Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

К-100-90 турбинасының қысқаша сипаттамасы

Читайте также:
  1. Алаќты насостыњ тиімді ж‰мыс зонасын оныњ сипаттамасында кµрсетіњіз.
  2. Озғалтқыштың шу сипаттамасының есебі

 

ЛМЗ-ның К-100-90 түріндегі бу турбинасының номиналды қуаттылығы 110 мың. кВт және максималды 115 мың. кВт 3000 айналым/мин конденсациялық қондырғы мен екі сатылы желі суының қайнатылып келуі генератордан айнымалы тоқтың қуаттылығы 120 мың. кВт ТВФ-120-2 түріндегі сутегінің суытылып үздіксіз келуіне арналған.

Турбина автоматты тоқтатқыш клапонның алдында өлшенген, 535°С температура шамасында және қысым 9,0МПа болған жағдайындағы жаңа бумен жұмыс істеуге есептелінген. Конденсаторға кірердегі суытылатын сулардың есепті температурасы 10°С. Суытылатын судың номиналды саны– 16000 м3/сағ.

Жаңа будың номиналды шығыны - 420т/сағат құрайды, номиналды режимдегі конденсаторға келіп түсетін будың минималды есепті саны, жүйелі жылытқыштар жылытудың төменгі және жоғарғы сатыларында қосылған, жабық диафрагма 18 т/с құрайды.

Турбинада екі жылытқыш іріктеу (құрал) бар олар – жоғарғы және төменгі, жүйелі суды сатылап жылытуға арналған.

Номиналды жылыту жүктемесі (жиынтық екі іріктеу бойынша)

175 Гкал/сағ (Q буы =340 т/сағ) жаңа будың номиналды параметрлерінде қамтамасыз етіледі, конденсаторға кірердегі номиналды шығындағы суытылатын судың температурасы 10оС.

Турбина жиырма жеті сатыдан тұратын, бір білікті үш цилиндрлі агрегат болып табылады. Турбинада буды бөлетін шүмек бар. Бу қораптарында орналасқан цилиндрде қайнатылған жаңа бу, тоқтатқыш клапоннан қайта жүретін тұрбалар арқылы төрт реттеуші клапонға түседі.

ЖҚЦ – бу жүргіздіретін орташа мойынтіректің жағында орналасқан (жоғары қысымды цилиндр ағымға қарсы орта қысымды цилиндрге сәйкес жасалған). Соған сәйкес ЖҚЦ – сол жақ айналымы күрек тәріздес құрылғы. Екі реттеуші клапон ЖҚЦ жоғарғы жағында орналасқан және екеуі төменде орналасқан. Барлық клапондар бір тоқымды, жүктен босатылған емес. Жоғары қысымды цилиндр – құйылған, арнайы құйылған (табандары) бар, олар турбина мойынтірегінің алдыңғы және екіншісіне сүйенеді. Цилиндрде екі реттелінетін топай саты мен сегіз қысым сатысы бар. Ротор тұтас қорытылған жоғарғы қысым.

ЖҚЦ бу қайта жүретін төрт тұрбалар арқылы ОҚЦ бағытталады. ОҚЦ құйылған бу жүргіздіретін бөліктен тұрады және дәнекерленген газ шығаратын тотық бөліктерден, өзара жазық кеңістікте біріккен ернемек арқылы бірігеді. ОҚЦ табандарымен орта мойынтірекке және ТҚЦ газ шығаратын тотық бөліктеріне сүйенеді. Орта қысымды цилиндрде он төрт саты бар. Оныншы және он бірінші сатыдағы диафрагма цилиндрдің жонып өңдеу бөлігінде орналасқан, ал қалған диафрагмалар - жонып өңдеу шеңберінде орналасқан. ОҚ ротардың алғашқы сегіз дискісі білікпен бірге соғып шығарылған, ал қалған алтауы – қондырылғандар. Орта қысымды цилиндрден бу жылыту қажеттілігіне алынады және қалпына келтіреді және екі тұрба арқылы ТҚЦ бағытталады, сол жерден екі ағынға бөлінеді. ТҚЦ әрбір ағыны екі сатыдан тұрады: біріншісі – реттелетін, ал екіншісі – қысым сатысы. Төменгі қысым роторы төрт қондырғы дисктен тұрады. ТҚЦ жиырма төртінші және жиырма алтыншы сатыларының алдында бұрылатын сақиналардың екі реттеуші диафрагмасы орналасқан, реттелетін іріктеу камерасындағы төменгі қысым бөлігіне жіберілетін буды реттейді.

Турбинаның ыстық жағдайынан жеңіл түсу мақсатымен оның жұмыс уақытында жүктеме астыңдағы бу температурасының оңтайлылығын жоғарылату, соңғының алдындағы камераға ЖҚЦ алдыңғы тығыздалғандары беріледі, ыстық буды реттейтін клапондардың штоктарымен араластыру есебінен немесе бастапқы бу құбырының есебінен жоғарылайды.

Пайдалы судың қайнауы 232 оС температурасына дейін турбинаның номиналды жүктемесі кезіндегі регенераторды қондыру арқылы жүзеге асады.

Кері клапондар, турбинадан шыққан бу іріктеу құбырларында қондырылған турбина ротарының кері ағын буының екпінін жою үшін қызмет етеді. Олардың еріксіз жабылуы үшін жетегінің клапондары жабдықталған. Генератордың желіден сөндірілуі тоқтатқыш клапонды жабу кезінде жетектердің жүзеге асуы. Жетектер взводы қашықтықтан щит арқылы өндіріледі.

Турбина келесі пунктермен жабдықталған:

- білікті айналатын қондырғы, электр двигателінің А2-81-8 түрінен айналымға әкелетін, 220/380 В кернеумен, қуаттылығы 22 кВт және 750 айналым/мин. Білікті айналатын қондырғы ротардың майысуын қайнатылған жағдайында тоқтатады және оның тоқтауынан кейін турбинаны әр түрлі уақыт аралығында жиберуге рұқсат етіледі. Білікті айналатын айналымының жылдамдығы шамамен 4 айналым/мин;

- іске қосылып – жуылатын қоңдырғы, турбина іске қосылған кезде жаңа будың температурасын азайтуға рұқсат етіледі, сонымен қатар төмендетілген жүктеме кезінде турбинаның ағын бөліктерін жууға рұқсат етіледі.

- басқарудың бағдарламалық механизмі (синхронизатормен), жұмыскерлердің қауіпсіздік автомат механизмінің жаттығуы үшін, тоқтатқыш клапонның және реттеуші клапонның ашылуы, айналым диафрагмасы, генератордың қосылу уақыты кезінде және синхронизация уақытындағы айналым сандарының өзгеруі, жиын үшін және берілген электрлік жүктемені қолдау үшін жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Реттеуші саты есебі | Реттелмейтін сатылардың жылу есебі | Бастапқы мәліметтер | Регенерация жүйесіне салыстырмалы бу шығынын табу | Жылу балансының теңдеуінен салқындатқыш су шығынын анықтаймыз | Конденсатордан кейінгі, «құбырдағы құбыр» типіндегі жылу алмастырғыш аппаратының есебі | Жіңішкертетін құрылғыны таңдау | Рейнольдс санын анықтау, Re | Есепті тексеру | Айғылы жағдайларды тергеу реті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| H-S диаграммадағы турбинаның жылу үрдісінің алдын-ала құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)