Читайте также:
|
|
Кешентүзуші ион лигандтардың октаэдрлік қоршауында болсын. Бұл жағдайда октаэдр пішінді кешен орталық атомы координаттар жүйесінің орталығында тұр десе, үш осьтің бойындағы dху, dхz, dyz орбитальдарындағы лигандтарға қарағанда d , d кешентүзушінің валенттік орбитальдарына жақындау болатындықтан оның әсерін молырақ сезіп, электрстатикалық қаттырақ тебіледі. Демек, бұл жағдайда d орбитальдардағы электрондардың энергиясы бірдей болмайды, анық айтқанда d , d орбиталіндегі электрондардың бойындағы энергия dху, dхz, dyz электрондармен салыстырғанда жоғарырақ болады. Сонымен бос күйіндегі немесе сфералық өрістегі бес d орбитальдардың энергиясы октаэдрлік өріске түскенде бірдей болмай 2 топқа жіктеледі: d , d (da тобындағы орбитальдар) және dху, dхz, dyz (dγ тобындағы орбитальдар). Алғашқылардың энергиясы соңғылардікінен жоғарылау болады, олардың айырымын D - жіктелу энергиясы деп атайды. d-деңгейшесінің жіктелу энергиясының айырымы лигандтардың және кешен түзушінің табиғатына тәуелді. Лигандтар тудыратын өріс күштірек болса, кешен түзушінің d-деңгейшесіндегі орбитальдары күштірек жіктеледі. Жіктелу энериясының мәні үлкейе түседі. d-деңгейшесін жіктеу қабілетіне орай лигандтар мынадай стехиометриялық қатар түзеді:
СО, СN->NO >NH3>NCS->H2O> H2O>F->Cl->Br->I-
Кешендерді эксперименттік зерттеуден және квантмеханикалық есептеулерден табылған бұл спектрхимиялық қатардағы әрбір лигандтың өзінен кейін орналасқан лигандтарға қарағанда d-деңгейшесін күштірек жіктейтіні көрініп тұр.
Кристалдық өрістегі энергиялық деңгейлердің жіктелу шамасына кешентүзушінің заряды және ондағы d-электрондардың типі әсер етеді. Ион заряды өскен сайын D-мәні де үлкейеді, себебі лигандтар ионға жақынырақ орналасып d-деңгейшелердің көбірек жіктелуіне әкеледі. Периодтағы d-элементтердің 4-шіден 5-ші топшаға ауысқанда, әсіресе 6-периодқа барғанда біртипті кешендерінің жіктелу энергиясы байқаларлықтай артады. Бұл 4d және 5d орбитальдардың әсері 3d орбитальдарымен салыстырғанда ядро маңынан алысырақ кеңістікке таралады. Осыған байланысты 4d және 5d деңгейшелердегі орбитальдар 3d-ға қарағанда күштірек тебіліп, көбірек жіктеледі.
Кристалдық өріс теориясы октаэдр типтегі кешендерден басқа тетраэдрлі, квадратты және сызықты түріне де қолданылады. Мәселен, тетраэдр пішінді кешендерде de орбитальдар(dху, dхz, dyz ) da (d , d ) орбитальдармен салыстырғанда лигандтарға жақынырақ орналасқан. Демек олардың тебілуі күштірек болады да тетраэдр пішінді кешендегі d-орбитальдардың жіктелуі октаэдрлерде керісінше болады. Осылайша кешен түзушінің d-деңгейшесіндегі орбитальдар тетраэдрлік пішінді (Т) октаэдрге (0) қарағанда нашарлау жіктеледі. Оның жіктелу энергиясы 2 еседей төмендейді.
Dт= D0
Жазық квадратты кешендердегі Z осінің бойында орналасқан d орбиталіне тікелей әсер ететін лигандтар болмағандықтан оның энергиясы төмен қалпында қала береді. Керісінше d , пен dху dху орбитальдарының жіктелуі күшейеді.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 1125 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. | | | Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз. |