Читайте также:
|
|
Орындаған: А.Е.Қалиғожина
Жетекші: аға оқытушы Қ.Т. Тоқтарбекова
Зерттеу мақсаты: келісімшарттық қызметтегі әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде әлеуметтік – психологиялық тренинг қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: келісімшарттық қызметтегі әскерилер.
Зерттеу пәні: әлеуметтік-психологиялық бейімделуі жүйесі.
Зерттеу болжамы: келісімшарт негізінде қызмет жасайтын әскерилердің әлеуметтік – психологиялық бейімделуін әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы жоғарлатуға болады.
Зерттеу міндеттері:
1) әлеуметтік-психологиялық бейімделу ұғымы мен мәнінің теориялық аспектілерін, келісімшарттық әскери қызметкерлерде көріну ерекешеліктерін қарастыру;
2) келісімшарттық әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін экрсперименталды зерттеу;
3) әлеуметтік психологиялық бейімделуді жоғарлатуға арналған - әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасын (коррекциялық жұмыстар) өңдеу, тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері: аналитикалық, статистикалық және матемиткалық әдістер (Спирменнің рангтік коррлеяциясы, стюдент формуласы), анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар төмендегі әдістемелерді қолдандық:
1) А.Г. Маклаков, И.В. Червянин «Бейімделушілік» көпдеңгейлі тұлғалы сауалнамасы;
2) К. Роджерс және Р. Даймонд «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу сауалнамасы»;
3) Шутцтың тұлғааралық қатынастар сауалнамасы.
Зерттеу базасы: Өскемен қаласының № 5518 әскери бөлімшесі.
Негізгі нәтижелер және қорытынды
Зерттеу мақсатымыз бойынша келісімшарттық қызметтегі әскери қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде әлеуметтік – психологиялық тренинг қолдану ерекшеліктерін анықтадық.
Зерттеу бағытының кезеңдеріне сай біз әлеуметтік психологиялық тренинг бағдарламасын барлық респонденттерге емес, тек диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік-психологиялық бейімделулері орташа және төмен келісімшарттық қызметтегі әскерилерге ғана жүргіздік. Барлық осы топтағы зерттелінушілер тренингтен әр сабағынан жақсы әсер алып, өз сезімдерімен бөілісіп отырды. Егер, олардың күнделікті қызметке келу уақыттарын ескерсек, біздің тренингтік сабақтардан алған әсерлері жоғары деуге болады. Сонымен, алдымызға қойған міндеттер орындалып, болжамымыз дәлелденді.
Тәжірибелік маңыздылығы
Әскери мекемелердегі психологтың жұмысында келісімшарт негізінде қызмет жасайтын әскерилердің әлеуметтік – психологиялық бейімделуін жоғарлату мақсатында зерттеу барысында құрыстырылған әлеуметтік-психологиялық тренингті қолдануды ұсынымасыз.
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 454 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Особенности внутренней картины болезни туберкулезных больных | | | Зін-өзі бағалауды зерттеуге арналған Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу |