жасау, қосымша бейнелер салу, механикалық өңдеу.

Бұл операциялар жеке де, бір-бірлерімен бірге де пайдаланылады. Осы мақсатта кейбір басу машиналары әрлеуші құрал-жабдықтармен жасақталынады. Мысалы, флексографиялық машиналар лактау, пленканы престеу, перфорациялау, шеку, бүгіліміз салу т.б. құрылғылармен жасақталынады.

Өңдеу жапсырма-қаптама өнімдерін, кітап-журнал тыстарын, салынбалар мен жапсырмалар, тыстамалар, сурет репродукцияларын, көркем ашықхаттар, марапаттау қағаздары, маркаларын, жарнама өнімдерін шығаруда жиірек қолданылады. Баспа-таңбалар әртүрлі басылым машиналарында түрліше басу әдістерімен шығарылуы мүмкін.

Лактау – бұл баспа-таңбаға (парақтық жағалауларынан басқа жеріне түгелдей немесе бояулы бейнелі жерлеріне ғана) мөлдір түссіз лакты -ультракүлгін сәулелердің немесе электрлі шоқтарының әсерімен полимерлену реакциясының бастаушысын немесе катализаторын енгізгенде қатқан шайырдың (олигомердің), полимердің сәйкес келетін ұшып кететін ерітіндіде (сұйық олигомердің) ерітіндісін жағу. Лактау кезінде сұйық тұтқырлығы төмен лак баспа-таңба бетінің макрокеуектері мен саңылауларын толтырады, басылған беттің макротегіс еместігін жауып, оның құрғағаннан кейінгі тегістігін арттырады. Құрғақ лак қабатының қалыңдығы жеткілікті мөлшерде болған жағдайда лак пленкасының үстіңгі беті шығыңқы жерлердің ұштарынан жоғарылап, оларды жауып, айнасының бет түрін қабылдай алады.

Лактау технологиясы өте қарапайым: жазық стапельді қағаз бергіштен, лактау және құрғату қүрылғылары мен стапельдік қабылдағыштан тұратын лактау автоматтарында лак параққа біркелкі жұқа қабатпен жағылады да, кептіріледі. Лактау автоматын жұмысқа даярлау цилиндрдегі декельмен офсеттік резіңкематалы пластинаның астына осындай өңделген пластина мен жалпы қалыңдығы 1,7-3,2мм түптеу қатырмадан жасалынған декель астылық түзеткіш бекітіледі. Лакталған баспа-таңбаның өлшемі түзетілгенде мм-ден аз болуы керек.

Салыстырмалы қалың және тегіс, көлемдік массасы 0,90 г/см төмен емес, бетінің қалыңдығы 80г/м кем емес қағаздарға басылған баспа-таңбаларды лактау керек. Екі мәрте лактаған кезде қағаздың көлемдік массасы 0,70г/см кем болмауға тиіс. Лактауға түскен баспа-таңбалар бояу қабаты толық бекітілгенше ұсталып, дақ түсіруге қарсы ұнтақтар мен сұйықтар қолданусыз басылуларын, алдыңғы өңірінде ені 20мм кем емес және түзу шеттері бүлінбеген, басылмаған ашық жиегі болуы керек.

Лактау үшін спиртті, сулы, спиртті-сулы және басқа да ультракүлгін сәулелендірудің әсерінен қатушы лактар қолдануға болады. Сулы және спритті-сулы лактар сирегірек қолданылады. (ПВК4-лагы жапсырма өнімдері үшін, ИЛ-2-ойын карталары үшін), өйткені судың қатысуы лактанған өнімнің жиырылуына, бүрісуіне және суға шыдамсыздығына себеп болуы мүмкін. ЦГФ-595, циклогексано-формальдегид шайырының, канифолдің және поливинилбутиральдің (пластификатор ретіндегі) техникалық этил спиртінің ерітіндісінен тұратын спиртті лак кеңінен қолданыс тапты. Лактың шартты тұткырлығы қағаздың тегістігіне байланысты анықталынады: тегістігі 400-1200 борланған қағаз үшін, ол ВЗ-4 тұтқырлық өлшегіш бойынша 17-25с, ал тегістілігі ЗООс қаптама қағаз үшін 20-30с, тегістігі 80-170с офсеттік қағаз үшін - 25-30с болулары керек. Еріткіштің ұшып кетуіне байланысты лактау тұткырлығы артатын болса, онда лакқа техникалық этил спиртін қосады

