Читайте также:
|
|
Лигандтар бойынша жіктеу кешендердің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Алдымен құрамында молекулалық монодентатты лигандтарды қарастырайық, оларға аквокешендер, амминкешендер (қысқаша амминдер), металл карбонильдері жатады. Құрамына лигандтар ретінде су молекуласы ғана енетін болса аквокешендер [Co(H2O)4]×SO4×H2O, аммиактан амминкешендер [Co(NH3)6]Cl2, көміртек (II) оксидінен карбонилде р түзіледі.
Лигандтары қышқыл қалдықтары, басқа да аниондар болып келетін кешендердің жалпы аталуы ацидокешендер. Оларды дәлірек лигандтарының түріне орай фторо [AlF6]3-, бромо [AuBr4]- циaно [Au(CN)6]- йодо [TiI4]- кешендер деп те атайды. Егер құрамына ОН- иондары енсе гидроксокешендер шығады: K2[Be(OH)4], Na2[Zn(OH)4] т.т.
Галогендердің молекулалары бос галогендермен және күкіртпен толықса полигалогенидтер K[I×I2] немесе K[I3] және полисульфидтер K2S×S=K2[S2] шығады.
Жоғарыда сөз етілген кешен түзушінің құрамына бір ғана кіретін моноядролы кешендермен қоса бірнеше атом енетін полиядролы кешендер де болады:
[(NH3)5Co-OH-Co(NH3)5]Cl5, |
OH [(NH3)4Co Co(NH3)4]Cl4 OH |
Екі ядроның арасын байланыстыратын лиганд (ОН) көпірше деп аталады.
Халықаралық атаулар жүйесінің талаптарына сай кешенді қосылыстар құрамындағы теріс зарядталған бір элемент атомының лигандтарының атауының түбірінің соңына «о» деген дауысты дыбыс жалғанады. Мысалы, F-(фторо), Cl-(хлоро), O-2 (оксо) дәстүр бойынша күкірттің анионы S-2 (тио) т.б. Күрделі құрамды аниондардың «ат» жұрнағының соңына «о» дыбысын қосады: SO (сульфато), NO (нитрато), CO (карбонато). Ал негіздерге тән гидроксид ионы кешенді қосылыстары лигандына айналғанда қысқартып, гидроксо сөзін қолданады. Егер лигандтар бейтарап бөлшек түрінде болса негізінен олардың көпшілікке таныс халықаралық атаулары аталады: H2O (акво), NH3(аммин), CO(карбонил), CS(тиокарбонил), NO(нитрозил) т.б.
Кешенді қосылыстардың халықаралық аталымдары бұрыннан білетін тұздардың атаулар жүйесіне ұқсайды. Катион-анион жүйесін сақтай отырып, ішкі сфералардағы бөлшектердің атауы мен санын көрсете отырып, соңынан басына қарай атай бастайды.
Сыртқы сфералы бейтарап кешенді қосылыстардың атауы былайша құрылады: шаршы жақшада орналасқан құраушылардың алдымен сандары көрсетілген теріс зарядты лигандтар, одан соң бейтарап лигандтар, ақырында кешен түзушінің өзі қосылып бүкіл атау бірге аталады. Мысалы, [Pt(NH3)2Cl2] дихлородиамминплатина(0), мұндағы 0 – кешенді қосылыстың бейтараптылығын көрсетеді.
Катионды кешендердің атауы катион-аниондық реттілікті сақтайды: алдымен катиондағы лигандтарды солдан оңға қарай санын көрсете отырып атап, кешентүзушінің атау септіктегі нұсқасын сақтап, жақшада рим сандарымен тотығу дәрежесін көрсетіп, сыртқы сферадағы анионның атауын ілік септікте береді. Мысалы, [Al(H2O)6]Cl3 гексааквоалюминий(III)хлориді немесе гексааквоалюминийтрихлориді, [Co(NH3)4Cl]SO4 монохлоротетраамминкобальт(III)сульфаты, [Co(NH3)6](SO4)Cl гексаамминкобальт(III)хлорид-сульфаты
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 344 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бейтарап кешендерді сипаттаңыз | | | Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. |