Читайте также:
|
|
Адамның тістері ұрықтық ауыз қуысының шырышты қабатынан дамиды. Олардың дамуы үш кезеңдң өтеді
1Тіс бастамалары кезеңі
6-7 аптада ұрықтық ауыз қуысының көпқабатты жалпақ эпителиі доға тәрізі қалыңдау түзеді, ол жақ сүйектің болашақ альвеолалары өсінділерінің орналасуына сәйкес келеді. Бұл қалыңдаған дерлер жақын жатқан мезенхимаға кіріп,екі пластинкаға бөлінеді:вестибулярлы және тесіктік. Вестибулярлы пластинка ажырайды, және ашық саңылау түзіледі –болашақ ауыз қуысының кіреберісі. 8-аптада тістік пластинканың сыртқы беткейінде болашақ сүт бездеріне сәйкес эпителийдің 10дөңгелек өсіндісі түзіледі. Бұл тістік бүйректер.
2Тістік бастамалардың дифференциялануы мен түзілу кезеңі. 2 кезеңге бөлінеді:
1) «қалпақшалар кезеңі» (cap stage)
Тістік бастамалардың түзілуі. Эмбриональды дамудың 10аптасынан бастап тістік бүйректерді түзетін эпителийдің біртегіс емес өсуі анық байқалады. Осы процесстің нәтижесінде тістік бүйректер өз пішінін өзгертіп, эмальді мүшеге айналады. Эмальды мүшені қоршап жатқан мезенхима клеткалары конденсацияланып, ондағы тереңдеген жерлерге орнығады, және де лоардың айналасына жиналып, тістік емізік пен тістік қапшық түзеді. Эмальды мүше, тістік емізік жәе тістік қапшық бірігіп тістік бастаманы құрайды. Эмальды мүшенің өзіне тән пішіні бұл кезеңді «cap stage»деп атауға мүмкіндік береді.
2) «қоңырау»кезеңі(bell stage)
Тістік бастамалардың дифференциялануы. Эмальды мүшенің одан әрі өсуі оның өлшемінің ұлғаюына ғана емес, пішінінің өзгеруіне де алып келеді. Олқоңырауға ұқсас пішінге ие болады, сондықтан бұл кезең осылай аталады. 4-айдың соңына қарай эмальды мүше клеткаларының адамантобласттарға және тістік емізік клеткалары одонтобласттарға дифференцияланады. Адамантобласттар эмаль түзе бастайды, ал одонтобласттар -дентин Тістік бастамалардың дифференциялану кезеңі гистогенез кезеңімен ауысады.
3) Гистогенез кезеңі. Тіс тінінің дамуымен сипатталады:дентин, эмаль пульпалар және цемент. Бірақ атап өту керек, эмбриональды даму барысында цемент түзілмейді, себебі бұл кезеңде сүт тістерінің тек тәждері ғана қалыптасады. Сүт тістерінің түбірі туылғаннан кейін түзіледі, 4-5айдан бастап, 6-7айда олардың жарып шығуы басталады. Сүт тістер бастамаларының реті және олардың жарып шығуы бір уақытта жүрмейді. Ең алдымен медиальді, содан соң латеральділері жарып шығады, осыдан кейін алғашқы түбірлік,соңында екіншілік түбірлік тістер шығады. Төменгі жақтағы әр тістер тобы жоғарыдағы тістерге қарағанда ертерек шығады
Сүт тістерінің жарып шығуы 1-кесте
Тістер | Тістердің шығу мерзімі (ай бойынша) | |
Төменгі жас | Жоғарғы жақ | |
Медиальді тіс | 17,5 | |
Латеральді тіс | ||
Ит тіс | ||
Біріншілік моляр | ||
Екіншлік моляр |
Тістердің жарып шығу факторлары әлі де толық зерттелмеген. Кейбір ғалымдардың пікірібойынша тістердің жарып шығуы тістің өзіндегі өзгерістермен байланысты және тісшілік қысымының жоғарылауына алып келетін пульпаның өсуінің күшеюіне байланысты.Бұл қысымның әсері ракете двигателінің әсеріне тең, нәтижеде қысым әсерінентіс ауыз қуысынан көрінеді. Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша прцесс айналасындағы тіндердегі өзгерістерге байланысты, яғни альвеолалардың қалыптасу нәтижесінде. Бұл екі пікір де тістердің жарып шығу процесінде белгілі бір рөлге ие болуы мүмкін.
