Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кешенді қосылыстардың алынуын талдаңыз.

Читайте также:
  1. D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз.
  2. Кешенді қосылыстардың диссоциациясын талдаңыз
  3. Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен аталуы.
  4. Кешенді қосылыстардың изомерленуін талдаңыз
  5. Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.
  6. Кешенді қосылыстардың тұрақтылығын талдаңыз

1. Зертханалық жағдайда біраз кешенді қосылыстарды алу үйреншікті күрделі тұздарды алуға біршама ұқсайды. Айталық, жоғарыда талданған дикалий тетрайодогидраргиратын алудың ең тиімді әдісінің бірі-ерімейтін ақ түсті ұнтақ – сынап йодидін түссіз калий йодидінің судағы ерітіндісіне салып әрекеттестіру

HgI2+2KI=K2[HgI4]

Бұл реакцияның үйреншікті қосылу реакциясына жататыны көрініп тұр.

2. Көптеген кешенді қосылыстардың құрамындағы иондар басқа жай иондармен өзара байланысып берік қосылыс түзе алады. Мысалы: темір (II) хлоридінің тетракалий гексацианоферраты-мен әрекеттесуі нәтижесінде ашық көк түсті кешен түзіледі:

4FeCl3+3K4[Fe(CN6)]=Fe4[Fe(CN6)]3+12KCl

cарғыш түссіз көк түссіз

Қысқарған иондық теңдеуінен бұл үдерістің де қосылу реакциясына жататыны байқалады:

4Fe3++3[Fe(CN)6]4-=Fe4[Fe(CN6)]3

3. Спектрхимиялық қатардағы орнына байланысты белсендірек лигандтың өзінен белсендірек лигандты ығыстырып шығаруын көруге болады. Бұл заңды құбылысты никель аквокешенінің амминкешенге айналуынан байқау қиын емес:

[Ni(H2O)6]SO4+6NH3= [Ni(NH3)6]SO4+6H2O

Кешенді қосылыстардың химиялық әрекеттесуінің заңдылығын тереңірек түсіну үшін олардың стандартты термодинамикалық параметрлерінің (DН0, DS0,DG0) мәнінің өзгеруіне сүйенген орынды. Мысалы, никельдің аквокешенінің ионындағы суды аммик молекуласының ығыстыруының үдерісін:

[Ni(H2O)6]2++6NH3 = [Ni(NH3)6]2++6H2O

энтальпия мен энтропияның өзгеруіне байланысты сипаттаса:

=-19ккал/моль, DS = -22э.б, DG = -12,44 ккал/моль екенін есептеу қиынға түспейді. Соңғы изобаралық-изотермиялық әлеуеттің мәнін пайдаланып, ығысудың қаншалықты терең жүретінін сипаттайтын тепе-теңдік константасында есептеп шығаруға болады.

4. Кейбір қосылыстар тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысып, өзінің тотығу дәрежесін өзгерте отырып кешенді қосылыстарға айнала алады. Оған мысал ретінде кобальт (II) хлоридінің оттекпен, мүсәтір мен аммиактың қатысуында гексаамминкобальт (III) хлоридінің кешенді қосылыс түзуін алуға болады:

4CoCl2+4NH4Cl+2NH3+O2=4[Co(NH3)6]Cl3+2H2O

Бұл реакцияның жүру заңдылығын түсіну үшін оны қысқарған тотығу-тотықсыздану үдеріс ретінде қарастыруға тура келеді:

4Co2++4NH4++2NH3+O2=4[Co(NH3)6]3++2H2O

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. | Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз | Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз. | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | Спектрхимиялық қатарды талдаңыз | D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. | Кристалдық өріс теориясы: октаэдр, тетраэдр, жазық квадратты кешендерді талдаңыз. | Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз. | Кешенді қосылыстардың тұрақтылығын талдаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кешенді қосылыстардың диссоциациясын талдаңыз| Кешенді қосылыстардың изомерленуін талдаңыз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)