Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрандалы сығымдағыштар.

Бұрандалы сығымдағыштар құрылымы негізінен: корпустан (1) және, онда орналасқан екі роторлардан: бастаушы (2) және жетектегі (3), екеуі де тісті – бұрандалы қалақты (52– сурет).

52 – сурет. Бұрандалы сығымдағыш құрылымы

 

Ротордың бұрандалы шұңқырлары сору терезесінің жанынан өту кезінде бу тәрізді тоңазытқыш затымен толтырылады. Ротордың айналу барысында, бірінің тісі екіншісінің қуысына кіру салдарынан бу алып отырған көлем азайып бу қысылады. Сығу процесі аяқталғаннан соң сығылған бу қуыстары айдау терезесімен бірігіп сығылған бу қуу құбырына жіберіледі. Бірнеше ойықтардың болуы және олардың роторда бұрандалы орналасуы сығымдағышта будың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Бұрандалы сығымдағыштар біркелкі жұмыс істеу үшін айналып тұрған роторлар арасына (жұмысшы кеңістік) тұрақты түрде май жеткізіліп тұруы қажет. Роторлардың жұмысшы кеңістігіне майды тұрақты түрде берілуі (корпус пен ротор арасындағы және роторлардың өзінің арасында саңылауларға) сығымдағыштардың суық өндірілімдігін арттырадығы және тоңазытқыш затының айдау температурасын айтарлықтай төмендетеді. Бұрандалы сығымдағыштардың май жүйесі айтарлықтай күрделі. Бұрандалы сығымдағыштардағы айналымдағы жүрген тоңазытқыш затының құрамынан арнайы май бөлгіш аппаратында 95 % дейінгі май бөлінеді. Бөлінген май тісті доңғалақты насоспен май салқындатқышқа жіберіледі, содан соң сүзгі арқылы сығымдағыштардың жұмысшы кеңістігіне және подшипниктерді майлауға пайдалынады. Бұрандалы сығымдағыш электрқозғалтқышымен бірге май бөлгіш корпусына орнатылады.

Бұрандалы сығымдағыштар басқа да сығымдағыштарға қарағанда мынадай артықшылықтарға ие:

- габариттік өлшемдері және салмағы (поршенді және тіпті ротациондымен салыстырғанда) аз;

- қолдану кезінде сенімді;

- сығу қуысында үйкелу болмайды.

Бұрандалы сығымдағыштарда сору қысымы өте төмен (5-2 кПа) болғандықтан, оларды төменгі температуралы қондырғыларда кеңінен қолданлады. Суық өндірімділігі 350...1745 кВт аралығында аммиакты бұрандалы сығымдағыштарды қолданған дұс болады. Суық өндірімділігі төмен немесе жоғары болған жағдайда бұрандалы сығымдағыштары қолданған тиімсіз. Себебі бұрандалы сығымдағыштардың салмағы және габариттік өлшемдері бойынша май жүйесінің үлкен болуының негізінде поршенді сығымдағыштардан артықшылықтарын жоғалтады.

Тоңазытқыш техникасын шығаратын зауыттарда 5ВХ-350, 6ВХ-700 және 7ВХ-1400 бұрандалы тоңазытқыш сығымдағыштар негізінде жоғары, орташа және төменгі температуралық режимдерінде жұмыс істейтін бір сатылы сығымдағыштар агрегатын жинайды. Агрегатты бұрандалы тоңазытқыш сығымдағыштарында тоңазытқыш зат ретінде R22 қолданылады.

Барлық типті бұрандалы тоңазытқыш сығымдағыштарының бастауыш роторының айналу жиілігі 50с-1 тең. Бұранданың белсенді ұзындығын золотникті қондырғының көмегімен өзгерту арқылы бұрандалы сығымдағыштардың суық өндірімділігін біркелкі реттеп отыруға болады.

Бұрандалы сығымдағыштардың есебін негізінен бірсатылы поршенді сығымдағыштарды есептеу әдісімен жүргізуге болады. Бұрандалы сығымдағыштардың беру коэффициентінің мәнін поршендегі сығымдағыштарға қарағанда, сыртқы қысымның жоғарылау деңгейіне (πН = Рко) байланысты мына төменгі графикпен анықтайды (53- сурет).

 

53- сурет. Беру коэффициентінің сыртқы қысымға байланысы

Бұрандалы сығымдағыштың тиімді қуатын келесі формуламен анықтайды:

Νе = Ga · Δi /ηe (3.3)

 

мұндағы: Gа – айналымдағы тоңазытқыш затының массасы, кг;

∆i – тоңазытқыш зат буының бұрандалы сығымдағышқа кірер алдындағы және сығылып шыққаннан кейінгі энтальпиялар айырмасы, кДж/кг;

ηе – сығымдағыштың тиімді пайдалы әсер коэффициенті (ηе – сығудың әр түрлі геометриялық деңгейіне қарай Рко қатынасына байланысты 54- сурет келтірілген графиктен анықтайды).

54- сурет. Тиімді пайдалы әсер коэффициентінің Рко қатынасына байланыстылығы

Қазіргі уақытта тоңазытқыш техникасын жасайтын өндірісте бұрандалы сығымдағыштардың мынадай бірінғай түрлері шығарылады: ВХ280, ВХ410, ВХ350, МS3-2500, МS3-900, GEO MC-2 және де басқа модельдері. Бұл модельді түрлердің бір-бірінен айырмашылығы: бастаушы роторының сыртқы диаметрлері мен ұзындықтарында және бастаушы мен жетектегі роторлардың ара ашықтарында болып келеді. Мысалы ВХ-350, ВХ-470, ВХ-700 және ВХ-1400 роторларының сыртқы диаметрі (200, 250, 315 мм), олардың диаметріне ұзындығының қатынасы 1,35 (базалы модификация үшін 0,9). Мысалы 55- сурете «Bitzer» кәсіпорнының шығаратын бұрандалы сығымдағыштары көрсетілген.

 

55- сурет. Бұрандалы сығымдағыштар

 

Тоңазытқыш машиналарына арналған бұрандалы сығымдағыштарының шартты белгіленулері: ВХ-350-7-3, ВХ-470-7-3, ВХ-470-2-3, ВХ-700-7-3, ВХ-700-2-3, ВХ-1400-7-3, ВХ-1400-2-3. Мағынасы: ВХ – бұрандалы сальникті сығымдағыштар, созден кейінгі сан – суық өндірілімі, бірінші дефистен кейінгі сан - аммиак және R22, екінші дефистен кейінгі сан – температуралық диапазон және суық өндірілімінің реттелуі.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау | Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі | Поршенді сығымдағыштар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ротационды сығымдағыштар| Шықтандырғыштар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)