Читайте также: |
|
Қайталану — қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түріболыптабылады. ҚК-тің 13-бабының біріншібөлігінесәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылімысы үшін сот-тылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртішиі бөлігіндеон сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тас-талған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді делінген. Қылмыстардьщ қайталануьт қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл — оған алғашқы қылмысы үшін қолданьгл-ған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі вдлмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы "Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты істерді қарастыру тәжірибесі туральГ № 1 қаулы-сында бұрын болған соттылық, бұған деиін тағайывдалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері ту-ралы мәліметтер жан-жақты және мұқият тексерілуі керектігі, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігі атап көрсеттілді.
Жасалатыи қылмыстардың сипатына қарай қаиталану — ж а л п ы және а р н а й ы болып бөлінеді.
Жалпы қайталану — бұрын соттылығы бар тұлғаның кез-келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін соттал-ған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.
Жалпы қайталанудың завдылық тұрғысынан маңыздылығы — оның қылмыстардың саралануына әсерін тигізбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезінде ескерілетіндігі (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігіиіц "а" тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырла-татын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қаіітала-нуы бұрынғы жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезінде орын алса, жаза. ҚК-тің 60-бабымен үкімдердің жиынтығы үшін бекітілген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жа-салған қылмыс үшін сотталушы бас бостандығынан айъгру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бос-тандығынан айыру қатаң режимдегі түзеу колониясына тағай-ындалады.
Соттылығы бар тұлғаның үқсас немесе біртекті жаңадан қьтлмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады.
Арнайы қайталанудың занды тұрғыдан алғандағы мәні мы-нада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда сара-лаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екшші бәлігі, 175-бабының ушінші болігі, т.б.)- Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнайы қайталану-ды да егер ол ҚК-тің Ерекше белімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталану сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін жа-засын өтеу кезінде болса немесе алғашқы қылмыс үшін субъект бас бостандығынан айыру түрійДе жазасъш өтеген болса ар-найы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады.
Қогамдық қаутпшігтің деқгейі бойынша қайгалану қ ар а л а й ым, қ а у і п т і және ө т е қ а у і п т і болып бөлінеді.
Қарапайым қайталану — бұл қауіпті және өте қауіпті қаита-ланудың белгілеріне сәйкес келмейтін каиталану
ҚК-тің 13-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстың қай-талануы төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп та-нылады:
а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақа-на жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан аиыруға соттал-ған жағдайда;
ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.
Қылмыстың қайталануы ҚК-тің 13-бабының ушінші болігіне сәйкес мынадай жағдайларда өте қауіпті қайталану деп таны-лады:
а)егер адам бұрьш ауыр қылмъгс немесе ауырлығы орташа
қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостанды-
ғынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қыл-
мысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
ә) егер адам бүрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қыл-мысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдаида;
б)егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны
үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдаида.
Қылмыстың қайталануының қарапайым, қауіпті және өте қауіпті болып бөлінуінің заң тұрғысынан алғандағы мағынасы — ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінесәйкес, қайталанудыңкан-дай да бір түрі орын алғанда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалған қылмыс үшін заң жүзінде көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен тағайындай алмайтындығында.
62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты. Қылмыстың субъективтік жағы ь^ылмыс жасаған адамның аріыптылығына байланысты мәселелермен ғана шектелмейді.
Қылмыс жасаганга дейін, жасау кезінде және одан кейін айыпкердің психикасында кінәнің нысандарымеи гана шектелмейтін курделі ішкі процесс журеді.
Осыған байланысты субъектінің өзі жасаған кылмысқа пси-хржалық көзқарасының қалыптасу тетігін, сондай-ақ мазмүньгн анықтап білу ушін оның қылмыс жасаудағы ниетінің/себебінің және мақсатының сипаттарын анықтау
Адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін сипат-тайтын екі негізгі — интеллектуалдык, және еріктік жағдай-лардан басқа, адамның қандай да бір қылмысты қандай пиғыл-мен (өшпенділік, күндеу, қызғаныш, бас пайда, сараңдык;, үрей, қорқақтық, т.б.) жасағандығын көрсететін эмоционалдық жағ-дай да бар. Сонымен, қылмыс жасауға итермелейтін эмоцио-налдық жағдай адамның субъективтік қасиеттерімен және ол қылмыс жасаған кезде қалыптасқан мән-жайлармен шартты байланыста.
Қылмьгстық ниет — субъекті қылмыс жасаған кезде бас-шылыққа алатын ішкі қажеттілік, талап, мүдде, түрткі. Ниет әрқашанда қасақаналықтың алдында тұрады; бір немесе бірнеше ниеттің ықпалынан қасақаналық туындайды. Оны анықтау адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар айыпкерге мінездеме жасау және оның жеке басын моральдық түрғыдан бағалау үшін де маңызды.
