Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстардың көптілігінің түсінігі.

Читайте также:
  1. Оғамға қауіпті зардаптың түсінігі.
  2. Ылмыстардың жиынтығы.
  3. Ылмыстардың көптілігі

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір түлға-ның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қата-рының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір түлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бүл қылмыскердің бойында түрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығьш дәлелдейді. Мұньщ өзі жағдаидың тең қара-стырылуы барысында бүл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-қүқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дүрыс саралануы мәселесін де туында-тады.

Түлғаныңқылмыстьщжауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталма-ған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәикес тоқта-тылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық қүқықта қылмыстардьщ көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыс-тық зандар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідеи түрлері айқындалып, ажыратылады:

қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

қылмыстардың жиынтығы;

қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігінің езіне тәй белгісі — бір түлғаның кемінде екі қылмыс, яғни қылмыстардьщ дербес қүрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы, Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық-қүқықтық тәртіп бүзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпаиды.

Қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушы-лықтар да қылмыстың кептігіне жатпайды. Бұл туралы қыл-мыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабы-ның үшінші бөлігіиде анық айтылған.

Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шы-ғарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпаиды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың Іпегінен асуына (ҚК-тің, 66-бабы), жәбірленупіімен татуласуына (ҚК-тің 67 бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және баска баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.

Қылмыстардың көптігін жекелеген Ідылмыстан, яғни қыл-мыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапаиым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың кептігінен ажыратып алу> әдетте, қиынға сокпайды.

Алайда, сот тәжірибесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрдеді (құрамдас), созылмшіы, жалгаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.

Жеке алғанда әрқайсысының әзі қылмыстың дербес кұра-мьшың белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушы екі немесе бірнеше әре-кеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыс-тар деп танылады.

Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсау-лығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.

Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де түратын қылмыстар жа-тады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден түруы мүмкін бір ғана қылмыс туралы сөз болады: қүнды қағаз-дарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан түра-тынын біле түра бекіту, сонымен бірге, қүнды қағаздарды шы-гару жөніндегі есептің жалған екендігін біле тұра, оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір қүра-мынан тұрады деп есептеледі.

Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асы-рып отыру — созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол — заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің көп уақыт бойьтна орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.

Аиталық, П. езінің ұльш асырауға қажетті, сот шешімі арқы-лы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қаса-қана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс ор-нын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен бол-ды. Кдлмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол со-зылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.

Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқын-дық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жал-тару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты ше-телден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және басқалар жатады.

ҚК-тің 11-бабының бірітиі бөлігіне сәйкес — жалгаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғ-анда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы — қызметтегі әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дер-бес қылмыс болуы да болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылышна байланыссыз). Алаңда, кез-келген жағдайда да, мүндай әрекеттердің әрқайсысы заң түрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын түтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жал-ғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып үрлап отырса, оның әрекеттерінде қыл-мыстың көптігі болмайды. Бүл орайда, қылмыскердің әр кезде үрлап шығарған мүлкінің мелшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жашайтын және ҚК-тің 9-бабының екітиі бәлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл үрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.

Үрлықпен бірге түтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тің 106-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.

44)Қылмыстардың қайталануы кезінде жаза тағайындау. 59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

1. Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.

2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында - үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауы керек.

3. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң бабында (бабының бөлiгiнде) айқындаушы белгi ретiнде қылмыс жасаған адамның соттылығына сiлтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу. | Асақаналық және оның түрлері. | Оғамға қауіпті зардаптың түсінігі. | Оғамдық жұмыстарға тарту. | Ол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа зиян келтіру. | Ылмыс жасауға оқталу және оның түрлері. | Ылмыс құрамының түрлері. | Ылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы. | Ылмыс субъектісі | Ылмыстардың жиынтығы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыстардың көптілігі| Ылмыстық жауаптылықтан босату және оның түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)