Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Эмбриональды дамудың 6-7аптасында қатты және жұмсақ таңдайдың түзілуі мен біріншілікті ауыз қуысының екі бөлікке бөлінуі басталады: екіншілік ауыз қуысы және мұрын қуысы. Бұл жоғарғы жақсүек өсіндісінің ішкі беткейіе пластинкалы шығыңқы таңдай өсіндісінің түзілуімен байланысты. 7-аптаның басында таңдай өсіндісінің шеттері төменге бағытталады және тілдің бүйірінде ауыз қуысының түбінде жатады. Одан әрі, тілдің төмен түсуіне байланысты таңдай өсінділерінің шеттері жоғарғы және ортаңғы сызыққа қарай көтеріледі. Тілдің төмен түсуімен таңдай өсіндісінің рын ауыстыруы төменгі жақ өлшемінің жылдам ұлғаюының арқасында мүмкін болады. Төменгі жақтың ұзындығы ғана емес, ені де ұлғайып, төменгі жақтың ішкі доға аймағының ұлғаюына алып келеді. Осы аймаққа тіл түседі де таңдай өсіндісіне вертикальды қалыптан горизонтальды қалыпқа ауысуына мүмкіндік береді.Екінші айдың соңында таңдай өсіндісінің шеттері өзара қосылады. Олардың өзара бітісуі алдыңғы бөлігінен басталып, артқы бөлігіне таралады. Осы процесстер нәтижесінде пайда болған қалқа қатты және жұмсақ таңдайдың бастамасы болып табылады. Ол екіншілік ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Осымен бір уақытта мұрын қалқасының өсуі жүреді,ол таңдаймен бітісіп, мұрын қуысын оң және сол мұрын камераларына бөледі.

Егер осының барлығы қалыпты жүрсе, онда таңдай cavitas nasi мен oris арасындағы толық қалқа түрінде болады, ал бет түзілуіне қатысатын көптеген өсінділердің арасындағы барлық тесіктер іссіз жабылып, тек ноздр, ауыз және көз кесіндісінің саңылауы ғана қалады. Бірақ нормадан ауытқулар да болуы мүмкін –дамудың тума ақаулары және екі қарама –қарсы бағытта: бір жағынан, өсінділердің жабысуы одан әрі қалыпты жүруі және табиғи тесіктер жабылмауы мүмкін;бұл атрезия (м:ноздрдың жабылмауы); екінші жағынан сол немесе басқа да ұрықтық кездегі тесіктер қалып қойып, ересек кезде аномалия ретіде сипатталады.

Таңдай өсінділерінің толық дамымауы кезінде, олар бір-біріне жақындамайды және бала қатты және жұмсақ таңдай ашық болып туылады. Бұл аномалия ұлдарға қарағанда қыздарда жиі болады. (1:2500 нәреседен)

Ең жиі кездесетін «қоян ерін» деп аталатын құбылыс –жоғарғы еріннің бүйірлік тесігі ортаңғы жазықтан аздап латеральды орналасады да, медиальды мұрын және жоғарға жақсүйек өсінділері арасындағы саңылауда орналасады. Туа пайда болған ерін жырығы ұлдарда жиі кездеседі(1:700-1000 нәресте), жиі бір жақтық, сирек екі жақтық болады. Сирек жағдайларда саңылау жоғарыға ноздри өсіндісіне жалғасады, ол мұрын қанатын денесінен бөледі; сирек ол region olfactoria-ға дейін барады. Бұл аномалия «бүйрлік мұрын жырығы» деп аталады. Басқа жағдайларда саңылау тура жоғары емес, жоғарыға қисық және латеральды, мұрын қанатының бүйірін айналып, көз аймағына жетеді., осылайша төменгі қабақ та бөлінеді-coloboma. Бұл аномалия ұрықтың мұрын латеральды және жоғарғы жақсүйек өсінділері арасындағы жас-мұрын саңылауының жабылмауымен байланысты-ол беттің қисық саңылауы деп аталады. Медиальды мұрын өсінділері өспесе, еріннің ортаңғы жырығы дамиды. Егер жоғарғы жақтық өсінді төменгі жақпен қосылмаса, онда беттің көлденең жырығы пайда болады-ауыз тесігі бір немесе екі жағынан ұлғайып, ауыз бұрышынан латеральды ағытта беттің горизонтальды кесіндісі түрінде болады-ауыз өлшемі қалыпсыз үлкен –macrostoma(грек macros-үлкен және stoma -ауыз). Осы аномалияға тура қарама –қарсы жағдай, жоғарғы жақтық өсіндінің төменгі жақтық өсіндімен қалыптыдан артық байланысуы нәтижесінде –ауыздың өлшемі қалыпсыз кіші microstoma (грек micro –кіші және stoma- ауыз)

Даму ақаулары тератогенді препараттар, инфекциялық аурулар, сәулелену, гормондар әсерінен пайда болатын кейбір хромосомалық аномалиялар кезінде боладв Қатерлі факторлар әсерінің критикалық кезкңі бет құрылысының қалыптасуының белсенді уақытына сәйкес келеді(4-8апталық)

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 519 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер | Тістердің шығуы | Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу. | Тістердің дамуы | Тіс ауытқулары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Беттің және ауыз қуысының дамуы| Тілдің дамуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)