Полимерлік пленканы сығымдау - бұл қағаз немесе қатырманы және осы материалдарға баспа-таңбаларды мөлдір түссіз пленкалық материалмен берік біріктіру. Салыстырмалы қалың (17-ден 50мкм) полимерлік жабын баспа-таңбаның тауарлық түрін, бетінің жылтырын, қаныққандығын жақсартып қана қоймай, оның бет жағын ешқандай ылғал өтпейтіндей етіп, иленген материалдың үйкеліске, бүгілу мен жыртылуға шыдамдылығын едәуір арттырады. Осы себептермен алдын-ала жапсырылған полимерлік пленкалы қағаз орташа және көп пайдалану мерзіміне арналған және сыртын әсем әрлеуді қажет етуші басылымдар үшін 2 және 3 түрлердегі тыстамалар мен 5 және 7 түрлердегі мұқаба қаптамаларын шығарарда кеңінен қолданылады. Полимерлік пленканы престеп жапсыру тамақ өнеркәсібінде үлкен қатырма орамаларын шығаруда кеңінен қолданылуда, мұнда полимерлік жабын қатырманың бетіне емес, басылмаған ішкі жағына жапсырылады, өйткені оның негізгі қызметі материалдың су өткізбеуін және ыдыстың оған сұйық азық-түлік өнімін құйғаннан кейін саңылаусыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде пленкалық полимер материалды қағаз немесе қатырмамен біріктірудің үш тәсілін қолданады:

- полимерлік пленканы қағаз немесе қатырмамен, лактар немесе желімдердің көмегімен жапсыру (желімдік тәсіл);

- бір қабатының балқу температурасы екіншісінен әлдеқайда кем қосарланған (қос қабатты) пленканы сығымдау, процестің кезінде екінші қабат жылу желімінің қызметін атқарады (желімсіз тәсіл);

- қағаз немесе қатырмаға полимер ерітіндісін жағу, ол жағу кезінде жылу желімінің, ал суу мен кату кезінде қорғаныс жабылымының қызметін атқарады (экструзиялық тәсіл).

Басылған өнімді металмен өрнектеп, безендіріп өңдеу. Металл жабындыларды алтын және күміске ұқсастырып жасау жапсырмалар, құттықтау, ашықхаттары мен мекен жай, жоғарғы сапалы тауарлардың, қатырма қаптамаларын үлкен сериялық өндіруде, факсимильдік парақтық және кітаптық басылымдарды, ескі иконалар, қолжазба кітаптар т.б. аз және орташа сериялық шығаруда, сонымен бірге көпшілік таралыммен шығатын танымал сериялардың тыстамаларын әрлеу үшін қолданылады. Осы мақсаттар үшін әрлеу деңгейі мен таралымына қарай қоламен зерлеу, металдандырылған бояумен басу, металдандырылған фольгамен өрнектеу, көбінесе, конгрев өрнегімен қолданылады.

Баспа-таңбаны қоламен зерлеу деп, жаңа ғана басылып шыққан баспа-таңбаға қола немесе аллюминийдің жұқа дисперсиялы опасын жағуды айтады. Қоламен желімділігі 1,5±0,25мм және тегістігі 100 с кем емес желімделінген каландрланған және жоғары каландрланған қағазға басылған баспа-таңбаларды зерлеуге болады. Машиналық тегістігі бар қағаз әрлеудің бұл түрі үшін жарамсыз, өйткені опаны кедір-бұдыр қағаздың ашық элементтерінен толық кетіру мүмкін емес. Қоламен зерлеуді бір айналымда, негізгі бейненің бояу пленкасы берік бекітіліп, металл опаны сіңірмейтіндей болғанында ғана іске асырады.

Алтын мен күміске коламен зерлеу алдында тиісті бояу реңі бар баспа-таңба алады: алтынға зерлейтін болса - сары, күміске - көксұр. Бояу тұтқыр, жабысқақ (ағымдылығы 38-40мм, ал жабысқақтығы Зм/см) және тез кебетін болуы керек, ол үшін тиісті рең алынғаннан кейін оған жалпы массасының 14,5% көлеміндегі берік полиграфиялық олифа мен сиккативтік паста енгізеді.

