Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел миелобласты лейкоздың диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша

Читайте также:
  1. Айғылы жағдайларды тергеу реті
  2. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
  3. Жедел миелобласты лейкоздың диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша
  4. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.
  5. Клиникалық есеп бойынша жауап эталоны
  6. Клиникалық есеп бойынша жауап эталоны

Медициналықсимуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жедел миелобласты лейкоздың диагностикасы»

 

Жағдайлық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 40 жастағы науқас түсті.

Ø Анамнезін жинап және науқасты қараңыз

Ø Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз

Қорытынды нәтижесі (outcomes):

Ø Қан құру жүйесінің ауруы бар науқасты физикальді қарау және сұрастыру жүргізу

Ø Жедел лейкоздың және оның асқынуларынының клиникалық диагностикасы

Ø Жалпы қан анализін, миелограмманы, цитохимиялық зерттеу, сүйек кемігінің иммунофенотипирлеу нәтижелерін интерпретациялау:

Ø Тыныс жетіспеушілігі, жедел респираторлы дистресс-синдромы кезінде шұғыл көмек көрсету

Ø Жедел лейкозбен науқасты жүргізу тәсілі, индукция ремиссиясын мониторингі

 

Жедел миелобласты лейкоздың диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының аты-жөні____________________________Емтихан күні __________

Емтихан қабылдаушы _____________________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау критерилері Баллдық бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындамады Орындамады
  Анамнезін және шағымын жинау 1,0 0,5  
  Физикальді қарау 1,0 0,5  
  Лимфотүйіндерін пальпациялау 1,0 0,5  
  Көкбауырды пальпациялау және шекараларын анықтау 1,0 0,5  
  Алдын-ала диагнозды құру 1,0 0,5  
  Салыстырмалы диагнозды жүргізу жоспары 2,0 1,0  
  Зерттеу жоспарын тағайындау: ЖҚА, көкбауырдың УДЗ, ЭКГ 1,0 0,5  
  Арнайы: стернальді пункция, цитохимиялық зерттеу және сүйек кемігінің иммунофенотипирлеуі, миелограмма 2,0 1,0  
  Жалпы қан анализін интерпретациялады 1,0 0,5  
  Миелограммы интерпретациялады 1,0 0,5  
  Көкбауырдың УДЗ интерпретациялады 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды негіздеді 2,0 1,0  
  Госпитализацияның қажеттілігін негіздеді 1,0 0,5  
  Емдеу қағидаларын анықтады. Негізгі емдеу тәсілі. 1,0 0,5  
  Қосымша емдеу тәсілі. 1,0 0,5  
  Толық клинико-гематологиялық ремиссия қағидаларын атады 1,0 0,5  
  Науқаспен оптимальді қатынас орнату және қобалжуды басу 1,0 0,5  
Барлығы 20 балл

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: кенет әлсіздікке, шаршағыштыққа, шамалы күштемеден кейін ентігу, жұтынғанда тамағының ауыруы, дене қызуының 39,2° С дейін көтерілуі, тершеңдік, айқын арықтау, денесінде, аяқ-қолдарында бірлі-жарым көгерулер.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Әлсіздіктің пайда болу ұзақтығы Әлсіздік қашан мазалай бастады? Динамикада әлсіздік күшейді ме? Әлсіздік 1 ай бұрын пайда болды және динамикада айқын күшейді
Ентігудің сипаты және ұзақтығы   Ентігу қашаннан бері мазалайды? Неден кейін пайда болады? Ентігу шамамен 2 аптадай мазалайды, шамалы физикалық жүктемеден кейін пайда болады
Тамағындағы ауыру сезімінің ұзақтығы Тамағыңыздағы ауыру сезімі қашан пайда болды? Тамағымдағы ауыру сезімі 3 күн мазалайды
Дене қызуының ұзақтығы Дене қызуы қашаннан бері көтеріледі және қандай сандарға дейін жетті? Тамағым ауыра бастағаннан бастап дене қызуым да 3 күн көтерілуде, 39,2°С көтеріледі
Арықтау сипаты Қадай уақытта қанша килограмм Сіз жоғалттыңыз? Тамақтануда шектеулер болды ма (мысалға,емдәмді ұстану)? Бір айда 10 кг аздым, емдәм ұстанымдары болмады
Геморрагиялық синдромның сипаты Денеңізде, аяқ-қолдарыңызда петехиялар қашан пайда болды? Мұрыннан қан кетулер болды ма? Нәжістің түсі қара ма? Әлде қан нәжісте қан ұйындылары болды ма? «Кофе түсті» құсықтар болды ма? Денемдегі, аяқ-қолдарымдағы «көгерулер» бір апта бұрын пайда болды. Мұрыннан қан кетулер, түсі қара нәжіс, нәжісте қан ұйындылар, «кофе түсті» құсықтар болмады
Этиологиялық факторды анықтау Сіздің кәсіби жұмысыңыз қандай да бір зияндықтармен байланыстары бар ма (ионизирлеуші радиация, химиялық және т.б. заттармен қатынастар болды ма)? Ия, мен ядерлік физика Институтының радиология лабораториясында инженер-физик болып жұмыс жасаймын. 3 ай бұрын радиоактивті заттарды тасуға көмек жасадым.

 

Анамнезі: өзін шамамен 1 ай бойы ауру деп санайды. Ентігу, тез шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Бірақ жұмысқа барып жүрген. Динамикада әлсіздігі өрши бастаған, 2 апта бұрын ентігу қосылған, алғашқы кезде қарапайым физикалық күштемеден кейін мазаласа, сосын – шамалы күштемеден кейін мазалайтын болған. Соған байланысты науқас демалыс алып, үйінде жатқан. Соңғы айда 10 кг азғанын байқаған. Денесінде, аяқ-қолдарында «петехиялар» бір апта бұрын пайда болған. 3 күн бұрын жұтынғанда тамағында ауыру сезімі, кенет дене қызуы 39,2°С дейін көтерілген. Науқас өздігімен парацетамол, бисептол қабылдаған – нәтижесіз. Жағдайы нашарлап, дәрігерге қаралды.

Вирусты гепатит, туберкулез, венерологиялық ауруларды жоққа шығарады. Зиянды әдеттері жоқ. Аллергоанамнез, тұқым қуалаушылық өзгеріссіз. не отягощены. 10 жылдай ядерлік физика Институтының радиология лабораториясында инженер-физик болып жұмыс жасайды, 3 ай бұрын радиоактивті заттарды тасуға көмектескен.

Объективті: бойы 175 см, дене салмағы 65 кг. Науқастың жағдайы ауыр. Тері жабындылары боз, ылғалды. Денесінде, аяқ-қолдарында бірлі-жарым 0,5 смден 1,5 см дейін геморрагиялық бөртпелер анықталды. Жақ асты, алдыңғы мойын лимфа түйіндері 2 см ұлғайған, эластикалық, қозғалмалы, ауыру сезімді. Ісіктері жоқ. Иектері борпылдақ, гиперплазияланған, ойық жаралы-некротикалық баспа және стоматит белгілері көрінеді. Өкпесінде тынысы везикулырлы, сырылдар жоқ. ТАЖ – 16 рет мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс, АҚҚ 110/70 мм сб.б. ЖСЖС 108 рет/мин. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған. Оң бүйірде жатқанда көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады. Ұрғылау симптомы теріс. Нәжісі және зәр шығаруы өзгеріссіз.

 

Жалпы қан анализі Эритроциттер – 3,0 х 1012/л Гемоглобин – 86 г/л Түсті көрсеткіш – 0,86 Тромбоциттер – 15,0 х 109/л Лейкоциттер – 30,9 х 109/л Бласттар – 32% Таяқшаядерлі – 1 % Сегментядерлі – 39% Лифоциттер – 20% Моноциттер – 8% ЭТЖ– 64 мм/сағ Миелограмма: Сүйек кемігі 76% бласты жасушалармен қапталған. Қызыл өсінді тежелген. Мегакариоциттер 0-1 к/а. Тромбоциттердің шешілуінің кідіруі анықталады.
Көкбауырдың УДЗ: Ұзындығы 18 см, қалыңдығы 7 см. Аумағы 92 см2. Құрылымында – жайылмалы өзгерістер.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эталон ответа по клиническому случаю| Жедел миелобласты лейкоздың диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)