Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері

Читайте также:
  1. Дәріс сабақтарының курсы
  2. Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.
  3. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  4. Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.
  5. Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.
  6. Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері.
  7. Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері

Ойыңқы басылым -оймаланған мыс пластинасынан алғашқы рет болат таңбалар жасалған заманда XV ғасыр басында негізделген көне басылым әдісі болып табылады. Бүгінгі күнде дамыған елдерде ойыңқы басылым, нарықтың 10-15 % құрайды. Баспа өнімдер тенденциясының төмендеуіне қарамастан бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты болып тұр.

Ойыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері төменгі әртүрлі деңгейде орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) элементтері бір жазықтықтың бойында жатады немесе қалыпты цилиндрдің бетінде орналасқан. Ойыңқы басылымда басылым қалыбы цехта цилиндрдің бетінде даярланады. Басу процесінде цилиндрдің төменгі жағы сұйық бояу құйылған ыдыстағы бояуға батып тұрады. Цилиндр айналғанда оның бетіндегі артық бояу арнайы пышақ (ракель) арқылы сыпырылып, сұйық бояулар ыдысқа тамшылап жатады, ал баспа-таңба беретін бояулар (3) ұңғыланған ұяларда қалып, кағазбен беттескенде қағаз бетіне ауысады. Ұңғыланып басылатын элементтер дейгейінің әртүрлі болуына байланысты, қағаз бетінде алынған баспа-таңбаның қалыңдығы да түрліше болады.

 

1. Баспа- таңба беретін элемент

2.Баспа–таңба бермейтін элемент

3. Бояу

 

 

2-сурет. Ойыңқы басылым қалыбының қиындысы мен оның баспа-таңба алу сұлбалық бейнесі

 

Ойыңқы басылым қалыптарын даярлау үшін, сандық (цифровая) жүйелердің жасалуы оны жылтыр көпбояулы журналдарды шығаруда қолдану мүмкіндіктерін нығайтып қана қоймай, сонымен бірге оны өнеркәсіп өнімдерінің басқа да түрлерін шығаруда қолдануға мүмкіндік берді.

Ойыңқы басылымның ерекше қасиеттері — жоғарғы жылдамдық, пішімдерінің үлкендігі және басылатын материалдардың алуан түрлілігі, бояу қабатының әр түрлі деңгейде бере алатындығы, басылым қалыбының көптаралымға шыдамдылығы оның өнеркәсіптің түрлі салалары үшін баспа өнімдерінің көп түрлерін шығарудағы жетекші ролін нығайта түсті. Пленкалардан, қатырма қағаздан жасалынған қаптамалар, линолеумге, фактуралық қағаздарға басу және баспа өнімдерінің басқа да түрлері қазіргі кезде арнайы кәсіпорындарда шығарылып, халық шаруашылығын қажеттіліктерін орындауда.

Шығыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері жоғары, бір жазықтықтың бойында орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) (бояуды қабылдамайтын) элементтері өздерінің аумақтарына сәйкес (әртүрлі көлемде ойынқы) төмен орналасқан. Өнім басу процесінде басылатын элементтер бір жазықтықта орналасқандықтан, бояу (3) іс жүзінде қағаз бетінің кез-келген нүктесінде бірдей қалыңдықта жұғады.

 

1. Бояу қабылдайтын элемент

2. Бояуды қабылдамайтын элемент

3. Бояу

 

 

3-сурет. Шығыңқы басылым қалыбының қиындысы мен оның баспа-таңба алу сұлбалық бейнесі

 

Полиграфия техникасының дамуын басылыстың ежелгі шығыңқы, ойыңқы және жазық басылым әдістерін жетілдірумен қатар, өмірге басу процесінің көптеген жаңа нұсқаларын алып келеді. Олардың кейбіреулері бұрын қолданылып келген әдістердің жетілдірілген және өзгертілген нұсқалары болса, екіншілерінің принциптік ерекшеліктері бар. Өнеркәсіп өнімдерін, атап айтқанда, жапсырғыш орама және қаптама т.б. шығаруда кеңінен қолданылатын флексография мен баспа-таңба салу әдістерін классикалық шығыңқы басылымның жалғасы деуге болады. Басылымның осы түрлерімен қоса қолданылатын лактау, тауарлардың жапсырмаларын, қаптамаларын және жарнамалаудың басқа да түрлерінің сапасын арттыруға, сөйтіп, полиграфияның экономиканың басқа да салаларына тереңінен енуіне мүмкіндік береді. Сандық технологияның тек ақпаратты өңдеуде ғана емес, басылым қалыптарын даярлау мен басу процестерінде кеңінен қолданылуы жазық (офсеттік) басылымды баспа және өнеркәсіп өнімдерін шығаруда жетекшілік шепке шығарды.

Қазіргі полиграфияда офсеттік басылым баспа өндірісін дамытудағы жетекші бағыттардың бірі. Офсеттік басылым баспа өнімдерін (кітаптарды, газет, журналдарды, репродукциялар т.б.) және өнеркәсіп өнімдерін (жапсырмалар, орамалар, қаптамалар) қысқа мерзімде және жоғарғы сапалық деңгейде бейнелеу және түрлі-түсті бояумен кез-келген күрделі өнімдерді басып шығаруға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияны қолданудың арқасында ғана мүмкін болды. Полиграфияның жалпы міндеті кез-келген графикалық бейнелерді көбейтудің дәлдігі мен нақтылығында. Шығарылатын өнімдердің жоғарғы сапалылығын, басу жылдамдығын арттыруды, көрсетілетін қызметтердің шеңберін ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі офсеттік технологиялар, бұл талаптарға толық сәйкес келеді.

Жазық басылымның ерекшеліктері, яғни қалыптарда басылатын (1) және ашық (2) элементтері іс жүзінде бір жазықтықтың бетінде орналасып, өңдеудің нәтижесінде олар әртүрлі: бірінші - олеофильді (майлы бояуды қабылдау), екіншісі - гидрофильді (су немесе ертіндіні қабылдау) сияқты физика-химиялық қасиеттеріне ие болды. Өнім басу процесінде басылым қалыбының бетіне ылғал немесе ертінді (3) (сирек спирт қосылған ертінділер) беріледі, оны тек қана гидрофильді ашық элементтері қабылдайды. Содан кейін қалыпқа майлы бояу (4) жағылады, оны олеофильді баспа-таңба беретін элементтер қабылдайды. Басылатын элементтер (майлы бояулар) және ашық элементтердегі ылғалмен бірге офсеттік цилиндрге беріледі, ал офсеттік цилиндр ылғалды да, бояуды да қағазға береді. Мұнда бояу баспа табақ қағаздың бетіне барлық аумағында бірдей қалыңдықта жұғады, ал ылғал болса кеуіп үлгереді.

1. Олеофильді элемент

2. Гидрофильді элемент

3. Ылғал

4. Майлы бояу

 

4- сурет. Жазық басылым қалыбының қиындысы мен оның баспа-таңба алу сұлбалық бейнесі

Соңғы он жыл ішінде офсеттік басу жабдықтарында өте үлкен өзгерістер болды. Бұл көп бояулы парақты және рулонды басу жабдықтары. Форматтарын, бояулылығын өзгерту, массасы өте жеңіл қағаздан, қалыңдығы 1 мм–ге дейінгі қатырмада басу мүмкіндігі, жоғары өнімділігі, экологиялық қауіпсіздігі және қағаз шығынының салыстырмалы аздығы сияқты артықшылықтары бар.

Қазіргі заман талабыны қарай басылымдардың таралымының азаюына байланысты және офсеттік басу жабдықтарының микропроцессорлық бақылау және реттеу жүйелерімен жабдықталуы және сапасы жоғары, көп бояулы, әр түрлі басу өнімдеріне сұраныс көбеюіне байланысты офсеттік басу әдісі әрі қарай даму үстінде.

2. Офсеттік басу көп ретте қанық емес, бірақ міндетті түрде құрамы желімді, бұдырлы қағазда орындалады. Бетінің сондай кедір - бұдырына қарамастан онда кескіндердің бар бөлшектері, соның ішінде ұсағы да жақсы басылады.

3. Офсетте растрлы кескіндердің ноқаттары, шығыңқы басу әдісіндегідей, әр диаметрлі, бірақ бірдей көріністі болады. Мұндағы айырмашылық тек офсеттік ноқаттардың (штрихтардың) шеттері, анық болатындықта. Элементтер алаңдарына бояу біркелкі тарайды.

4. Растрлы көп бояулы кескіндердің әр тұстарында тек нақ сол тұсқа қажетті түс реңін құрайтын бояу ғана болады. Ал, оның ақ жерлерінде бояу мүлде болмайды.

5. Басылатын табақтардың бойында (табақтың алғы шетінде) жеке пигменттердің суға жеткілікті берік еместігі және олардың қалыпты дымқылдау барысында аз - маздап еритіні салдарынан болатын түстік жеңіл дақ («көлеңкелік») байқалады.

6. Литографиялық көшірімдер, офсеттікке қарағанда ең алдымен бояу қабаттарының қалыңдығымен және суреттерінің дөрекілігімен ерекшеленеді. Және мұнда әр түстік рең жеке бояумен берілетіндіктен, бояу әлде қайда көп болады. Екіншіден, литографиялық қағаз құрамы едәуір желімді болғанымен, дымқылданған басылым қалыбына жанасу кезінде ол күшті бұзылысқа ұшырайды. Бұл бояулардың үйлесуін мықтап бұзады.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 592 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бақылау сұрақтары| Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)