Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.

Читайте также:
  1. Дәріс сабақтарының курсы
  2. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  3. Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.
  4. Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі.
  5. Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері.
  6. Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері

Басу процестері дегеніміз – бояудың басу формасынан (кей кездерде аралық тасымалдағыш, мысалы, офсеттік резинадан) басылым материалына берілу, сонымен қатар қосымша дайындық процестері де кіреді.

Басу формасынын бояуды көшіру арқылы біркелкі бейнелерді алу процес басу деп аталады. Басу процесі кезінде алынатын бейне таңба деп аталады. Басу процесінің классификациясы, басу формасының элементтерінің орналасуына қарай бөлінеді. Осыған орай басу: шығыңқы, жазық, ойыңқы болып бөлінеді. Басу ақпаратын дайындау әдісінің техникалық ерекшеліктеріне жатады:

· басылатын материалға бояудың көшу әдісі;

· басу әдісінің ерекшелігін сипаттайды;

· басылым бейнесін алу әдісі, басу және ашық элементтерінің пайда

болу механизмдері, басу формаларының ерекшеліктері, басу кезінде қолданылатын физика-химиялық әсерлер, осыған орай негізделінетін процестің жылдамдығы, басылым бейне ерекшеліктері және тағы сол сияқты мүмкіншіліктерімен сипатталады.

Басу формасына бояуды беру
Қағазды беру (немесе формасына басқа басылатын материалды беру)

Қысым арқылы форманың, бояудың және қағаздың әрекеттесуі

 

 

 


6- сурет. Классикалық басу процесінің жалпы технологиялық сұлбасы

Осы сұлбаға байланысты, басу әдісіне тәуелсіз және оның құрылымдық ерекшелігіне байланыссыз, басу машинасында төрт негізгі элементтерді көрсетуге болады:

1. қағазды беру жүйесі, парақты және рулонды материалды басу аймағына беру және стопадан парақтарды бөлу үшін қолданатын құрылғылармен жабдықталған, басу формасына қағаз парағының жағдайын тегістеу және басу машинасының секциясына парақтың немесе полотноның біртегіс берілуі;

2. бояу аппараты, басу формасын үздіксіз бояумен қамтамасыз ету. Жүйе резервуардан боудың дозалық мөлшерін беруді қамтамасыз етеді, бояудың құрылымын өзгерте отырып, бояуды жайып, оның жұқа тегіс болу пленкасына айналуы, бояу жәшігімен бояудың басу формасына тасымалдауы бояудың жіктелуімен жүреді, бояуды біркелкі қалыңдықпен басу формасына жағу.

3. басу аппараты – басу формасын тасымалдағыштан (талер, цилиндр) және қағазды тасығыш (басатын элемент) элементтер жинағы. Басу аппаратында басу формасынан бояуды басу материалына беру шарттары классикалық басу әдісіне қысым арқылы туындайды және қағаз парағы немесе қағаз полотносы басудың түйісу аймағы арқылы өткізу мүкіндіктері туындайды. Басу аппаратының құрылымдық және жүйелік ерекшіліктері басу әдісіне және басу формасының түріне, басу материалына байланысты болады.

4. Басылған бөлімді шығару жүйесі, таңбаларды қабылдау құрылысына тасымалдап, таңбалардан жиын қалыптастырады. Парақтық машиналарда- стопадағы парақтардың шетін теңестіру, рулондық машиналарды- бүктелген дәптерлерді тегістеу.

Негізгі элементтерден басқа, басу машинасының құрылымына басу түрінің негізгі ерекшеліктеріне қарай (ылғалдандырғыш аппарат), басқа жағынан басу өнімінің технологиялық талаптарына байланысты (бояудың жағылуын болдырмау үшін, басу бояуының бекітілуін жылдамдату үшін, басу бояуының бекітіліуін жылдамдату үшін, лактау секциясы және т.б.) құрылғылар болуы мүмкін.

Басу кезінде негізгі талаптардың бірі, қағазбен бояудың бір-біріне сәйкес келуі. Сонымен қатар осы материалдарды басылымға дайындау шарттарының дұрыс болу да аса маңызды роль атқарады.