Қоламен зерлеу үшін қола және аллюминий опаларын қолданады. Майда сериялық өндірісте қоламен зерлеуді опаны мақта тампонмен айқастыра жағып, қолмен орындайды. Опаның артығын таза мақта тампонмен сүртіп алып тастайды. Бұл, міндетті түрде, металл опаның ұшатын бөліктері жұмысшының тыныс алу жолдарына түспеуі үшін керудің алдында жасалынады. Жапсырмалар мен қағаз қаптамаларды ірі сериялық өндірісте қоламен зерлеуді үздіксіз ағымды өндіріс жасау үшін басу машиналарына қосалқыландыратын автоматтарда іске асырады.

Металдандырылған бояулармен басудың мәнісі бояйтын заттың тығыздығы байланыстырғыштың тығыздығынан, шамамен, 3 және 9 есе артық болады, осыған байланысты қолдануға даяр бояулар тараныс таппайды, өйткені ыдыстың түбінде тығыз тұнбаның шөгуіне байланысты бояулар тез қатпарланады. Металдандырылған бояуларды құрамында кеппейтін байланыстырғыш көлемі өте төмен қатты пластиналар түрінде шығарады. Қолданар алдында пастаны күшті олифамен сұйылтады, жабысқақтығын арттырып, ағылуын азайту және баспа-таңбаға тез бекіту үшін кобальт сиккатив енгізеді. Қолдану үшін даярланған металдандырылған бояудың қоры өте аз болуы керек, өйткені байланыстырғыштың тез полимерленуі бояудың басылым қасиеттерінің нашарлауына, тіпті бір-екі тәуліктен соң олардың жоғалуына алып келеді.

Өңдеудің механикалық тәсілдері. Парақтық баспа өнімдерін механикалық өңдеу деп, жартылай өнімдерге олардың фактуралары мен конфигурацияларын өзгерту, жыртылуға беріктігін азайту мақсатымен күш қолданып әсер етудің барлық тәсілдерін айтады.

Сапалы материалдарға ерекше өрнек салу (гренирование (торширование)) - бұл жұқа рулондык немесе парақтың материалдың және баспа-таңбалардың фактурасын өзгерту немесе оларға белгілі бедер салу. Ол қағаз бен қатырманың арнайы түрлерін шығарғанда, мәртебелі тауарлардың қаптамаларын өндіруде және сирегірек - жоғарғы сапалы репродукциялар мен ашықхаттар даярлауда қолданылады. Сапалы материалдарға өрнек салу технологиясы көп жағынан конгревтік өрнектеу технологиясына ұқсас, бірақ материалдың немесе баспа-таңбаның бетінің үстінің бедерінің көлемі үлкен емес, әдетте өңделуші материалдың қалыңдығынан кіші болады.

Бүгіліміз салу - бұл жұқа парақ материалға (3мм дейінгі) немесе бүктелінуші дәптерге жартылай өнімнің келесі операцияларда бүгілуін жеңілдету үшін тік ойық-шығыңқы сызықтар жүргізу болып табылады. Бүгіліміз салу қатырма қаптама мен ыдыстарды өндіруде, құттықтау ашықхаттарына, шақыру билеттерін, уақытша өтуге рұқсат қағаздар, ал кітапшалау-түптеу процестерінде - кітап басылымдары үшін тыстама, 6 түрдегі қатырма түптеу қаптарын, түрлшіе құжаттар үшін папкалар т.т. шығарарда қолданылады. Ол материалдың немесе жартылай даяр өнімнің қалыңдығының үлкендігінен, қаттылығынан бүктемені қажетті дәлдік пен сыртқы пішінде алу үшін қажет.

Бүгіліміз 2УПБ-500 типті әмбебап перфорациялау - бүгіліміз салу станоктарында (Харьков БМЗ, Украина) немесе бүктемелеу машиналарының секцияларында салынады. Әмбебап станоктарда бүгіліміз жалпақ етпейтін пышақ және ойығы бар тіреуіш пленкамен, ал бүктеу машиналарында диск аспабы және екі тіреуіш дискімен жасалынады.

Бояусыз өрнектеу - бұл бейнені баспа-таңбалардың (қағаздың) қысым мен қыздырудың әсерінен деформациялануы есебінен алу процесі. Баспа-таңбаны жоғарғы болат білігіне сурет салынған күнтізбе арқылы енгізеді. Суреттің сипатына карай оны алу процесі дәндеу деп аталады, оның себебі баспа-таңбаларында аралары шұңқыр майда дән шашылғандай бет пайда болады. Кітап-журналдардың тыстамалары, өңірбеттер, сурет репродукциялары, жарнама басылымдары дәндендіріледі. Сонымен бірге бейненің кейбір бөлімдері бедерлі немесе конгревтік өрнектелінеді, мысалы, түптің қаптамаларын, ашықхаттарды өңдеу үшін.