Тұрақты тістердің дамуы мен арып шығуы құрсақішілік дамудың 5-айында тұрақты тістердің, иттісаз түбірлі тістердің бастамалары пайда болады.Олар әр сүт тісінің бастамасының артында тіс пластинкасының төменгі шетінде түзіледі. Бұл тістерді Н.В. Алтухов тұрақты тістердің ауыстырушылары немесе орынбасушылар деп атаған., себебі олар сәйкес сүт тісінің орнына келеді. Тұрақты молярлардың бастамамалары тіс пластинкасының өсуі мен ұзаруы арқылы мүмкін болады. Ең алдымен бірінші молярдың бастамасы пайда болады.(эмбриональді дамудың бесінші айында). Екінші молярдың бастамасы өмірінің бірінші жылының ортасына қарай пайда болады, ал үшіншісі өмірінің 4-5жылында пайда болады.6-8 жаста тұрақты тістер шыға бастайды. Бірінші болып 6жасқа қарай төменгі, содан соң алғашқы жоғарғы тұрақты тістер шығады. Алғашқы жоғарғы және төменгі тістік дғалар өзара қатынасы тістік жүйенің кілті болып табылады, себебі осы тістер бойынша қалған тұрақты тістер қалыптасып, теңеседі. Біраз уақыт бұл тұрақты тістер сүт тістермен бірге қызмет атқарады. Бірақ біраз уақыттан соң тістердің ауысуы басталады:сүт тістері түсіп, ал олардың орнын тұрақты тітер басады. Тұрақты тістер шықпастан көп уақыт бұрын сүт тістерінің түбірлерінің резорбция процестері басталады,олардың беткейінде остеокластар топтасып жиналады. Соңында сүт тістерінен тұрақты тістермен бірге тығыз жанасып тұратын бос тәждері ғана қалады. Әрине, тұрақты тістер шыққанда бұл процесс, яғни сүт тістері түбірлерінің бұзылуы болмайды,олардың жарып шығуы Қалыпты тістер сияқты болады. Бірақ ақыл тістердің шығуы қиындау болады. Эмбриогенезде тіс иінінің даму көздері(В.Л.Быков 1996)
Эпителий Эмальді мүше эмаль
индукция тіс емізікшесі дентин
пульпа
мезенхима
тіс қапшықшасы цемент
периодонт
Тістер аномалиясы (ақаулары)
Тістер атауы уақытша тістерге қарағанда тұрақты тістерде жиірек болады. Тістердің пішін, саны, өлшем, орналасу және құрылыс ақаулары болады.
Пішін ақаулары әрбір тіс топтарында кездесуі мүмкін Тәж аймағында рельеф өзгерісі, өлшем қатынастары, түбіршектер санының азаюы немесе көбеюін айтуға болады. Ең жиі кедесетін ақау жоғары бүйір тістер мен ақыл тістерде. Бүір тістердің тәждері аномалия кезінле тұмсық тәрізді немесе штиф тәрізді пішінге ие болады. Иттіс пішінінің ақаулары сирек кездеседі. Егер иттіс пішіні:тілдік беткейіндегі түбірі жоқ, және оның ұшы ауыз қуысының түбіне қарай иіңкіреген болса, «балық тісі»деп аталады.(Фурнье)
Артқы тістердің аномалиясына алғашқы жоғарғы молярдың тәждері шайнау беткейі жиналады, және түйіншік ұштары бір –біріне иілген(П. Флюгер)
Түбір пішінінің өзгерістері тәж пішіндеріне қарағанда жиі кездеседі. Оған қисаюы.иілуі,штопор тәрізді бұралулар жатады. Сонымен бірге тіс түбірлерінің қосылуы, ажырауы, артық саны да байқалады. Артық түбірлер аздап көтеріңкі және толық дамыған түзіліс тәрізді долады. Және де түбірлерінің ажырау жағдайлары да кездеседі, сондықтан екі көрші тіс цементпен байланысады(dentes concreti)
Өлшем ақауларына тіс өлшемдерінің ұлғаюы мен кішіреюі жатады. Макродонтизм немесе микродонтизм тәжінде немесе түбірінде де болуы мүмкін. dentes concreti -ге 2 тістің бастамаларының қосылуы нәтижесінде пайда болатын тістер жатады. Бұл жағдайларға тіс тәждерінің ені биіктігінен үлкендеу болады, кейде қосылган жеоде шекарасының болмау жағдайлары да болады. Ұлғаюы қалыпты тістер бастамаларының жоғары комплексті тістер бастамаларымен қосылуынан да болуы мүмкін (dentes deminata). Қосылу бұл жағдайда толық немесе толық емес болуы мүмкін. Бірінші жағдайда қосылу іздері де қалмайды, екіншіде-жоғары комплексті тіс қосалқысы түрінде болады. Егер бір тістің бастамасы екіншісіне түбірі жағынан кірсе, ал пульпада эмаль болса, бұл ақау «тістегі тіс» (dens in dente) деп аталады.
