Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Cығымдағыштарды және жылуалмастырғыш аппараттарын есептеу және таңдау

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Менюдегі Вид > Очистить командасын таңдау керек
  3. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  4. E) негізгі және қосымша
  5. I-тарау. Қауіпсіздік түсінігі
  6. IV-тарау. Бас жарақаттары
  7. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы

 

Cығымдағыштарды есептеудегі алғашқы деректерді

Анықтау

 

Тоңазыту қондырғысының жұмыс істеу режимін қайнау tо, сұйылу tк, сору tвс және сұйық тоңазытқыш заттың дросселдеу вентиль алдындағы аса суыу температуралары сипаттайды. Бұл параметрлердің шамасын сыртқы қоршаған орта жағдайына байланысты және тоңазытқыш қондырғысын қолдану мақсатына байланысты аламыз.

Жылуалмастырғыш аппараты ішінде тоңазытқыш заты қайнайтын қондырғылары үшін тоңазытқыш затының қайнау температурасын камерадағы ауа температурасына байланысты қабылдайды.

Хладонды тоңазытқыш қондырғыларын жобалау кезінде тоңазытқыш затының қайнау температурасын камерадағы ауа температурасынан 14÷16 °С төмен етіп қабылдайды.

tо = t a – (14÷16)°С (7.1)

 

Жылуалмастырғыш аппараты ішінде тоңазытқыш заты қайнайтын аммиакты тоңазытқыш қондырғыларын жобалау кезінде аммиактың қайнау температурасын камерадағын ауа температурасынан 5÷10 оС төмен етіп қабылдайды.

to = ta – (5÷10)°С (7.2)

 

Камерадағы ауа температурасы қаншалықты төмен болса, ауа және тоңазытқыш затының қайнау температуралар арасындағы айырманы соншалықты төмен қабылдайды. Жұмыртқа және жемістерді сақтауға арналған арнайы камераларды есептеу кезінде, ауа және тоңазытқыш затының қайнау температуралар арасындағы айырманы, өнімдер мұздап қалмау үшін 5 - 6 оС деп қабылдайды. Камера саны көп және ондағы ауа температурасы әр түрлі тоңазытқыштардағы тоңазытқыш затының қайнау температурасының санын үшеуден жоғары болмайтындай етіп топтайды. Мысалы tо = -10 оС - камерадағы ауа температурасы ноль немесе плюс температура үшін, tо = -25 ÷ - 30 оС - мұздатылған өнімдерді сақтау үшін және tо = - 40оС - мұздату камералары мен мұздату агрегаттары үшін.

Камерадағы ауаны тұзды суды тоңазытқыш қондырғыларымен салқындату схемасында тоңазытқыш затының қайнау температурасын жылуалмастырғыш аппаратының ішіндегі тұзды судың орташа темпетатурасынан 4-6оС төмен етіп қабылдайды.

 

tо = ts – (4÷6)оС. (7.3)

 

Егер де тоңазыту машинасы аммиакты болса, онда температуралар айырмасын (4 - 5) оС төмен деп, ал егер де хладонды болса (5 - 6) оС жоғары деп қабылдаймыз.

Тұзды суды тоңазытқыш қондырғысында тұзды судың батарея немесе ауасуытқыштан шығатын температурасын камерадағы ауа температурасынан 6 - 8 оС төмен емес етіп, ал осы аппараттар ішіндегі қызу температурасын ∆ts = 2 - 4 оС қабылдайды

Сонымен тұзды судың орташа температурасы ts салқындату құрылғыларында

ts= (7.4)

Тоңазытқыш затының сұйылу температурасы берілетін судың немесе ауаның мөлшеріне және температурасына байланысты болады.

Шықтандырғышы сумен суытылатын тоңазытқыш қондырғысында тоңазытқыш затының сұйылу температурасын осы аппараттан шыққан судың температурасынан 2 - 4 оС жоғары етіп қабылдайды:

 

tк = tw2 – (2 ÷ 4)оС = tw1 + Δtw + (2÷4)оС. (7.5)

 

Шықтандырғыштағы судың қызуы Δtw (оС) шықтандырғыш түріне байланысты қабылданады:

Суқұбырындағы сумен салқындатылатын................................ 6 - 8

Қайтымды сумен салқындатылатын:

- тік құбырқаптамалы...............................................................3 - 5

- көлденең құбырқаптамалы.....................................................5 - 6

- шашыратпалы..........................................................................2 - 3

Шықтандырғышы ауамен суытылатын тоңазытқыш қондырғысында тоңазытқыш затының сұйылу температурасын:

- хладонды тоңазыту машиналары үшін сыртқы ауаның есептемелік температурасынан 10 - 12 оС жоғары

 

tк = tн + (10÷12)оС. (7.6)

 

- аммиакты тоңазыту машиналары үшін сыртқы ауаның есептемелік температурасынан 9 -11 оС жоғары

 

tк = tн + (9÷11)оС. (7.7)

 

- ауамен суытылатын шықтандырғышта ауаның аппаратта қызуын Δtа = (5÷6) оС.

Аммиакты тоңазыту қондырғыларында буландырғышты шықтандырғышта тоңазытқыш затының сұйылу температурасын сыртқы ауаның температурасына байланысты ылғал термометр және меншікті жылу ағынының тығыздығы мәндеріне qF қарай анықтайды (сурет - 72). Меншікті жылуағынының тығыздығы qF оптималды мәні qF=2,5 кВт тең.

 

Сурет - 72. Шашыратпалы-шықтандырғыш аппаратындағы судың шықтану температурасын анықтау сызбасы

 

Сорылатын тоңазытқыш затының бу температурасын tсорыл.бу былай қабылдайды:

- аммиакты бір сатылы сығымдағыш үшін және екі сатылы сығымдағыштың екінші сатысы үшін tсорыл.бу = tқ + (5÷10)оС; аммиакты екі сатылы ығымдағыштың бірінші сатысы үшін tсорыл.бу = tқ + (10÷20)оС. Регенеративті жылуалмастырғышы бар хладонды машина үшін tсорыл.бу = 15÷20)оС.

Реттегіш вентилдің алдындағы сұйық тоңазытқыш затының температурасы tи төменде келтірілген жайларды ескере отырып қабылдайды:

- регенеративті жылуалмастырғышты хладонды машина үшін – сұйық тоңазытқыш затының мешікті энтальпиясымен тең етіп;

- сұйықты алданы ала салқындатпайтын аммиакты тоңазыту машинасы үшін және регенеративті жылуалмастырғыш аппараты жоқ хладонды машина үшін – сұйылудың есептемелік қысымына сай келетін қаныққан сұйықтың температурасына тең етіп.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 231 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі | Поршенді сығымдағыштар | Ротационды сығымдағыштар | Бұрандалы сығымдағыштар. | Шықтандырғыштар | Буландырғыштар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тоңазытқыш машиналарының көмекші жабдықтары| Сығымдағышты таңдау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)