Читайте также:
|
|
Координациялық қосылыстардың кешенді ионының заряды бойынша оларды катионды, анионды және бейтарап деп жіктейді.
Лигандтары қышқыл қалдықтары, басқа да аниондар болып келетін кешендердің жалпы аталуы ацидокешендер. Оларды дәлірек лигандтарының түріне орай фторо [AlF6]3-, бромо [AuBr4]- циaно [Au(CN)6]- йодо [TiI4]- кешендер деп те атайды. Егер құрамына ОН- иондары енсе гидроксокешендер шығады: K2[Be(OH)4], Na2[Zn(OH)4] т.т.
Галогендердің молекулалары бос галогендермен және күкіртпен толықса полигалогенидтер K[I×I2] немесе K[I3] және полисульфидтер K2S×S=K2[S2] шығады.
Жоғарыда сөз етілген кешен түзушінің құрамына бір ғана кіретін моноядролы кешендермен қоса бірнеше атом енетін полиядролы кешендер де болады:
[(NH3)5Co-OH-Co(NH3)5]Cl5, |
OH [(NH3)4Co Co(NH3)4]Cl4 OH |
Екі ядроның арасын байланыстыратын лиганд (ОН) көпірше деп аталады.
Халықаралық атаулар жүйесінің талаптарына сай кешенді қосылыстар құрамындағы теріс зарядталған бір элемент атомының лигандтарының атауының түбірінің соңына «о» деген дауысты дыбыс жалғанады. Мысалы, F-(фторо), Cl-(хлоро), O-2 (оксо) дәстүр бойынша күкірттің анионы S-2 (тио) т.б. Күрделі құрамды аниондардың «ат» жұрнағының соңына «о» дыбысын қосады: SO (сульфато), NO (нитрато), CO (карбонато). Ал негіздерге тән гидроксид ионы кешенді қосылыстары лигандына айналғанда қысқартып, гидроксо сөзін қолданады. Егер лигандтар бейтарап бөлшек түрінде болса негізінен олардың көпшілікке таныс халықаралық атаулары аталады: H2O (акво), NH3(аммин), CO(карбонил), CS(тиокарбонил), NO(нитрозил) т.б.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 370 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. | | | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. |