Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз.

Читайте также:
  1. Кешенді қосылыстардың алынуын талдаңыз.
  2. Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.
  3. Координациялық қосылыстардың тотыға тотықсыздана айналуларын талдаңыз.
  4. Кристалдық өріс теориясы: октаэдр, тетраэдр, жазық квадратты кешендерді талдаңыз.
  5. Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз
  6. Металлургия мен технологияның координациялық ролін талдаңыз.

d-орбитальдардағы электрондардың орналасу ретіне орай кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін түсінуге жол ашылады. d-орбитальдарда электрондардың орналасу реті олардың жіктелу энергиясы (D) мен өзара жұптасу энергиясының (р) шамасына тәуелді болады. Мұнда 2 түрлі жағдай болуы мүмкін. Біріншісі, лигандтың тудыратын өрісі әлсіз болса, жіктелу энергиясының шамасы электрондардың жіктелу энергиясынан аз болып шығады, яғни D<р. Бұл жағдайда d-орбитальдардың бәрі алдымен бір электронмен, содан соң екіншісімен толығады. Екіншісі, лигандтың тудыратын өрісі күшті болса, жіктелу энергиясының шамасы электрондардың өзара жұптасу энергиясынан асып кетеді, яғни D>р. Бұл жағдайда алдымен энергиясы төмен орбитальдар, содан соң жоғары энергиялы орбитальдар электрондармен толтырылады. Осы айтылған жағдайларға мысал ретінде үш валентті кобальттың фторокешені [CoF6]3- мен аммин кешенін [Co(NH3)6]3+ өзара салыстырайық. Со3+ ионындағы алты d-электрондарды өзара жұптастыру үшін 251 кДж/моль энергия қажет болады. Ал оның фторокешендегі жіктелу энергиясы 156 кДж/моль, амминкешендегісі 256 кДж/моль құрайды. Бұдан байқалатыны фторокешеннің жіктелу энергиясының шамасы электрондардың жұптасу энергиясынан аз, олай болса мұндағы электрондар бірден de және da орбитальдарына орналаса алады. Ал амминкешенде, керісінше жіктелу энергиясы электрондардың жұптасу энергиясынан үлкендеу, сондықтан олар de орбитальдарына ғана жайғасады. Фторокешеннің төрт жалқы электроны бар, ал амминкешеннің электрондарының бәрі жұптасып кеткен. Олай болса кобальтты фторокешен ионы көп спинді кешенге, ал амминкешені аз спиндіге жатады. Жалпы алғанда d-деңгейшесінің әлсіз жіктелетін лигандтарының кешендері көп спинді, ал күшті жіктелетіндері аз спинді болып келеді.

[CoF6]3- [Co(NH3)6]3+

 

123-сурет. Co3+ ионындағы d-электрондардың октаэдрлік фторо- және аммин кешендерінің жіктелген d-орбитальдарға таралуы


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 496 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ішкі және сыртқы сфераларын сипаттаңыз | Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз. | Бейтарап кешендерді сипаттаңыз | Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз | Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. | Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. | Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз | Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз. | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Спектрхимиялық қатарды талдаңыз| Кристалдық өріс теориясы: октаэдр, тетраэдр, жазық квадратты кешендерді талдаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)