Басу формасы дегеніміз – пластинаның, плитаның немесе формалық цилиндрдің үстіңгі бетінде құрамы әр түрлі материалдардан (жарыққа сезімтал қабаттан, фотополимерден, металдан, пластмассадан, қағаздан, ағаштан, литографиялық тастан тұратын) басылатын текстен немесе бейнеден құрастырылған, басу бояуын қабылдап алатын басу элементтерінен және басу бояуын қабылдамайтын ашық жолдардан тұратын форма.

Таңба – басылған қағаз парақтары, көбінесе жартылай фабрикат болғандықтан ары қарай өңдеуді талап етеді. Таңбаның дайын басылымға айналуы (кітап, журнал, брошюра ж.т.с.с.) полиграфиялық өндірісінің соңғы қорытынды кезеңі болып табылады.

Ылғалдандыру – жазық офсеттік басылымда басу формасына немесе спирт аралас ылғалдандыру кезінде ылғалдандырғыш ерітіндіні беру.

Парақтық машиналарда басу – басылатын материалдар басу процесі кезінде басу аппаратына жеке парақтар күйінде берілу арқылы таңбаларды алу процесі болып табылады.

Рулондық машиналарда басу – басылатын материалдар басу процесі кезінде басу аппаратына лента (рулон) күйінде берілуі арқылы таңбаларды алу процесі болып табылады. Басудан кейін материал парақтарға кесіліп, бүктеледі.

Сынама таңбаларды басу – офсеттік, шығыңқы, ойыңқы басуда бір немесе көп түсті сынама таңбалары сынама құрылғыларында алу. Сынама таңбаны сапаны бақылау үшін алады.

Сынама таңбалар – бейнелі басу формасынан сынама құрылғыларда дайындалған, таңбаның сапасын, түс бөлу градациясын бақылауға арналған полиграфиялық таңбалар. Алынған қорытындылар қажетті корректуралық өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Сынама таңба сонымен қатар тапсырушыға көрсетуге, басу процесіне қол қол қою кезінде де қажет болып табылады.

Таралым таңбалар – басу процесі кезінде басудың сапалы болуын қамтамасыздандыру үшін мерзімді және аралық бақылау кезінде машинадан алынған таңбалар.

Негізгі басу әдістері. Негізгі басу әдісімен басылған таңбаларға тән ерекшеліктер.Шығыңқы басу әдісі. Шығыңқы басу әдісі– адам ойлап тапқан алғашқы басу әдісі. Алдымен ксилография әдісі пайда болды. Бұл – тақтада мәтіннің не бейнесуреттің сұлбасы ойылып дайындалады. Шығыңқы басу әдісі – басу элементтері ашық жол элементтеріне шығыңқы орналасады. Бояу шығыңқы тұрған басу элементтеріне жағылады да, әрі қарай қысым арқылы қағазға немесе басылатын материалдарға беріледі.

Басу таңбаларының ерекшеліктері. Басу машиналары пайда болғанға дейін, қысым – пресстер арқылы берілді. Біраз уақыт бойы шығыңқы басу әдісі әріптердің шеттері, штрихтары, таңбалардың шектері нақты, сапалылығы арқасында ең көп қолданылатын әдіс болып келді.

Бірақ негізі алюминийден тұратын, арзан офсеттік формалар пайда бола бастағанда, шығыңқы басу әдісін азырақ қолдана бастады. Бұл әдіс газет өндірісінің 40% – дейін қолданылды. Шығыңқы басу әдісінің негізгі бір артықшылығына – барлық таралымды басу барысында, басу сапасының бірқалыптылығы.

Шығыңқы басу формасының үстіңгі беті – химияға бейтарап болғандықтан кез – келген ерітінділерді қабылдай береді. Демек бұл формаларында майлы негіздегі де, сулы және спиртті негіздегі де ерітінділерді пайдалана беруге болатын. Майысқақ толық форматтағы басу формалары пайда болғалы шығыңқы басу әдісі қайта жаңғырып, дами бастады. Бұл фотополимерлік басу формалары. Фотополимерлік басу формалары арқылы сапалы бір және көпбояулы суретті өнімдерді басу мүмкіншілігі туды.

Соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқан флексографиялық әдіс те шығыңқы басу әдісіне жатады. Бұл әдісте бір басу машинасында, кез келген рулонды материалдарда, бояу сіңбейтін материалдарда жұмыс істеу, жоғары жылдамдықпен басу, басу формасын арзандылығы және бірден бір операциялар - басу, лак жағу, оймалау және оюлап кесу мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ орап – буу өнімдері мен газеттерді баса береді.

Сондықтан флексографиялық басу әдісінің болашағы зор. Флексография әдісінің ерекшелігіне әр түрлі фрагменттерден тұратын, диаметрлері әртүрлі басу формаларын бекітіп баса беруге болады. Демек қайталанып отыратын сюжеттерді басуға болады.

Шығыңқы басу әдісімен басылған таңбалардың ерекшеліктері:

Бұл әдісте бояу басу формасынан қағазға немесе басылатын материалға тікелей қысым арқылы беріледі.

1) Лупа немесе микроскоп арқылы қарағанда әріптердің, штрихтердің растрлық элементтердің шет – шеттеріндегі бояу ортаңғы жағына қарағанда қалыңырақ жағылған, түрлі – түсті бояу қанықтығы да осындай.

2) Растр элементтерінен тұратын бейнесуреттердегі растрлар фотохимикографиялық әдіспен алынған дөңгелек нүкте түрінде болады. Ал электронды – механикалық оймалау автоматынан алынған болса төрт бұрышты квадрат формада болады.

3) Бұл әдісте шығыңқы басу элементтері шығып тұрғандықтан, қысым түскен кезде, кейбір таңбалардың кері беті кедір-бүдір болады.

4) Классикалық шығыңқы басу әдісінде көбіне басу материалына қағаз және қатырманы қолданылады.

5) Шығыңқы басу әдісінде таңбалардан мұнай, мұнай өнімдерінің – керосиннің иісі шығады.

6) Таңбадағы бейнесуреттердің, мәтіндегі жіңішке сызықтар мен штрихтар үздіксіз және бір қалыпты сапалы шығады.

Ал флексографиялық басу әдісімен басылған таңбалардың, егер бояу сулы негізде болса, ешқандай иісі жоқ, ал егер спиртті негізде болса – таңбада спирттің иісі болуы мүмкін.

Шығыңқы басу әдісімен офсеттік жазық басу әдісінің таңбалары ұқсас келеді. Олардың әр түрлілігі лупа немесе микроскоп арқылы көрінеді.

Жазық басу әдісі. Жазық басу әдісінде басу және ашық жол элементтері бір жазықтықта жатады. Бұл әдісте басу және ашық жол элементтерінің қасиеттері әр түрлі. Басу элементтері бояуды қабылдап алады да, ылғалды кері итереді. Ал ашық жол элементтері керісінше ылғалды қабылдап, басу бояуын кері итереді. Жазық басу әдісінің екі түрі бар.

Бірінші түрінде бояу басу формасынан алдымен резина полотносына беріледі, сонан соң барып резинадан қағазға немесе басу материалына беріледі. Басу формасындағы бейне немесе мәтін тіке түседі. Қазіргі кезде офсеттік жазық басу әдісімен көптеген басылымдар: кітап – журналдар, газет, альбом, каталог, буклет, визитка және т.б. көптеген полиграфиялық басылымдар басылады. Офсеттік басу әдісі – ең көп қолданылатын басу әдісі. Бұл әдістің мынадай артықшылықтары бар:

– басылымды әр түрлі көркемдеп безендіру мүмкіншілігінің зорлығы (кітап бетіндегі материалдарды әр түрлі етіп орналастыру, өлшемі, фигурасы түрлі бейне элементтерін орналастыру мүмкіндігі, ж.т.б.);

· бір парақөткізу бірден көпбояулы әдіспен қағаздың екі жағынан басып шығару мүмкіндігі;

· массасы әр түрлі қағаздарда, ірі форматты өнімдерді парақты және рулонды басу машиналарында баса беру мүмкіндігі;

· басу процесі шығыңқы басу әдісіне қарағанда оңайырақ;

· өнімділігі жоғары және технологиялық жан – жақты дамыған материалдардың – қағаздың, бояудың, резина материалдардың көптеп пайда болуы;

· форма жасау өндірісінде басу формасын дайындауды әр түрлі ұтымды варианттардың пайда болуы.

Қазіргі офсеттік басу формаларын фотомеханикалық, электофотографикалық лазерлік әдістермен автоматты түрде дайындау мүмкіндігі басу формаларын дайындауды тездете түседі және сапасын көтереді.

Ойыңқы басу әдісі. Ойыңқы басу әдісінде басу элементтері ашық жол элементтерінен төмен орналасады. Жағылған басу бояуы ашық жол элементтерінен жіңішке болат пластинадан жасалған ракель пышағы арқылы қырып алынады.

Ойыңқы басу әдісімен басылған жартылай реңді (полутоновые) таңбалары сапасы өте жоғары болады. Басқа басу әдістері арқылы бұл сапаны шығара алмайды. Бұл әдістің басты артықшылықтарына - ашық немесе ақ түстен қара немесе қанық түске бояу біртіндеп сапалы берілудің ерекшелігі, бояудың қанықтығының өте сапалылығы жатады. Мұнда қолданылатын растрлардың жиілігі өте жоғары және басқа басу әдістеріндегідей байқалып тұрмайды. Ойыңқы басу әдісінде қолданылатын басу бояуының сұйықтығы да сапаның арта түсуіне өз әсерін тигізеді. Себебі сұйық бояу басу формасындағы ұяшықтардан қағазға құйылады да, берілудің классикалық ойыңқы басу әдісіне тән, арақашықтықтары бірдей растрлық басу элементтерінің арасындағы ашық жолдарды жауып жібереді.

Басу формасындағы растр элементтерінің арқасында штрихтар мен шекті сызықшалар біртегіс болып шығады. Ал штрихты бейнесуреттер мен майда мәтіндер тегіс емес, ақаулармен шығады. Әріппен жазылған майда мәтіндер нашар оқылады. Сондықтан көбіне екі түрлі басу әдісін қолданып, сапалы растрлы бейнесуреттерді ойыңқы басу әдісімен, ал штрихті бейнесуреттер мен мәтін жолдарын шығыңқы басу әдісімен басып, сапалы өнім басып шығарады.

Бұл әдіспен сапалы, көркем журналдарды, альбомдарды, орап – буу материалдарын (оның ішінде синтетикаикалық этикетка, жапсырма қағаздар, декоративтік басу қағаздарда бағалы ағаштардаң қиюы, тастардың, металдардың суретін, бағалы қағаздарды басу, жылу арқылы (көмегімен) қағазға бейнесурет басып, оны ары қарай металлға көшіріп шығару.

Ойыңқы басу әдісінің ең басты, негізгі артықшылықтарының тағы да бірі – өнімдерді өте жоғары жылдамдықта басылуы. Сондықтан ойыңқы басу әдісінде қолданылатын бояулар ұшқыш ерітінділердің негізінде дайындалады да тез кеуіп қалады.

Соңғы жылдары шыққан ойыңқы басу әдісіне арналған басу жабдықтарының жылдамдықтары сағатына 100 – 120 мың таңбадан басады. Бұл машиналар қағазға берілетін бояу қабатын реттеп отыратын қарапайым құрылғылармен жабдықталған. Ойыңқы басу әдісі арқылы түс және градациялық көрсеткіштерді фотографиялық дәлдікпен шығаруға болады.

Ойыңқы басу әдісінің кеңінен таралмай отырғанына мынадай себептер бар: бірінші, бұл әдіспен жұмыс істеу үшін көп қаржыны қажет ететін үлкен қуатты өндіріс ашу керек. Формалық цилиндрді дайындау жұмысы күрделі. Бұл әдісті қолданып жұмыс істеу үшін және өнімнен пайда түсіру үшін, басылымның таралымы 100 мыңнан кем болмауы керек.

Ойыңқы басу әдісімен басылған таңбаларға тән ерекшеліктер.

– бейнесуреттің түсі ашық, әрі қанық, ашық жерден қара жерге өткен түс өте сапалы беріледі. Түстің берілу сапасы өте жоғары;

– мәтінде, штрихты және растрлы бейнесуреттердегі барлық жерлер растрларға бөлінген. Олардың өлшемдері бірдей, көбіне квадратты формада болады;

– ойыңқы басу әдісімен басылған таңбалардан бензол қоспаларынан дайындалған ұщқыш ерітінділердің иісі шығады. Басу жылдамдығы жоғары болғандықтан, бояу тез сіңіп, кеуіп кетуі үшін осындай қоспалар қосылады;

– бейнесуреттердегі өте жіңішке сызықтар мен майда жазулар, мәтіннің штрихтары нашар бір тегіс шықпайды.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау| Бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)