Саны жағынан ақаулар тістер санының көп немесе аз болуымен сипатталады. Жиі олардың көп болуы байқалады, және ол көбіне жоғары жақта кездеседі. Тістер санының көп болуы аватизм болуы мүмкін, бірақ тіс пластинкасының эпителийнің өсіп кетуі немесе дентинді бастаманың бөлінуі нәтижесінде болуы мүмкін. Және бір ақау: жоғарғы тістер арасында бір немесе екі тікен тәрізді тістер тістік қатарға немесе тіл жағына орналасады. Бұл ақауды ежелгі адамдардағы белгілерге ұқсаткан (регрессивті анамалия). Кейде екі жоғарғы бүйірлік тістер болады. Олар егіз тістер. Кейде бүйірлік тістің тәжі белгілі бір өлшемде болып, тек ұшында ғана бөлінеді, ал түбірінде тек ұзынша жүлге ғана болады. Бұл ақауларды тіс бастамаларының екі еселенуі нәтижесінде болған деп түсінуге болады. Артық иттістер өте аз кездеседі.
Тіл
Тіл (lingua) – бұл сілемейлі қабықпен қапталған, бұлщықетті ағза. Ол ауыз қуысының үлкен бөлігін алып жатыр. Тілдің құрылысы күрделі және әртүрлі қызмет атқарады, өзінің күрделі нервтенуімен қамтамасыз ету үшін.
· Тіл шайнауға қатысады, қозғалыс кезінде тамақты тілдің астына салады, тіс тамақты ұсатады.
· Тілдің көмегімен тамақ сілекеймен араласады. Сәби кезінде сорып тамақтанудың артықшылығы тіл сол кезде шприцтің поршені сияқты әсер етеді.
· Тіл жұтынуға қатысады, көтерілген кезде таңдайға жабыса, ол тамақ кесектеріне ауыз қуысынан жұтқыншаққа өтуге көмектеседі.
· Тіл жалпы сезімталдық рецепторларымен қамтамасыз етілген (сору, ауырлық, температура сезімі), ол рецепторлар ауыз қуысына түскен барлық заттарды тексеріп бақылап отырады.
· Тілдің сілемейлі қабығында арнайы дәм сезу рецепторы болады, сондықтан тіл-дәм сезу ағзасы.
· Тіл сөйлеу қызметінде де маңызды рөл атқарады. Ол жұтқыншақтың дыбыс шығару аппаратында сөйлегенде дыбыстардың қалыптасуына қатысады.
· Тілдің пішіні және орналасуы оның функционалдық жағдайына байланысты. Тіл тыныш қалпында тығыздалған, күрек тәрізді формада болады және толығымен дерлік ауыздық қуысты алып жатады. Тілдің жингі мен ұшы (apex) алдыңғы тістердің (альвеоларлы өсінділердің) ішкі беткейінде орналасады, арқасы болса жұмсақ және қатты таңдаймен жанасады. Бұлщықет арқылы тіл төменгі жақпен, тіл асты сүйегімен және де самай сүйектің біз тәрізді өсінділерімен байланысқан. Артынан және астыңғы жағынан жалпақ негізімен тілдің түбірі (тамыры) тіласты сүйегімен бітеді (27-сурет)
Тілдің 2 бөлігі бар: алдыңғы, үлкен горизонтальды (көлденең) жатыр, артқы бөлігі жұтқыншаққа қарайды, вертикальды (тік) орналасақан
МАЗМҰНЫ:
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1356 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тілдің дамуы | | | Специальные исследования |