Қылмыстык, ниет жасалған әрекеттің зияндылык дәрежесін де сипаттайды. Ол, сонымен қатар, қылмыс қүрамының қажетті белгісі болып табылатын, жаза тағайындағанда жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде сот ескеретін жағдай-ларда қылмысты саралау үшін де маңызды.
Қылмыстық ниеттер әртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында неғұрлым жиі кездесетін ниеттерді мына топтарға бөлуге болады:
Саяси сипаттағы ниеттер; олар біздің мемлекетімізге, оның егемендігіне немесе аумақтық түтастығына қастандык көзқа- растан туьшдайды. Шетелдік барлау агенттері, сондай-ақ біздің мемлекетімізге дұшпандық пиғылдағы адамдар осы ниетті/ себепті басшылыққа алады.
Өзімшідціктің әртүрлі нысаны болып келетін ошсьтз ниеттер. Мысалы, пайдақорлық, баюды көксеу, ашкөздік, қызған-шақтық. Бүларға тағы да мансапқорлық, кек, ашу, өшпенділік, қорқақтық, жігерсіздік, жауапкершіліктен қашу сияқты адамның опасыз қасиеттері де жатады.
Саяси және опасыздық сипаты жоқ ниеттер. Оларға жеке басындағы және отбасындағы ауыр жағдайларға, материалдық, қызметтік және баска тәуелділікке байланысты, корқыту, мәжбүрлеу және жәбірленушінің женсіз әрекеттерінен қатты жан күйзелуі себепті, мемлекеттік және қоғамдық мүддёлерді қорғағанда қажетті қорғану шегінен асып қылмыстар жасау жатады. Ниеттердің бұл тобы заңда қылмыстардың нақты құрамдарының міндетгі белгілері ретінде көрсетіледі, сондай-ақ жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескеріледі.
Ниет қылмыстық заңның диспозициясында белгілі бір қыл-мыстың белгісі ретінде тікелей керсетілген жағдайда ол қыл-мыс құрамының субъективтік жағының қажетті белгісі бо-лып табылады.
Ниетқылмыстың нақты құрамының міндетті белгісі ретінде заңда көзделген болса, 'онда ол ондағы әрекет қандай да бір басқа ниеттермен емес, тек сол занда көрсетілген ниеттермен жасалса ғана қылмыстық деп танылады деген мағына береді. Мысалы, қызмет екілеттігін теріс пайдалану, егер ол тек пайда табу немесе басқа да жеке мүдде үшін жасалған болса ғана занда қылмыс ретінде қарастырылады (ҚК-тің 307-бабы)
Көрсетілген ниеттер болмаған жағдайда сол әрекеттерді басқа ниеттермен (мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің теріс түсінілген мүдделеріне байланысты) жасаса, онда олар қылмыс болып табылмайды.
Егер ниет қылмыс қүрамының міндетті белгісі болып та-былмаса, ол қылмысты саралауға ыкдал ете алмайды. Мыса-лы, қорлау (ҚК-тің 130-бабы), жала жабу (ҚК-тің 129-бабы) айыпкердің қандай ниеттерді — кек алуды, қызғанышты, ешпенділікті, т.б. басшылыққа алғандыгына қарамастан қыл-мыс деп танылады.
Қылмыстықкодекстің бірқатар баптарында (мысалы, ҚК-тің 96-бабының екінші болігініц "б", "з", "к", "д" тармақтарында) ниет кылмыс қүрамының саралаушы белгісі ретінде қарасты-рылғай'.
Абайсызда жасалған қылмыс та белгілі бір ниеттер итерме-леген еріктік акт болып табылады. Бірак қасақана жасалған қылмысқа карағанда абайсызда жасалған қылмыста ниет зар-даптарға емес, іс-әрекеткенемесеәрекетсіздіккежатады. Абай-сызда жасалған әрекетте ниет қылмъіс қүрамының кажетті не-месе саралаушы белгісі болыптабылмайды, сондыктан әрекетті саралауға ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындағанда сот оньт ескереді.
Қылмыстын мақсаты — зиянды әрекет жасағанда субъекті-нің қол жеткізуге ұмтылатын нәрсесі.
Қылмыстык ниет сияқты қылмыстьщ мақсаты да адамның қылмыс жасауьша байланысты оның санасында болатын субъективтік процесті сршаттайды. Яғни, мақсат қы/Імыстың қогсшга қауіптшк өлшемін көрсетеді, бул жсізага міндетті Іщрде ықпсіл жасауга тиіс.
ҚК-тің кейбір баптарында мақсат кылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде көзделген. Бұл дегеніміз — заңда көрсетілген мақсатпен жасалған әрекеттер ғана қылмыстың осы құрамына жатады деген сөз. Мысалы, диверсия (ҚК-тің 171-бабы) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында; қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы) — бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалады. Ал бөтеннің мүлкін ұрлаудың қайсысы болса да пайда көру үшін жасалады.
