Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоңазытқыш машиналарының көмекші жабдықтары

Читайте также:
  1. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  2. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  3. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Болаттан жасалынған резервуарлардың жабдықтары
  5. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  6. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы
  7. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

 

Тоңазытқыш машиналары ұзақ уақыт қауіпсіз жұмыс істеу үшін олар әртүрлі көмекші жабдықтармен жабдықталады. Көмекші жабдықтарға сұйық бөлгіш, май бөлгіш, аралық ыдыстар және ресиверлер жатады.

Буландырғыштан буланып шыққан тоңазытқыш затының құрамындағы су буын бөліп алу үшін сұйық бөлгіш аппаратын қолданады. Осылай сығымдағыштарды қауіпті ылғалды жүрістен қорғайды, өйткені цилиндрге таза тоңазытқыш затының буы түскен шақта сығымдағыштар құрғақ жүріс жасайды. Тоңазытқыш затының құрамындағы су буынбөліп алупринципі сұйық бөлгіш аппаратындағы тоңазытқыш затының жылдамдығын бірден төмендетіп оның бағытын 900-қа немесе 1800 - қа өзгертуге негізделген (67 –сурет).

 

67 –сурет. Сұйық бөліш аппаратының схемасы

Сұйық бөлгіш аппараттары тек қана панельді буландырғыштарда қолданылады. Тоңазытқыш затын еріксіз айналымда болатын тоңазытқыш машиналарында тоңазытқыш заты құрамындағы су бы ресиверде бөлініп алынады. Тоңазытқыш машиналарында сұйық бөлгіш аппаратын сығымдағыш машинасының суық өндірімі, хладагент түріне және сығымдағыш машинасының сору құбырының диаметріне байланысты таңдап алады. Соңғы жылдары тоңазытқыш машиналарын жасайтын өнеркәсіптерде сұйық бөлгіш аппараттарының әр түрлі модельдерін жасап шығаруда. Солардың бірі 68 –суретте келтірілген.

 

68 –сурет. Сұйық бөлгіш аппараттары

 

Май бөлгіш аппараты сығымдағыштан шыққан тоңазытқыш затымен бірге ілестіріп шығатын май буын бөліп алу үшін қолданады. Тоңазытқыш заты құрамында май тамшы және бу түрінде кездеседі. Тоңазытқыш затының сығымдағыштан кейінгі температурасы жоғарылаған сайын тоңазытқыш зат құрамындағы май шамасының пайызы артады және оны бөліп алу қиындыққа алып келеді.

Май бөлгіш аппараттары жұмыс істеу принципіне байланысты шайылғыш және инерционды болып екіге бөлінеді. Шайылғыш май бөлгіш аппаратында тоңазытқыш зат буы сұйық тоңазытқыш заты арқылы өтеді. Осылай тоңазытқыш затының буы салқындап майдан бөлінеді. Майды бөлу дәрежесі 85-90% құрайды.

Инерционды май бөлгіш аппаратында майдың ағыс жылдамдығын және бағытын бірден бұру сонымен қатар ортадан тепкіш күштердің әсерінен тоңазытқыш заты құрамындағы май бөлінеді. Мұндай аппараттарда майды бөлу дәрежесі 80% -ға дейін жетеді.

Май бөлгіш аппараты тік пісірілген цилиндр түрін де жасалынады.

Мысалы 68 –суретте қазіргі уақытта Украина мемілекетінде жасалынып шығарылып жатқан май бөлгіш аппараттарының LDS - сериясындағы модельдері көрсетілген.

 

 

69 –сурет. Май бөлгіш аппараттары

Поршенді немесе бұрандалы көпсығымдағыштары бар агрегатта май бөлгіш жүйесінің біркелкі және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін олар кешенді реттегіш және тұйықтағыш арматураларымен жабдықталады. Май суытқыш жүйесіне: май бөлгіш, май жиналатын, май деңгейін реттегіш, майы тазалайтын сүзгі және тағы басқалары кіреді.

Аралық ыдыстар екі сатылы аммиакті тоңазытқыш қондырғыларында төменгі сатыда сығылып шыққан тоңазытқыш затының буын толық салқындату үшін және тоңазытқыш затын реттегіш вентил алдында аса суыту үшін қолданылады. Аралық ыдыста тоңазытқыш затының буы осы ыдыстағы сұйық тоңазытқыш заты арқылы өтіп суытылады (70 –сурет).

