Читайте также: |
|
Кешенді иондар ерітіндіде аз да болса диссоциацияланады, мысалы, кешенді ион [Со(NН3)6]3+диссоциацияланғанда мынадай тепе-теңдік орнайды.
[Co(NН3)6] «Co + 6NН3(ер.)
Жалпы түрде кез келген кешеннің диссоциациялануын былай жазады:
MLn «M+nL
Мұндағы М – кешен түзуші металдың ионы; L- лигандтар. Бұл кешеннің диссоциациялану константасы
KH=
Бұл константа кешеннің тұрақсыздық константасы депте аталады. Тұрақсыздық константасының физикалық мәнін(мазмұнын) ашу үшін мынадай екі жағдайды қарастырайық.
Бірінші жағдай: кешен түрақсыз, ерітіндіде көп диссоциацияланады. Онда ерітіндідегі диссоциацияланбаған кешеннің концентрациясы аз, ал бос күйіндегі металл иондары мен лигандтың концентрациясы көп болады. Демек, жоғарыдағы теңдеудегі бөлшектің алымы үлкен шама, ал бөлімі кіші шама болып, түрақсыздық константасының мәніүлкен болады.
Екінші жағдай. Кешен-тұрақты, ерітіндіде өте аз диссоциацияланады. Мұндай жағдайда кешенді ионның концентрациясы көп, ал бос күйіндегі металл иондары мен лигандтың концеңтрациясы аз болады. Осының салдарынан тұрақсыздық константасының мәні өтекіші шама болады. Сонымен тұрақсыздық константасының сан мәні кешеннің қаншалықты тұрақты екенін көрсетеді. Оның мәні неғұрлым кіші болса, кешен соғұрлым тұрақты болады. 8.7-кестеде кейбір кешенді иондардың диссоциациялану сұлбасы мен тұрақсыздық константалары келтірілген. Кешенді иондардың көпшілігі сатылап диссоциацияланады, мысалы,
[Аg(S2O3)2] «[Аg(S2O3)] +S2О
[Аg(S2O3)] «Ag + S2O3
Диссоциацияның әр сатысы өзінің константасымен сипатталады. Келтірілген мысалымызда бірінші сатының тұрақсыздық константасы
(KH)1= =1·10-1
екінші сатының тұрақсыздық константасы
(KH)2= =1·10-12
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 739 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кешенді қосылыстардың тұрақтылығын талдаңыз | | | Кешенді қосылыстардың алынуын талдаңыз. |