Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

Читайте также:
  1. Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  2. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  3. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  4. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  5. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  6. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы

Жылулық есептеуді жүргізу үшін мына деректер қажет:

- Q0- суық өнімділігі;

- Тs- суытылатын дененің температурасы

- Тқ.о.- тоңазытқыш машинаны орналастыратын жерінің ауа температурасы.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша температура айырымдарын қабылдап, керекті (Т0ссаас) температураларды анықтаймыз. Берілген және қабылданған деректерге сүйене отырып, айналманы Т-S, lg P-i диаграммаға түсіреміз. Бір сатылы аммиакты машинаның схемасы және оның айналмасы Т-S және lg P-i диаграммаларда келтірілген (26- сурет).

Айналманы диаграммаға түсіру үшін схемада келтірілген өзекті нүктелерде тоңазытқыш заттың параметрлерін білу қажет. Оларды былай анықтаймыз:

1. Т-S диаграммада Т0 изотермиясын анықтамыз. Ол ылғалды бу аймағында көлденең түзу болады. Ылғалды бу аймағында таза сұйықтар үшін қайнау температурасы мен қайнау қысымы бір деңгейде жатады. Сондықтан координата осінен қайнау қысымын (Р0) анықтаймыз.

2. Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы: Тk=Tо.+ΔТ. Ылғалды бу аймағында сұйылу температурасы арқылы сұйылу қысымын (Рк) анықтаймыз.

3. 1- нүкте – тоңазытқыш заттың буландырғыштан шыққан күйі. Ол- қаныққан құрғақ бу. Параметрі: Р0- қаныққан бу. Осы екі параметрі арқылы 1-нүктені диаграммаға түсіреміз.

4. 1' нүкте – тоңазытқыш заттың буының сығымдағыш сорып алардағы күйі. Оның параметрлері:

 

.+ΔТ (2.55)

Осы параметрлері бойынша 1'- нүктені диаграммаға түсіреміз.

5. 2-нүкте – тоңазытқыш заттың сығымдағыштан шыққан күйі. Ол сығымдағышта Р0–ден Рк–ға дейін қысылады. Параметрлері: Рк -1'-2- адиабаталы қысу процессі. Адиабата мен Рк изобараның қиылысқан нүктесі.

 

26- сурет. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның схемасы, Т-S және lg P-i диаграммаларындағы кестеленуі:

I-сығымдағыш; II-конденсатор; III- арнайы жылуалмастырғыш; IV- дроссельдіквентиль; V-сұйық бөлгіш; VI-буландырғыш.

 

6. 3-нүкте –тоңазытқыш заттың шықтандырғышта суытылып, қаныққан сұйыққа айналып, шығардағы күйі. Параметрлері: Рк, қаныққан сұйық.

7. 4-нүкте тоңазытқыш заттың арнайы жылуалмастырғышта аса суытылып шыққан күйі. Параметрлері: РкТ4w1+ΔT.

8. 5-нүкте – тоңазытқыш заттың Рк- ден Ро- ге дейін дросселденген күйі. Параметрлері: Р0, 4-нүктеден түсірген изоэнтальпия. Дроссельдеу процессінде энтальпия өзгермейді, сондықтан ол процесс i=const сызығымен жүреді. Осы сызықтың Р0- қысыммен қиылысқан нүктесі 5-нүкте болып табылады.

Сонымен барлық өзекті нүктелерді диаграммаға түсіріп, оларды өзара қосып бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын аламыз. Айналма 27- суретте T-S диаграммада (б) және lgP-i диаграммада (в) келтірілген.

Енді диаграммадан тоңазытқыш зат қандай күйде болса да, оның кез-келген параметрін анықтауға болады. Тоңазытқыш заттың өзекті нүктелердегі параметрлерін алдын-ала кестеге түсірген жөн. Содан соң, айналманың негізгі сипаттамаларын анықтауға болады.

1. Меншікті массалық суық өнімділігі

, кДж/кг (2.56)

2. Меншікті көлемді суық өнімділігі

 

, кДж/м3 (2.57)

3. Тоңазытқыш заттың жалпы мөлшері

 

кг/с (2.58)

4. Сығымдағыштың сорып алатын будың көлемі

 

м3/c (2.59)

 

мұндағы: - сорып алатын будың меншікті көлемі;

немесе

м3/c (2.60)

5. Сығымдағыштың сызған көлемі

м3/c (2.61)

немесе

м3/c (2.62)

мұндағы: λ-сығымдағыштың беру коэффициенті. Сығымдағыштың беру коэффициенті сығымдағыштың қысу дәрежесіне байланысты анықталады.

Сығымдағыштың сызған көлемі () бойынша сығымдағышты таңдап алуға болады.

6. Бір кг тоңазытқыш затты қысуға жұмсалған адиабаталық жұмыс

, кДж/кг (2.63)

7. Сығымдағышта жұмсалған адиабаталық қуат:

, кВт (2.64)

8. Шықтандырғышқа түсетін жылулық салмақ (шықтандырғыштан суға берілген жылу)

(2.65)

9. Арнайы қойылған жылу алмастырғыш аппаратына түсетін жылулық салмақ

Qж. а= G (i3-i4), кВт (2.66)

 

10. Айналманың тоңазыту коэффициенті

(2.67)

Айналымын жылулық есептеу нәтижесінде барлық жылуалмастырғыштардың жылу алмасу ауданы анықталады. Сығымдағыштардың параметрлері, тұтынатын қуаты, сызған көлемі т.б. сипаттамалары анықталынды. Осы анықталған шамаларды қолдана отырып жылуалмастырғышты, сығымдағышті іріктеп, таңдап алуға немесе жобалауға болады. Шықтандырғыштың жылу алмасу ауданы арқылы оған қажетті су мөлшерін анықтауға, одан кейін су насосын таңдап алуға болады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 346 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары| Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)