Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері

Читайте также:
  1. Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  2. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  3. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  5. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  6. Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы
  7. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

Қысу дәрежесі немесе температура айырымы (Тк0) өскен сайын дроссельдік шығындардың көбейетіндігін жоғарыда атап өткен едік. Енді соған толығырақ тоқталайық. 37- суретте (1-2-3-4) бір сатылы айналма келтірілген.

37- сурет. Көп сатылы дроссельдеудің T-S диаграммасы

 

Бұл айналмада дроссельдеу үрдесінен басқа проценттердің барлығы қайтымды. Дроссельдеу үрдісіне байланысты қайтымсыз шығындар 4-k-3-в ауданымен анықталады. Айналмада в-4 кесіндісі дроссельдегенде пайда болатын будың мөлшерін анықтайды. Бұл бу буландырғышта суытылатын денеден жылу алмайды, ал оны сығымдағышта қысуға жұмыс жұмсалады. Сонымен қатар бұл бу буландырғышта жылу алмасу процесін төмендетіп, шығындарды көбейтеді. Температура айырымы неғұрлым көп болса, дроссельдегенде солғұрлым көп бу пайда болады, демек оны қысуға жұмсалатын жұмыс та көбейеді.

Сондықтан дроссельдегенде температура айырымы (Тк0) аз болса пайда болатын бу да, оны қысуға жұмсалатын жұмыс та аз болады. Дроссельдеу процессін сұйылу қысымынан (Рк) қайнау қысымына (Р0) дейін бөліп-бөліп жүргізсе дроссельдік шығындар кемиді. Әр дроссельдеу үрдісінде пайда болған буды сығымдағышпен сорып алып отырса, қысуға жұмсалған жұмыс та азаяды. Қарастырып отырған 1-2-3-4 айналмада қайтымсыз дроссельдік шығындар 4-k-3-в ауданына сәйкес анықталады. Сұйылу қысымынан қайнау қысымына дейін дроссельдеуді бірте-бірте екі бөліп қарастырып көрейік (3-d -үрдісі бірінші дроссельдеу, а-7–екінші дроссельдеу). Бірінші рет дроссельдегенде (Ра-қысымға дейін) пайда болатын бу а-d кесіндісін анықталады. Құрғақтық дәрежесі –хd. Осы бу сығымдағышпен сорып алынады. 3-d дроссельдеу үрдісінің шығыны d-e-3-a ауданына сәйкес анықталады. Бірінші дроссельдеуден қалған сұйық (1-хd) кг аралық қысымның (Ра) қайнау қысымына дейін екінші рет дроссельденеді (а-7 үрдісі). Пайда болған бу в-7 - кескінімен анықталады. Құрғақтық дәрежесі-х7. Екінші дроссельдеудің қайтымсыз шығыны 7-с-a-b ауданына сәйкес анықталады. Сонымен екі рет дроссельдегендегі қайтымсыз шығындар:

 

; 1

 

Бір рет дроссельдегендегі шығын дроссельдік қайтымсыз шағындардан аз болады:

 

 

Екі сатылы дроссельдеуге өткенде дроссельдік шығындар (4-k-e-d-c-7-4) ауданға сәйкес азаяды да, қысуға жұмсалған жұмыс та, буландырғыштағы жылуалмасу үрдісінің шығыны да азаяды. Олай болса көп сатылы дроссельдеуге өту әрқашан тиімді.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау | Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы| Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)