|
Әрбір қайғылы жағдайда зардап шегуші немесе куәгер жедел түрде жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға хабарлауы керек.
Жұмыс беруші немесе жұмысты ұйымдастырушы келесі әрекеттерді орындауғы міндетті:
- зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және оның денсаулық сақтау ұйымына жеткізілуін ұйымдастыру;
- тергеу басталғанша қайғылы жағдай орын алған жердегі жағдайды сақтау, яғни, жабдықтар мен тетіктердің, сонымен қатар оқиға орын алған уақытта еңбек саймандарынның жай-күйін және қайғылы жағдай болған жерді фотоға түсіруі қажет;
Ұйымның денсаулық сақтауға жауапты лауазымды тұлғалары әрбір алғашқы жарақатпен немесе өндірістегі жұмысшылардың денсаулықтары өзге де зиян шегуін ақпараттандыру керек, сонымен қатар кәсіби өткір ауру (улану) жағдайында мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық ұйым қызметі.
Өндірістегі қайғылы жағдай туралы немесе жұмысшылардың өзге де жарақат алуын жұмыс беруші хабарлайды:
- еңбек бойынша аймақтық бөлімше мемлекеттік уәкілетті органына;
- ұйым жұмысшыларының өкілдеріне (кәсіподақ)
- сақтандыру ұйыммен сәйкес келісімшарт болу жағдайында сақтандыру ұйымына;
- кәсіби ауру немесе улану жайлы жергілікті облыстық санитарлы-эпидемиологиялық органдарына.
Кәсіби ауру немесе өткір кәсіби ауру (улану) жағдайларында облыстық санитарлы-эпидемиологиялық орган қызметі тергеу жүргізу комиссиясында қатысады.
Өткір кәсіби ауру (улану) жағдайында облыстық санитарлы-эпидемиологилық қызмет органы жиырма төрт сағат аралығында жеке тергеу жұмыстары жүргізіледі, ал кәсіби созылмалы ауру – хабарлама алған сәттен бастап жеті күн аралығында.
Жұмыс беруші немесе зардап шегушімен сәйкес келісімшарт болған жағдайда комиссия жұмысына сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
Өндірістік тапсырма орындау үшін басқа ұйымға бағытталған жұмыскермен, сонымен қатар өндірістік практика өтіп жатқан, жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан тұлғамен болған қайғылы жағдайда оқиға орын алған аймақта зардап шегушінің өкілетті өкілдерінің қатысуымен, ұйым жетекшісі құрған комиссия тергеу жұмыстарын жүргізеді.
Көлік құралдарының апаттары нәтижесінде орын алған қайғылы оқиға көлік инспекция органдарының тергеу материалдары негізінде жүргізіледі.
Қайғылы жағдайларды тергеу комиссия төрағасының талап етуі бойынша көлік инспекция органдары көліктік оқиға орын алған күннен бастап бес күндік мерзім ішінде қажетті құжаттардың көшірмесін көрсетулері керек.
Жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға уақытылы хабарламау натижесінде, немесе еңбекке жарамсыздық бірден болмаған қайғылы оқиғалар зардап шегушінің арызы немесе мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы бойынша ұйғарым алу үшін арыз тіркелген күннен бастап он күн аралығында тергеу жұмыстары жүргізіледі.
Қайғылы оқиға орын алған уақыттан бастап жиырма төрт сағат аралығында ұйым жетекшісі құрған комиссия тергеу жүргізеді, оның құрамында:
- төрағасы - ұйым жетекшісі (өндірістік қызмет) немесе оның орынбасары;
- мүшелері – қауіпсіздік қызметінің жетекшісі және ұйымның еңбек күзеті, зардап шегушінің сенімді тұлғасы (келісім бойынша).
Арнайы тергеуге жатады:
- ауыр немесе өлім орын алған қайғылы оқиғалар;
- зардап шегушілердің жарақаты ауырлық дәрежесіне байланысты емес, бір уақытта екі немесе одан көп жұмыскермен орын алған топтық қайғылы жағдай;
- өткір кәсіби аурудың (улану) топтық қайғылы жағдайлары.
Қайғылы оқиғаның ауырлық нәтижесіне байланысты арнайы тергеу он күн аралығында еңбек бойынша аймақтық уәкілетті орган құрған комиссия жүргізеді, оның құрамында:
- төрағасы – мемлекеттік еңбек инспекторы;
- мүшелері – жұмыс беруші, зардап шегушінің сенімді тұлғасы.
Топтық қайғылы оқиға нәтижесінде екі адам қаза тапқан жағдайда, тергеу жұмыстарын облыстық еңбек госинспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Топтық қайғылы оқиға нәтижесінде үш-бес адам қаза тапқан жағдайда мемлекеттік еңбек бойынша уәкілетті орган, ал бестен көп адам қаза тапқан жағдайда Қазақстан Республикасының үкіметі құрған комиссия тергеу жүргізеді
Эксперттік шешім талап етілген сұрақтарды шешу үшін, арнайы тергеу жүргізу комиссия төрағасы эксперттік подкомиссиялар құрады.
Зардап шегушіні, іс-түссіз жоғалғандарды ары қарай іздестіру апат-құтқарушы бөлімше жетекшісінің шешімі бойынша арнайы тергеу жүргізу комиссиясы, заңмен ескерілген эксперт-мамандар анықталады.
Арнайы тергеу бойынша комиссия төрағасының келісімісіз куәгерлерге сұраныс өткізу, сонымен қатар қайғылы оқиғаға байланысты параллель немесе ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндері басқа комиссиямен тергеу жұмыстарын жүргізуге тиым салынады.
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Есепті тексеру | | | Бу турбиналы қоңдырғыларға қойылатын қауіпсіздік техника талабы |