Читайте также:
|
|
Фреонды машиналарда аса қыздыру тиімді болғандықтан схемаға регенеративті жылу алмастырғыш енгізіледі (35 - сурет).
Сондықтан аралық суыту сумен суыту арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы қысымды сұйық тоңазытқыш зат жылу алмастырғыштарда аса суытылады.
Тоңазытқыш заттың сұйылу (Рк), қайнау (Ро) қысымдары алғашқы берілген деректер арқылы анықталады. Аралық қысым формуламен есептеледі. Төменгі қысымды сығымдағыш I тоңазытқыш заттың буын (GT) қайнау қысымынан (Ро) аралық қысымға (Ра) дейін қысады (1'-2 үрдісі). Қысылған бу аралық суытқышта 3 нүктеге дейін суытылады, содан кейін оған екінші жылу алмастырғыш аппаратынан шыққан суық бумен арласады (10 нүкте). Араласқан ағынның күйі 4- нүктемен сипатталады. Gж мөлшерде бу жоғарғы қысымды сығымдағышта сұйылу қысымына (Рк) дейін қысылып жоғарғы қысымдағы сығымдағышқа беріледі. Сығымдағыштан кейін бу сумен суытылып шықтандырғышта сұйыққа айналады (5-6-үрдіс). Бірінші жылуалмастырғыш аппаратында тоңазытқыш зат, буландырғыштан шыққан суық бумен суытылады (7 - нүкте), одан кейін екінші жылу алмастырғыш аппаратында t8=ta+5 градус температураға дейін суытылады. Екінші жылуалмастырғыш аппаратынан шыққан сұйық тоңазытқыш заттың бір бөлігі (Gж - GT) сұйылу қысымнан (Рк) аралық қысымға (Ра) дейін дроссельденіп, екінші жылуалмастырғыш аппаратына жіберіледі.
35 - сурет: Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның схемасы(а) және айналманың lgP-i диаграммасы (б):
I-төменгі қысымды сығымдағыш; II - аралық суытқыш; III - жоғарғы қысымдағы сығымдағыш; IV – шықтандырғыш; V- бірінші регенеративтік жылу алмастырғыш аппараты; VI - екінші регенеративтік жылуалмастырғыш аппараты; VII -қосымша дроссельдік вентиль; VIII - негізгі дроссельдік вентиль; IХ - буландырғыш.
Екінші жылуалмастырғыш аппаратынан қаныққан тоңазытқыш заттың буы (10 нүкте), жоғарғы қысымды сығымдағышпен сорып алынады. Негізгі ағын (GT) 8- нүктеден екінші дроссельді вентильде сұйылу қысымынан (Рк) қайнау қысымна (Ро) дейін дроссельденіп буландырғышқа барады да буландырғышта суытылатын денеден жылу алып, буға айналады (1-нүкте). Ал бу бірінші жылу алмастырғыш аппаратында аса қызған буға айналып (1'- нүкте), төменгі қысымды сығымдағышпен соры алынады.
Айналманы есептеу үшін оны lgP-i диаграммада кескінде қажет. Ол былайша жүзеге асырылады:
10 және 1- нүктелер аралық қысымда (Ра) және қайнау қысымында (Ро) қаныққан бу күйінде болады. Төменгі қысымды сығымдағыш сорып алатын (1'- нүкте) будың температурасын 00С температураны қамтамасыз етпесе, сорып аларда будың температурасы төменірек болады. 2-ші нүкте 1'-ші нүктеден жүргізген адиабата мен (Ра) аралық қысымның қиылысқан нүктесінде орналасады. Т3- суытатын судың температурасына байланысты Т3=Тсу+DТ; Т3»303¸308К. Аралық суытқыштың жылуалмасу беті жылу алмасу үрдісінде осы температураны қамтамасыз ету керек. 6-нүкте сұйылу қысымндағы (Рк) қаныққан сұйықтың доғасында жатады. Т8= ta+5 градус екендігін жоғарыда келтірілді. Екінші жылуалмастырғыш аппаратының жылуалмасу беті, жылуалмасу үрдісінде осы температураны қамтамасыз ету керек. Айналманы диаграммаға түсіріп болғаннан кейін оның негізгі сипаттамаларын анықтауға болады.
Жоғарғы қысымды сығымдағышта сығылатын тоңазытқыш заттың мөлшерін анықтау үшін 1- жүйенің жылу тепе-теңдігін қарастырамыз (36- сурет).
36- сурет. Ағындар схемасы
Бұл системаға Gж мөлшерде тоңазытқыш зат (6-нүкте) және GT мөлшерде қаныққан бу (1-нүктеге) кіреді. Жүйеден шығатыны: GT мөлшерде сұйық тоңазытқыш зат (8-нүкте), GT мөлшерде аса қызған бу (1'-нүкте) және (Gж- GT) мөлшерде тоңазытқыш заттың қаныққан буы (10-нүкте). Жүйенің жылу-тепе-теңдігі теңдеуі мына түрде жазылады:
(2.100)
Осы теңдеуден:
(2.101)
Төменгі қысымды сығымдағышта қысылатын тоңазытқыш заттың мөлшері:
(2.102)
-айналманың меншікті массалы суық өндірімі.
7- нүктенің параметрін табу үшін бірінші жылу алмастырғыш аппаратына жылу тепе-теңдігі теңдеуін құрастырамыз:
(2.103)
Осыдан:
(2.104)
7- нүктенің параметрі: ;
4- нүктенің параметрі 2 жүйенің араласу теңдеуі арқылы анықталады:
(2.105)
Осыдан:
(2.106)
4- нүктенің параметрлері: i4; Ра
5- нүкте 4-нүктеден жүргізген адиабата мен сұйылу қысымының (Рк) қиылысқан нүктесі.
Айналманы диаграммаға түсіргеннен кейін тоңазытқыш заттың өзекті нүтелердегі параметрлерін тауып, айналманың негізгі сипаттамаларын анықтауға болады.
Айналманың тоңазытқыш коэффициенті:
(2.107)
Қарастырған айналмамен ФДС10М, ФДС20М тоңазытқыш машиналар жұмыс істейді. Тоңазытқыш зат ретінде R-22, t = - 800C.
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | | | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері |