Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз.

Читайте также:
  1. Al(NO3)3 артық мөлшерде қосылған сілтімен түзілетін тұнбаның түсін сипаттаңыз.
  2. Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз.
  3. Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз.
  4. Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз.

Гидроксокешендер – бұларға лигандаларының қызметін гидроксид – иондар атқаратын кешенді қосылыстар жатады. Гидроксокешендер аквакешендердің протолизі реакциясының нәтижесінде немесе сілтілік металдар гидроксидтерінің сулы ерітінділеріндегі амфотерлік гидроксидтерді еріткен кезде түзіледі. Гидроксокешендердің сулы ерітінділері сілтілік реакцияны береді. Ерітіндіде гидроксид иондарының пайда болуы кешенді қосылыстың ішкі сферасындағы гидроксидтік лигандалардың су молекуласына алмасуын туындатады. Гидроксокешендер күшті сілтілік ерітінділерде ғана тұрақты болады. Бейтарап, қышқылды ортада, сондай – ақ ерітінділерін қыздырған кезде олар ыдырап кетеді. Кейбір гидроксокешендерді ерітіндідегі жеке иондарды анықтау үшін сапалық реагент ретінде қолданады. Мысалы, кей жағдайда катионының бар екенін анықтау үшін гексагидроксостибиат (V) анионын қолданамыз, бұл кезде ерітніде натрийдың гексагидроксостибиаты (V) аз еритін ақ тұнба түрінде болады.

Ацидокешендерде лигандалардың қызметін органикалық және бейорганикалық қышқылдардың аниондары атқарады. Кешенді қосылыстардың бұл топтарын екіге бөлуге болады: құрамында оттек бар лигандалы және құрамында оттек жоқ лигандалы кешенді қосылыстар. Мысалы, лигандасының құрамында оттек бар ацидокешендерге алмасу реакциясы бойынша алынатын дитиосульфаторгентат (І) – ионы және кобальт (ІІ) хлориді, калий нитриті және сірке қышқылынан тұратын ерітінділерді араластырған кезде ұсақ сары түсті калий тұзы түрінде тұнбаға түсетін гексанитриокобальтат (III) – ионы. Осы тотығу – тотықсыздану реакциясында кобальт ионы +2-ден +3 тотығу дәрежесіне дейін өзгереді. Бұл реакция натрий тұздарында калий қоспасы бар екенін анықтау үшін қолданылады. Лигандасының құрамында оттек болмайтын ацидокешендерге калийдің гексахлорплатинаты (V) және калийдің гексацианоферраты (ІІ) жатады. Платина концентрлі азот және тұз қышқылдары ерітінділерінің қоспасында («патша арағы») сутектің гексахлорплатинатын (IV) түзе отырып ериді: Сутектің гексахлорплатинаты (IV) алғашқы реагент болды, содан кейін аналитикалық химияда суда аз еритін калийдің, рубидийдің, цезийдің гексахлороплатинаттары (IV) пайда бола бастады. Ацидокешендерді ыдырату үшін лигандаларды алмастыру реакциясын қолдануға болады. Себебі бұл реакцияның нәтижесінде тұрақты кешенді қосылыстардың түзілу реакциясы соңына дейін жүреді. Мысалы, құрамында фториді бар реагентті құрамы болатын ашық – қызыл түсті темірдің (ІІІ) тиоцианаты кешеніне қосқанда оны түссіздендіреді: Ацидокешендерді ыдыратудың басқа әдісі – кешентүзгішті қиын еритін тұнба ретінде байланыстыру. Бұл әдіс арқылы тетраиодомеркурат (II) – ионы сульфид – ионымен әсер ету нәтижесінде ыдырайды:

Анионгалогенаттар – бұл кешенді қосылыстарға кешентүзгіш пен лиганданың қызметін галогендер атқаратын қосылыстар жатады. Оның құрамы, мұндағы – аз зарядты үлкен катион, мысалы, сілтілік метал немесе аммоний катионы (алкил- немесе акриламмоний, фосфоний, арсоний және т.б. кешенді катиондардың полярлылығы төмен болады); – галоген кешентүзгіш, атом немесе молекула, олардың электртерістілігі төмен болады (йод, бром, кей жағдайларда хлор); және – галогенидті лигандалар. Анионгалогенаттар екі үлкен топқа бөлінеді: изополигалогенаттар және гетерополигалогенаттар. Бірінші топқа цезийдің дииодоиодаты (І), рубидийдің дибромоброматы (І), ал екінші топқа цезийдің хлоробромиодаты (І), аммонийдің тетрахлориодаты (І), цезийдің фторотрихлориодаты (І) және цезийдің бромоиодоиодаты (І) жатады. Анионгалогенаттарды галогенидтер тұздарының ерітіндісін галогендермен немесе галогенаралық қосылыстармен әрекеттестіру арқылы алады. Анионгалогенаттар қыздырған кезде бос галогендер немес галоген аралық заттар және галогенидтердің тұздарын түзе отырып оңай ыдырайды, сондай – ақ тұздарының құрамында электртерістілігі ең жоғары болатын галогендер болады.

Катионгалогендер – бұларға кешентүзгіш катиондары және лигандалары галоген болатын кешенді қосылыстар жатады. Барлық катионгалогендер – күшті тотықтырғыштар. Олар сумен және органикалық еріткіштермен белсенді әрекеттеседі. Катионгалоегдерді синтездеу тотықсыздандырғыштар болмайтын ортада күшті галогенидтік акцепторлардың қатысуымен жүреді. Анионгалогенаттар және катионгалогенаттар галогенаралық ортада қышқыл және негіздер тәрізді әрекеттеседі.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 413 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен аталуы. | Ішкі және сыртқы сфераларын сипаттаңыз | Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз. | Бейтарап кешендерді сипаттаңыз | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. | Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз | Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз. | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | Спектрхимиялық қатарды талдаңыз | D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз| Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)