Қылмыстың кейбір құрамдарында максат қылмьтстың са-ралаушы белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, баска қьгл-мысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсаты-мен, қасақаңа адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының "к", "м" тар-мақтары), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін зат-тарды сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау (ҚК-тін 2 5 9 - б а бының екінші болігі).
Мақсат әрбір қылмыста е&іес, тек тікелей қасақаналықпен жасалатынқылмыстарда гана болуымумкін. Жанама қасакана-лықпен немесе абайсызда жасаған кылмыстың кылмыстык қүрамының белгісінде мақсат болмайды, себебі кінәнің бүл нысандарында қылмыскер зардаптардың болуын қаламайды.
Қылмыс жасаудағы мақсатты д үрыстап айқындап алу каса-қаналықтың мазмүнын және бағыттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, төбелес кезінде гтышақ жаракатын салуды, көп жағдайларда, қасақана жасалған әрекет деп санай-ды. Бірақ бұл әрекетті дүрыс саралау үшін қасақаналықты факт ретінде көрсете салу жеткіліксіз, себебі пышақпен жарақат салудағы мақсатқа байланысты бүл әрекет бұзақылык, дене жарақатын қасақана салу немесе елтіруге оқталғандык ретінде саралануы мүмкін.
Қасақаналықтың бағыттылығын айыпкер өз әрекетін жаса-ган кезде үстанған мақсат анықтайды. Мақсатты анықтау сырт-тай қарағанда ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөтеннің автокөлігін жасырын үрлау (ҚК-тің 175-бабы); бүл әрекет үшін жауаптіылык ҚК-тін 185-бабында көзделген қылмыстан өзгеше, мұның себебі бірінші жағдайда айыпкердің бөтеннін автокөлігін ұрлау мақ-сатында заңсыз иемденгендігінде. ҚК-тің 185-бабын қолдану үшін айыпкерде ондай мақсат болмауға таіс.
Ниет пен мақсат — өзара шарттас, үйлесімді үғымдар. Ада^І-пың өз мақсатын қалай қалыптастыратындығы ниетке байланысты. Мақсат — қандаіі да бір әрекетті жасауда адамды алга жетелейтін куш. Мақсат бір немесе бірнеше ниеттерсіз туын-дамайды, ал, басқа жағынан алыпқарасақниеттің мазмұны мақ-саттың арқасында ғана болып тұрады.
Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсат бірімен-бірі қанша ты-ғыз байланыста болғанмен, өзара тең ұғымдар емес. Олар еріктік процестің әртүрлі жағын сипаттайды. Ниет адам қандай да бір әрекетті не үшін жасайды деген сұраққа жауап береді. Ал мақсат әрекеттің бағытын анықтайды. Мысалы, жалдамалы-лықтағы ниет пайда көру болса, ондағы мақсат — материалдык табысқа немесе басқадай жеке пайда керуге ұмтылу (ҚК-тің 162-бабы).
63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы. Қылмыс қүрамының объективтік жағы қылмыстық-қүқықтьщ нормалардың диспозицияларында көрсетілген қьгл-мыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында түжы-рымдалады.
Адамжасаған кез-келген әрекетте көптеген шшжәне сыртқы белгілер болады.
Нақтылы қылмыстық-жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке-дара сипатта болады. Бүл жерде адамның жаи дене қозға-льгсын емес, оның саналы қызмет-әрекетін қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі — егер онда оның ойы, сезімі немесе кеңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекеті нақты көрініс тап-қан жағдайда ғана қандай да бір қылмьістық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады.
Қылмыстың нақты қүрамының объективтік жағы — оны қоғамға қауіпті және қылмыстық қүқыққа қарсы деп тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажыратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.
Мысалы, урлықтыц объективтік жагы (ҚК-тің 175-бабы) — бөтеннің мүлкін жасырын үрлау; зорлаудікі — күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленушіні немесе басқа адамдарды қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдалану (ҚК-тің 120-бабы); бузақылықтікі — қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, аза-маттарға қарсы күш қодданумен не оны қолданамьш деп коркы-тумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жа-саумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.
Қылмыс құрамының объективтік жагы мыналарды қамтиды:
әрекет немесе әрекетсіздщ
қогамга қауіпті салдар (зардап);
әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті бай-
лаиыс;
қылмыстың жасалу уақыты, орны, жагдайы, тәсілі, қура-
лы және қаруы.
Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі — кез-келген қыл-мыс құрамының міндетті белгісі.
Қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыстың жа-салу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, қаруы және құралы қыл-мыс құрамының объективтік жағының факультативтік белгілері болып табылады, өйткені олар қылмътстық-құқықтық норма-лардың диспозицияларында көрсетілген жағдайлардя ғана міндетті белгілер ролін атқарады
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 627 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ылмыстың арнаулы субъектісі. | | | Ылмыстың пәні. |