Читайте также:
|
|
Жіктелу энериясының мәні үлкейе түседі. d-деңгейшесін жіктеу қабілетіне орай лигандтар мынадай стехиометриялық қатар түзеді:
СО, СN->NO >NH3>NCS->H2O> H2O>F->Cl->Br->I-
Кешендерді эксперименттік зерттеуден және квантмеханикалық есептеулерден табылған бұл спектрхимиялық қатардағы әрбір лигандтың өзінен кейін орналасқан лигандтарға қарағанда d-деңгейшесін күштірек жіктейтіні көрініп тұр.
Энергия d ![]() ![]() |
Кристалдық өрістегі энергиялық деңгейлердің жіктелу шамасына кешентүзушінің заряды және ондағы d-электрондардың типі әсер етеді. Ион заряды өскен сайын D-мәні де үлкейеді, себебі лигандтар ионға жақынырақ орналасып d-деңгейшелердің көбірек жіктелуіне әкеледі. Периодтағы d-элементтердің 4-шіден 5-ші топшаға ауысқанда, әсіресе 6-периодқа барғанда біртипті кешендерінің жіктелу энергиясы байқаларлықтай артады. Бұл 4d және 5d орбитальдардың әсері 3d орбитальдарымен салыстырғанда ядро маңынан алысырақ кеңістікке таралады. Осыған байланысты 4d және 5d деңгейшелердегі орбитальдар 3d-ға қарағанда күштірек тебіліп, көбірек жіктеледі.
Кристалдық өріс теориясы октаэдр типтегі кешендерден басқа тетраэдрлі, квадратты және сызықты түріне де қолданылады. Мәселен, тетраэдр пішінді кешендерде de орбитальдар(dху, dхz, dyz ) da (d , d
) орбитальдармен салыстырғанда лигандтарға жақынырақ орналасқан. Демек олардың тебілуі күштірек болады да тетраэдр пішінді кешендегі d-орбитальдардың жіктелуі октаэдрлерде керісінше болады. Осылайша кешен түзушінің d-деңгейшесіндегі орбитальдар тетраэдрлік пішінді (Т) октаэдрге (0) қарағанда нашарлау жіктеледі. Оның жіктелу энергиясы 2 еседей төмендейді.
Dт= D0
Жазық квадратты кешендердегі Z осінің бойында орналасқан d орбиталіне тікелей әсер ететін лигандтар болмағандықтан оның энергиясы төмен қалпында қала береді. Керісінше d
, пен dху dху орбитальдарының жіктелуі күшейеді.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 442 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | | | D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. |