Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы

Читайте также:
  1. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  2. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  3. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  5. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы
  6. Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы
  7. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

17-суретте осы машинаның принципті схемасы және айналмасы T-S диаграммада көрсетілген: I – буландырғыш, II- сығымдағыш, III- шықтандырғыш және IV-детандер.

Тоңазытқыш зат буландырғышта (I) суытылатын денеден жылу алып буға айналады (4-1 процесте). Тоңазытқыш затының буын бір сатылы сығымдағышта (II) сорып алады. Сығымдағышта бу күйіндегі тоңазытқыш заты Р0- ден Рк қысымға (1-2 процесте) дейін қысылады. Қысу үшін l k жұмыс істелінеді. Сығымдағышта тоңазытқыш заттың температурасы Т0-ден Тк-ға дейін көтеріледі. Рк қысымға дейін қысылған тоңазытқыш заты шықтандырғышқа (III) беріледі.

17- сурет. Ылғалды бу аймағындағы айналма және тоңазытқыш машинаның схемасы

Шықтандырғыштан қаныққан сұйық (3-ші нүкте) детандерда ұлғайып, қысымы Рк -дан Р0-ге дейін, ал температурасы Тк -дан Т0-ге дейін төмендейді. Детандерда ұлғайғанда тоңазытқыш зат l д жұмыс жасайды. Температурасы Т04 тоңазытқыш зат буландырғышта тоңазытқыш затынан жылу алып қайнап қайтадан буға айналады, ал бу сығымдағышпен сорып алынады. Осылай тоңазытқыш зат айналмада жүреді.

4-1 (қайнау) және 2-3 (сұйылу) үрдістерінде тоңазытқыш заттың күйі өзгереді, бұл үрдістерде температура тұрақты. Сондықтан ылғалды бу аймағындағы айналма, Карноның кері айналмасына сай келеді. Бұл Карноның кері айналмасын ылғалды бу аймағында жүзеге асыруға болады деген сөз.

Буландырғышта 1 кг тоңазытқыш затқа берілетін жылу 1-4- а-б ауданымен немесе і1 - і4 меншікті массалық суық өндірімі деп аталады. Сығымдағышта жұмсалған жұмыс (l k) T-S диаграммада 1-2-3-0-1 ауданымен немесе і21 энтальпия айырымы мен анықталынады.

Шықтандырғышта суға берілген жылу мөлшері T-S диаграммасында б -2-3- а ауданымен немесе і23 энтальпия айырымымен анықталынады.

Тоңазытқыш зат детандерда ұлғайғанда (3-4 үрдісі) жұмыс жасайды. T-S диаграммада бұл жұмыс 4-3-0-4 ауданымен немесе і34 энтальпия айырымымен анықталады.

Айналманы жүзеге асыруға жұмсалған жұмыс:

 

l a = l k - l d = (1-2-3-0-1) - (4-3-0-4) = 1-2-3-4 ауданымен анықталады.

Сонымен ылғалды бу аймағындағы айналманың негізгі сипаттамалары (18-сурет, lg P-і диаграмма):

 

 

18 сурет. Ылғалды бу аймағындағы айналмасының lg P-і диаграммасы

меншікті массалық суық өндірімі;

- меншікті көлемдік суық өндірімі мұндағы;

υ –тоңазытқыш заттың сығымдағышта сорып алардағы меншікті көлемі.

Шықтандырғышта суға берілген меншікті жылу:

 

(2.30)

 

Сығымдағышта жұмсалған меншікті жұмыс:

 

(2.31)

 

Детандерда алынған меншікті жұмыс:

 

(2.31)

 

Айналманың тоңазыту коэффициенті

 

(2.32)

 

Қарастырылған айналма теориялық айналма болып табылады, ол нақты айналмалардың жұмыс істеу тиімділігін анықтау үшін және айналмаларды өзара салыстыру үшін қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Карноның кері айналмасы| Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)