Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердің шығуы

Читайте также:
  1. Сүт тістердің дамуы
  2. Төменгі жақтың күрек және сүйір тістердің иннервациясына қандай жүйке қатысады?
  3. Төменде көрсетілген тістердің қайсысы балалардың жақтарының қабыну кисталарының НЕҒҰРЛЫМ себебі болып табылады?
  4. Төменде көрсетілген тістердің қайсысына осы өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
  5. Тістердің қатты тіндерінің ақауының қандай тобында Пфлюгер тістері кездеседі?
  6. Тістердің дамуы

 

Нәресетелерде сүт тістердің алдыңғы сауыттары жетілген, бірақ жақсүйектерінің тіс қапшықтарында жатады. Туылғаннан кейін түбірлердің түзілуі мен дамуы, сонымен бірге ұяшықаралық қалқа пайда болады. Содан кейін иек бөлігінің атрофиясы басталып, сауыт бет жағына шығады (27 сурет). Уақытша тістердің шығу мерзімдері баланың физикалық жағдайына (өмір сүру жағдайына, тамақтану, ауруларға т.б.) байланысты. Қыз балаларда тістердің шығуы ұлдарға қарағанда ертерек шығады (табл.1).

 

Табл.1 Сүт тістерінің шығу мерзімдері (ай бойынша)

 

 

Тістердің атаулары   Төменгі жақсүйек   Жоғарғы жақсүйек
Медиалды курек тістер   7,5
Латералды курек тістер    
Бірінші үлкен азу тістер    
Ит тістер    
Екінші үлкен азу тістер    

 

Сонымен тістердің шығуы 6-8 айдан төменгі медиалды күрек тістерден басталады. Сүт тістердің шығу реті жоғарғы және төменгі жақсүйектерінде келесі: I1, І2, M1, C, M2. Сүт тістерінің шығуы 20-24 апта аяқталады. Кейбір жағдайда сүт тістердің шығуы мерзімінен ерте 3-4 айда байқалады. Көбінесе тістердің шығуы 10-12 айда немесе одан кеш шығады.

 

27 сурет

 

Тіс кеш шыққан жағдайда баланы дәрігерге көрсету керек, өйткені ол аурулар немесе даму ауытқулар кезінде болады.

Сүт тістердің түзілуінің мерзімдері сүт тістерінің дамуы мен шығуы ауыз қуысы мен бет скелетіне әсер етеді. Жақсүйектердің өлшемдерінің өсу мен жоғарғы жақсүйек қойнауларының түзілуі ауыз қуысының биіктігі мен беттің вертикалды өлшемінің ұлғаюына әкеледі.

Уақытша тістер 3 жылдан 7 жылға дейін болады, ал 6-7 жастан тұрақтыға ауысады.

Тұрақты тістердің түзілуі мен өсуіне байланысты уақытша тістердің жойыла бастайды. Бастапқыда түбірлердің ұшы, кейін қалған бөліктері жойылады. Уақытша тістердің қалдықтары өсіп келе жатқан тұрақты тістермен ауысады. 3-4 жастан күрек тістер арасында, күрек тістермен ит тістер арасында аралық – диастима пайда болады. Осыған ұқсас аралық – треморлар, ит тістер мен бірінші үлкен азу тіс аралығында болады. Диастема мен тремолар, олардың өлшемі жоғарғы жақ сүйекте, төменгі жақ сүйекке қарағанда үлкенірек, жас өскен сайын ұлғайып, уақытша тістердің тіс уақытының максимумына дейін жетеді. Бұл аталған аралықтардың болуы жақ сүйектерінің өсуін көрсетеді. Ал диостем мен треманың болмауы керісінше өсуінің бұзылуын көрсетеді.

Толық шыққан тіс деп есептелінеді, егер сауыт қызыл иек деңгейіне толық шығып тұрса және тіс онтогонистермен байланыс болған жағдайда шығатын тістер кейбір кезде жақсүйектерде кідіріп, сыртқа шықпайды, тек рентгенограммада жақсы көрінеді. Бұл кезде міндетті түрде стомотологтың көмегін қажет етеді. Тұрақты тістердің шығу мерзімдері табл 2 мен 28 суретте көрсетілген.

Табл. анализі бойынша, тұрақты тістердің шығуы 6-8 жастан басталатынын көрсетеді. алғашқы болып бірінші төменгі тұрақты азу тіс, кейін бірінші жоғарғы азу тіс шығады.

Кесте.

Тістің атаулары   Төменгі жақсүйек   Жоғарғы жақсүйек
Бірінші үлкен азу тіс 6-7 6-7
Медиалды күрек тістер 6-7 7-9
Латералды күрек тістер 7-8 8-9
Ит тіс 9-10 11-12
Бірінші кіші азу тіс 10-12 10-11
Екінші кіші азу тіс 11-12 10-12
Екінші үлкен азу тіс 11-13 12-13
Үшінші үлкен азу тіс 12-26 17-21

 

 

Жоғарғы тұрақты тістердің шығуы мерзімдері келесі: M1, І1, I2, P1, P2, C, M2, M3, төменгі тұрақты тістер: M1, І1, I2, С, P1, P2, M2, M3

Айта кету керек, тұрақты тістер шығу процесінде, бастапқысында сүт тістердің түбірінің астына ауысып, дәнекертін капсуласында орналасып, 7-11 жастағы балалардың ортопантограммасында жақсы көрінеді. Осы кезеңдерде сүт тістердің түбірлері резорцияға ұшырап, олар бұзылады. Сүт тістердің қоректенуіде бұзылып, сауыт түсіп, тұрақты тіске жол ашылады.

Бұл кезде сүт күрек тістермен ит тістер, аттас тұрақты тістер мен ауысады. Сүт үлкен азу тістердің орнына тұрақты кіші азу тістер, ал тұрақты үлкен азу тістер аттас сүт тістердің артынан шығады.

Көңіл бөлу керек, тұрақты тістердің шығу мерзімдері кішкене өзгеруі мүмкін, ол жеке ерекшеліктер (тұқым қуалаушылық) немесе сыртқы әсерлеріне (тамақтану, аурулар) байланысты болады. Бізге белгілі, қыздар тіс шығу мерзімінен бойынша ұлдардан ертерек. Соңғы жылдары барлық елдерде тұрақты тістердің ерте шығуы байқалады, ол ареола мен аксиверация болып түсіндіріледі. Әр түрлі жастағы балалардың тұрақты тістерінің орташа саны келесі: 7 жаста – ұл балаларда – 5 тіс, қыздарда – 6 тіс, 12 жаста ұл балаларда – 18 тіс, қыздарда – 21 тіс. Тұрақты тістердің шығуы мен дамуы жақсүйектері мен беттің сагиталды бағытта өлшемінің өсуі, 15 жаста бет әлпетін түзелуіне, яғни скелеті қалыптасады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1476 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің гистологиялық сипаттамасы. | Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лкен азу тістер| Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)