Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ротационды сығымдағыштар

Читайте также:
  1. Бұрандалы сығымдағыштар.
  2. Поршенді сығымдағыштар
  3. Сығымдағыштарды таңдау.

 

Ротационды сығымдағыштардың поршенді сығымдағытардан айырмашылығы тура және кері қозғалыс жасайтын кривошипті- шатунды механизмінің болмауында. Сонымен қатар бұл тоңазытқыш сығымдағыштар түрлерінде сору клапандары жоқ және иінді білік жоғары жилікте айналады.

Ротационды сығымдағыштар сырғанайтын, тербелетін және айналатын роторлармен жабдықталынады, соңғысы – екі, төрт, және одан да көп пластиналы, домалақ және эллипс тәріздес цилиндр (эллипсті цилиндрдің әр бөлігі жеке ротационды сығымдағыштар ретінде жұмыс істейді), трохоида тәріздес цилиндр етіп жасалынады.

Сауда – саттық орындарында сырғанайтын ротационды сығымдағыштар пайдаланылса (49 – сурет), ет және сүт өнеркәсіптерінде пластиналы ротационды сығымдағыштар қолданылады.

49 – сурет. Сырғанайтын ротационды сығымдағыш схемасы

Пластиналы ротационды сығымдағыштарда білік осі, цилиндр осімен қарағанда эскцентірлі орналасады. Білікте ротор орналасқан. Роторға ұзына бойы азботекстолитті пластиналар отырғызылған. Ротордың айналуы кезінде пластиналар ортадан тепкіш күшінің әсерінен саңылауларынан шығып цилиндр бетінде тұйық қуыстарды құрайды. Сорғыш құбырдағы тоңазытқыш затының буын ротордың айналуы арқасында пластиналармен бөліп алынып цилиндрдің жоғарғы жағында бу сығылады. Әрі қарай ротордың айналуы кезінде пластиналар айдау құбырымен қосылып сығылған бу шығарады (50 – сурет).

50 – сурет. Пластиналы ротационды сығымдағыш схемасы

Пластиналы сығымдағыштардың тағы бір айырмашылығы ол жинақы болады және оларды алғаш рет жұмысқа қосқанда электрқозғалтқышқа салмақ түспейді. Оның себебі тоңазытқыш затының сығылуы тек қана біліктің айналу жиілігі берілген дәрежеге жеткеннен кейін ғана басталады. Бірақ бір кемшілігі үйкелу жылуының шығымы және буды сығу соңындағы температурасы жоғары болады. Мұндай жағдайда пластиналар тез тозады.

Пластиналы сығымдағыштарда сығу қысымының дәрежесі сығу камерасының өлшемімен анықталады. Сығу температурасы төмендеген кезде буды сығу қысым түспейді және сығымдағыш бұл жағдай да экономикалық жағынан тиімсіз жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ротационды тоңазытқыш сығымдағыштар түрін ОАО «Пезкомпрессормаш», ОАО «Холодмаш» және ООО «Афалина М» кәсіпорындар жасап шығарады. Бұл кәсіпорындарда ротационды тоңазытқыш сығымдағыштардың бірнеше модельдері жасалып шығарылады. Мысал РКФ-0,9, ФГр - 0,35, ФРУ-0,7, ФРУ-0,8, QXR-19 E, QXR 29 E, FCQX-13g, FCQX -15g, FCQX -16g, FCQX -19g, FCQX -21g, FCQX- 23g, FCQX- 25g, FCQX- 29g, FCQX -32g және де басқа түрлері (51- сурет).

 

 

51 –сурет. Ротационды тоңазытқыш сығымдағыштар

 

Ротационды сығымдағыштар поршенді сығымдағыштармен салыстырғанда мынадай артықшылықтарға ие:

- салмағының аз;

- кривошипті - шатунды механизмнің болмауы;

- жоғары динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруы;

- клапандардың болмауы;

- тоңазытқыш затының буының берілуі біркелкіліділігі.

Сору клапандарының болмауының салдарынан ротационды сығымдағыштарда сору қысымы төмен болады, және олар тоңазытқыш затының төменгі температурасында жұмыс істей береді. Бірақ та цилиндр және пластина араларының тығыз болмауынан қуыстар арасындағы бу жоғары сығу деңгейіне жеткізе алмайды.

Ротационды сығымдағыштарды негізінен үлкен тоңазытқыш өндірісі қондырғыларында екі сатылы сығу агрегатының төменгі сатысында қолданылады, мысалы, РБ-90 машинасы АД90-3 агрегатында төмегі сатысында қолданылады.

Ротационды поршенді агрегаттарды да поршенді сығымдағыш машиналарына ұқсас есептейді және таңдайды. Бірақ мұнда λ және Ne мәндерін поршенді сығымдағыш машинасындағыдай емес мындай төменгі формулармен есептейді

λрот = 1- а · Рнаг вс, (3.1)

 

мұндағы: а - коэффициент (α=0,5);

Рнаг - айдау қысымы (бустеркомпрессор режимі кезінде Рм- аралық қысым мәніне сәйкес келеді);

Рвс - сору қысымы (болмайды Р0).

 

Ne рот = (R·Т0/1000 ηиз) 2,3Lg (Рнаг / Рвс) VД ρвс (3.2)

 

мұндағы: R- газ тұрақтысы (аммиак үшін R = 488 Дж/кг(кг·К));

То – сорылатын тоңазытқыш затының температурасы, К;

ηиз – жалпы изотермиялық пайдалы әсер коэффициенті (екі пластиналы ротор үшін ηиз = 0,65; төрт пластиналы ротор үшін ηиз = 0,55);

Рнаг және Рвс - сору және айдау қысымдары, кПа;

VД – сығымдағыштардың шынайы көлемдік өнімдірілімдігі (сығымдағыштың паспорттық мәліметімен анықталады), м3/с;

ρвс- тоңазытқыш затының сору кезінде тығыздығы, кг/м3.

РАБ пластиналы ротационды сығымдағыштарды қайнау температурасы - 650С–тан -250С аралығындағы аммиакты екі- және көпсатылы тоңазыту машиналарында жұмыс істеуге пайдалынады. АК-РАБ100 және АК-РАБ300 типті сығымдағыштар агрегаттар түрінде жиналады.

АДС-РАБ200А, АДС-РАБ150А, АДС-РАБ60А екі сатылы сығымдағыш агрегаттарында ротационды сығымдағыштар тоңазытқыш затын қысудың төменгі сатысында пайдалынады. Бұл агрегаттарда ротационды сығымдағыштардың АК-РАБ100 мольделі қолданылады, ал жоғары қысым сатысында жұмыс істеу үшін АВ-100 немесе АУ-200 поршенді сығымдағыштарды пайдаланады.

Соңғы жылдары екі сатылы тоңазытқыш агрегаттарын жасап шығаратын кәсіпорныдарында өтменгі сатыда жұмыс істейтін ротационды сығымдағыштарды бұрандалы сығымдағыштармен алмастыруда.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау | Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Поршенді сығымдағыштар| Бұрандалы сығымдағыштар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)