Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Беттің және ауыз қуысының дамуы

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Ауыз қуысының дамуына қайта орала отырып ескеретін жағдай, ауыздық қойнау тек қана ауыз қуысының алдыңғы бөлігі ғана емес, болашақ мұрын қуысының да белгісі болып табылады. Олардың қалыптасуы мен жіктелуі дамудың төртінші және оныншы апталары аралығында болатын беттің дамумен тығыз байланысты.

Бастапқыда ауыздық қойнаудың кіреберісі бес өсіндімен шектелген саңылау тәрәздә болады. Бұл саңылаудың жоғарғы шеті тақ маңдайлық өсініден және оның бүйірінде орналасқан жоғарғы жақ өсінділерінен тұрады. Соңғылары мандибулярлы доғаның дорзальды бөлігінің туындысы болып табылады (2-сурет). Ауыз саңылауының төменгі шетінің дамуына бірінші желбезектік доғаның вентральды бөлігінен туындайтын екі төменгі жақсүйектік өсінді қатысады. Дамудың бесінші аптасында маңдайлық өсіндіөзінде пайда болған иіс сезу шұңқырларының арқасында бірнеше бөліктерге бөлінеді (3-сурет). Оның иіс сезу шұңқырларының арасындағы ортаңғы сызықта орналасқан бөлігі маңдайлық өсінді атауын сақтайды, ал иіс сезу шұңқырларын қоршайтын таға тәрізді дөңес жерлер медиальді және латеральді мұрындық өсінділерге айналады. Латеральдық мұрындық өсінді жоғарғы жақсүйектік өсіндіден мұрындық көзжасы жүлгесінің көмегімен бөлініп тұрады. Ол көзшаралық ойықты (орбиталық) иіс сезу шұңқырларымен байланыстырып, нәтижесінде мұрынкөзжасылық каналды түзіп жабылады. Бұл канал арқылы сұйықтық конъюнктивальді қаптан мұрын қуысына ағады. Осы кезде бір-бірімен, сонымен қатар медиальдық мұрындық өсінділермен жақындасып бітісетін жоғарғы жақсүйектік өсінділердің қарқынды өсуі басталады. Медиальды мұрындық өсінділер де мөлшерлерін үлкейтіп, өзара бітіседі. Барлық өсу процечтері нәтижесінде жоғарғы жақсүйектің және жоғарғы еріннің бастамасы пайда болады. Ескеретін жағдай, күрек тістер орналасатын жоғарғы жақсүйектің ортаңғы бөлігі және жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігі (philtrum) аумағы медиальды мұрындық өсінділердің жанасуының нәтижесінде пайда болады, ал жақсүйек пен жоғарғы еріннің қалған бөліктері жоғарғы жақсүйектік өсінділерден дамиды.

Эмбриональды ұрықтардың бірігіп өсуінің аналогиялық үрдісі мандибулярлы доғаның аумағында да жүреді. Төменгі жақсүйектік өсінділер ортаңғы сызықта бірігіп өсіп, төменгі жақсүйек пен төменгі ерінге бастама береді. Өсінділердің бірігуі дамудың 5-6 аптасында байқалады(4 сурет)

Осылайша, медиальді мұрындық өсіндінің туындылары болып мұрынның ұшы және арқасы,мұрындық қалқа, жоғарғы еріннің ортаңғы бөлігі және жақаралық сүйек табылады.

Латеральды мұрындық өсіндінің туындылары: мұрын қанаттары,тор тәрізді сүйектің лабиринттері, мұрын сүйектері және көзжасы сүйектері.

Жоғарғы жақсүйектік өсінділердің туындылары: жоғарғы еріннің латеральды бөлігі,бет, мұрын қуысының бүйір қабырғасы, жоғарғы жақсүйек,бетсүйек, таңдай сүйегі, сына тәрізі сүектің қанаттәрізді өсіндісінің медиальды пластинкасы.

Төменгі жақсүектің өсіндісінің туындылары:төменгі ерін, төменгі жақсүйек, ауыз қуысының түбі.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер | Тістердің шығуы | Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу. | Тістердің дамуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тіс ауытқулары.| Таңдайдың дамуы және біріншілік ауыз қуысының екіншілік ауыз қуысына және мұрын қуысына бөлінуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)