Баспа-таңбаларды нөмірлеу - даяр баспа-таңбаларға бірізді қайталанбайтын нөмірлерді басу. Бағалы қағаздарды, жүру билеттерін және басқа ұқсас аналогиялық өнімдерді нөмірлейді. Бұл жұмыс арнайы құрылғылар – нөмірлеушілердің көмегімен орындалады. Олар сандық жол құрайтын 0 ден 9 дейінгі сандардың бедерлі белгілері бар айналмалы дөңгелектер жүйесін құрайды. Әрбір баспа-таңбалардың нөмірі автоматты түрде өзгеріп отырады.

Перфорация - бұл бір сызықтың бойына бір-бірлеріне жақын тізбек болып орналасқан жеке парақтардан тұратын баспа-таңбалардың, қағаздың жұқа тобы мен қатырмаға көлемі онша үлкен емес қуыс сияқты дөңгелек немесе тік бұрышты тесіктер жасау. Қуыс тесіктер түріндегі перфорацияны бүктеме машиналарда және кітап-журнал ротацияларының бүктеуші аппараттарында, бүктеулерінде қабаттаулар мен ұзыны бойында қыртыстарды кетіру, дәптерлерді бүктемелеу мен сығымдау процестерде тұйық қуыстардан ауаның шығуын жеңілдету үшін қуыс тәріздес тесіктер түрінде орындайды. Ол бір жағы немесе екі жағы бірдей жонылған, жону бұрышы 20° және 30° дискілі тісті пышақтармен жасалады. Дискілі тісті пышақтардың толық жиынтығы тереңдіктері 1-ден 48мм, аралықтары 1-ден 5мм дейінгі қуыс тесіктер алуға мүмкіндік береді. Сәндік саңылауларды парақтық өнімнің пішіміне және өндіріс көлеміне қарай қол жетекті 2ГУПБ 500 типті жартылай автомат (Харьков 3ПМ, Украина) үстел үстіне қойылатын перфорациялық станоктарда және АР-600(Ренц машнненбау фирмасының (Германия) немесе ЕхЗ 80/610/700 («Джеймс Берн Интернэшнл» Швеция) автоматтарында іске асырады. Автоматтардың жұмыс жылдамдығы 80 нен 140 цикл/мин.

Ойып тесік жасау (высечка) және өнімнің жиегін керту фигуралы етіп қию - бұл баспа өніміне, қатырма дайындамаларға, тыстамалы кітап басылымдарына олардың құрылымдарына және суретшінің ойына сәйкес күрделі пішін беру. Керту жапсырмалардың, орамдар мен қатырма қораптардың, ойыншықтар, пошта конверттерін, сонымен бірге жарнамалық басылымдар мен баспаның арнайы тапсырыстары бойынша шығарылатын мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып оқушылары үшін басылымдарда міңдетті түрде қолдалынатын операция болып табылады. Күрделі пішіндегі бұйымдар мен басылымдар шығару үшін кертудің үш тәсілі қолданылып, оларда жылжымалы - пышақпен кесу, жылжымайтын фигуралы пышақпен кесу және ротациялық керту принциптері пайдаланылады.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])

Бақылау сұрақтары

1. Тағайындалуы мен әрлеу операцияларының орындалу ерекшеліктеріне қарай парақты өңдеу қандай түрлерге бөлінеді?

2. Баспа-таңбаға лак қалай жағылады?

3. Полимерлік пленканы сығымдау қандай мақсатпен жасалады?

4. Қандай басылған өнімдерді металмен өрнектеп, безендіріп өңдейді және өңдеу тәсілдері қандай?

5. Металдандырылған бояулармен басудың қандай ерекшелігі бар?

6. Сапалы материалдарға ерекше өрнек салу не?

7. Бүгіліміз салу не үшін керек?

8. Бояусыз өрнектеу дегеніміз қандай процесс?

9. Баспа-таңбаларды нөмірлеу қандай мақсатпен басылады?

10. Перфорацияны қалай орындайды?

11. Ойып тесік жасау (высечка) және өнімнің жиегін керту фигуралы етіп қию қандай өнімдерге тиесілі процесс?

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.| Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)