 

70 –сурет. Аралық ыдыс схемасы

Аралық ыдыс ішіне тоңазытқыш заты ағып өтетін бұрандалы цилиндр тәріздес құбыр болады. Аралық ыдыстың мұндай түрлері екі сатылы тоңазытқыш машиналар схемасында тоңазытқыш затын толық аралық суыту және тоңазытқыш затын бір рет дросселдеу үшін қолданылады. Аралық ыдыстағы сұйық тоңазытқыш затының деңгейін реттеу деңгей реттегіш қондырғысы көмегімен жүзеге асады.

Тоңазытқыш машиналарында аралық ыдысты жоғары сатыдағы сығымдағыштың сору құбыры диаметріне байланысты таңдап алады. Аралық ыдыста тоңазытқыш зат буының жылдамдығы 0,5м/с, ал сұйық тоңазытқыш затының бұрандалы цилиндр тәріздес құбыр ішіндегі жылдамдығы 0,4-0,7 м/с аспауы керек. Бұрандалы цилиндр тәріздес құбырдың жылу беру коэффициенті 580-700 Вт/(м2∙К) құрайды.

Тоңазытқыш машиналарында пайдалынатын аралық ыдыстарды тік пісірілген цилиндрлі етіп жасайды және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қысым, температура, ыдыстағы сұйықтың дәрежесін қадағалайтын автоматтандырылған жүйелермен қамтамасыз етіледі.

Ресиверлер деп сұйық тоңазытқыш затын сақтайтын гермерикалы цилиндр пішінді ыдысты айтады. Ресиверлер тоңазытқыш машиналарында пайдалануына байланысты сызықты, дренажды, айналымды және қорғаушы болып бөлінсе, констукциясына қарай тік және көлденен болып бөлінеді.

Сызықты ресиверлер буландырғыш аппараттарына түсетін жылулық салмақтың шамасына қарай оларды қосымша сұйық тоңазытқыш затымен қамтамасыз ету, шықтандырғыш аппараттарын жөндеу үшін ондағы сұйық тоңазытқыш затын уақытша сақтау және реттегі вентилге бірқалыпты тұрақты түрде тоңазытқыш затымен қамтамасыз ету үшін пайдалынады. Тоңазытқыш машиналар схемасында сызықты ресиверді шықтандырғышпен реттегіш вентиль араларына орналастырылады. Сонымен қатар тоңазытқыш жүйесіндегі ауа және май жиналатын ыдыс ретінде де сызықты ресиверді пайдалануға болады.

Дренажды ресиверді тоңазытқыш қондырғысындағы апппараттардағы және осы жүйедегі құбырлардағы сұйық тоңазытқыш затын оларды жөндеу кезінде уақытша сақтау үшін қолданылады.

Айналымды ресиверді буландырғыш аппараттарын сұйық тоңазытқыш затымен насосты-айналмалы схемасында пайдалынады.

Бұл ресиверде тұрақты түрде сұйық тоңазытқыш заты бола тұрып насостың бірқалыпты буландырғыш аппаратарын сұйық тоңазытқыш затынмен қамтамасыз ету үшін пайдалынады. Айналымды ресиверді тоңазытқыш машиналар схемасында төменгі қысым бөлігіне барлық буландырғыш аппараттарының деңгейінен төмен деңгейге орналастырылады. Себебі буландырғыш және сұйық бөлгіш аппараттарынан сұйық тоңазытқыш заты бұл ыдысқа өз еркімен құйылуы қажет.

Қорғаушы ресиверді сұық бөлгіш аппаратымен бірге буландығыш аппаратымен сығымдағыш машинасының сору құбырына қойылады. Себебі сығымдағыш машинасын ылғалды жүрістен қорғау керек. Казіргі уақытта қорғаушы ресивердің тік және көлденен түрлері шығарылады. Мысалы 71 –суретіде BECOOL компаниясы шығаратын тік және көлденең моделдер қатары келтірілген

 

71 –сурет. Қорғаушы ресивердің тік және көлденең моделдері

 

Соңғы уақытта шығарылып жатқан қорғаушы ресивер өте шағын және қарапайым болып келеді. Мұндай ресиверлерді кез келген тоңазытқыш қондырғыларында қолдануға болады. Сонымен қатар бұл аппараттарды ауаны желдеткіш қондырғыларында да пайдалануға тиімді.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 597 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі | Поршенді сығымдағыштар | Ротационды сығымдағыштар | Бұрандалы сығымдағыштар. | Шықтандырғыштар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Буландырғыштар| Тарау. Cығымдағыштарды және жылуалмастырғыш аппараттарын есептеу және таңдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)