Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз
Алғашқы квантмеханикалық тұрғыдан зерделейтін валенттік байланыс теориясы бойынша кешентүзуші орталық атом мен лиганд өзара донорлы-акцепторлы жолмен байланысады. Көбіне кешентүзуші байланыс түзуге өзінің бос орбитальдарын пайдаланады, ал лиганд болса жұмсалмаған электрон жұбын, яғни қос электронды дайын орбиталын қолданады. Бұл жағдайда кешентүзуші атом не ион – акцептор, ал лигандтар – донор функциясын атқарады.
Сутек катионы мен аммиак молекулаларының арасындағы түзілетін гибридті байланысты ұяшықтар арқылы бейнелесе:
NH3+H+®NH
|
|
химиялық байланыстың гибридті орбитальдары
|
2s 2p
|
Енді d-орбитальдары қатынасатын гибридті байланыс түзетін Со3+ионы мен аммиактың кешенді қосылыс түзуін қарастырайық:
Со3+ +6NH3®[Co(NH3)6]3+
Кобальт катионының валенттік электрондарының конфигура-циясы мен квант ұяшықтарда орналасуы мынадай:
Кобальт ионының 4 бос орбиталі 6 лиганд молекуласымен байланысу үшін гибридтенуге мәжбүр, яғни 3d орбитальдағы жалқы электрондар өзара жұптасып, тағы 2 донорлы-акцепторлы байланыс түзуге мүмкіндік туғызады:
(Со3+)* 3d64s04p0
|
|
| 3d 4s 4p
|
(* - белгісі ионның қозған күйде екенін білдіреді)
Кобальт ионының d2sp3 бос гибридті орбитальдарымен 6 аммиак молекуласының құрамындағы азот атомдарының екі электронды орбитальдары жұптасқанда кешенді катион түзіледі. Оның кеңістіктегі пішіні октаэдрге айналады.
Валенттік байланыс теориясының талаптарына сай түзілетін кешенді иондардың координациялық құрылысы мен кеңістіктегі пішінін орталық атом мен лигандтар өзара донорлы-акцепторлы байланысқанда пайдаланатын орбитальдардың типтеріне сәйкес айқындауға болады. Егер кешентүзуші кординациялық байланыс түзуге sp гибридті 2 орбиталін пайдаланса сызықтық, sp2 гибридті 3 орбиталін қолданса жазық үшбұрышты, sp3 гибридті 4 орбиталі жұмсалса тетраэдрлік, ал dsp2 гибридті 4 орбиталь болса шаршы, dsp3 гибридті 5 орбиталінен үшбұрышты бипирамида, d2sp3 гибридті 6 орбитальдан октаэдр пішінді кешендер түзіледі.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав
Читайте в этой же книге: Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен аталуы. | Ішкі және сыртқы сфераларын сипаттаңыз | Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз. | Бейтарап кешендерді сипаттаңыз | Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз | Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. | Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | Спектрхимиялық қатарды талдаңыз | D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. |
mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)