Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі

Читайте также:
  1. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  2. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  3. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  5. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы
  6. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы
  7. Жану үрдісінің физико-химиялық және термодинамикалық негізі. Жану үрдісінің жылу әсері

 

Суыту процессі үздіксіз жүріп тұру үшін кемінде үш дене керек:

а) суытылатын дене;

б) жылуды қабылдайтын дене;

в) жылу тасымалдағыш дене.

Жылу тасымалдағыш дене жылуды суытылатын денеден алып оны қабылдайтын денеге береді (9-сурет).

 

9-сурет. Тоңазытқыш затының күйінің өзгеруі

 

Мұндай денені тоңазытқыш зат (жұмысшы дене) деп атайды. Демек, тоңазытқыш зат түрлі өзгерістерден кейін бастапқы қалпына келіп, тұйық процесс жасап, үздіксіз айналып жүруі керек (айналма). Осындай процестің (айналманың) бір бөлігінде тоңазытқыш зат жылу алмасу нәтижесінде суытылатын денеден жылу алады. Осы алынған жылу – жылу қабылдайтын денеге беріледі. Жылу қабылдайтын денеге қоршаған орта (ауа немесе су) жатады. Бірақ қоршаған ортаның температурасы тоңазытқыш заттың температурасынан жоғары (Тқ.ожт.з) болғандықтан, қоршаған ортаға жылу өздігінен беріле алмайды. Сондықтан айналманың басқа бір бөлігінде (1-2 процесс) тоңазытқыш затқа сырттан оның температурасын жоғарылататын жұмыс (жылу) келтіріледі. Нәтижесінде тоңазытқыш заттың температурасы қоршаған ортаның температурасынан да жоғары болады (ТКҚ.О). Енді тоңазытқыш зат пен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесі нәтижесінде жылу тоңазытқыш заттан қоршаған ортаға беріледі (2-3 процесс). Айналманың ендігі бөлігінде (3-4 процесс) тоңазытқыш зат бастапқы қалпына қайта келеді.

Егер тура айналмада (жылу машиналары, іштен жанатын двигательдер, бу турбинасы т.б) жылу температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге өтіп, сыртқа механикалық жұмыс берілсе, қарастырған айналмада жылуды температурасы жоғары денеге беру үшін сырттан механикалық (жылулық) жұмыс келтіріледі. Мұндай айналмаларды кері айналмалар деп атайды.

Жылуды температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге тасымалдауға мүмкіндік беретін кері айналманы тоңазытқыш айналма деп атайды.

Тоңазытқыш айналмалармен жұмыс істейтін машиналарды тоңазытқыш машиналар деп атайды. Төменде (10-сурет) тоңазытқыш машинаның принципті схемасы келтірілген.

 

10-сурет. Тоңазытқыш машинасының схемасы: І-буландырғыш, ІІ-сығымдағыш, ІІІ-шықтандырғыш, IV-детандер.

 

Буландырғышта (I) сұйық тоңазытқыш зат (қысымы Рк) төменгі температурада қайнап, буға айналады. Ол жылуды суытылатын денеден алады (9-суреттегі 4-1 үрдісі). Буды сығымдағыш сорып алып, оның қысымын Р2-ге дейін арттырады (1-2 үрдісі), ол үшін сығымдағышқа сырттан жұмыс келтіріледі. Будың қысымы мен бірге температурасы да жоғарылайды (>ТҚ.О).

Шықтандырғышта тоңазытқыш зат сумен суытылып (жылу суға беріледі), температурасы ТҚ.О – дейін төмендейді (2-3 үрдісі). Детандерде тоңазытқыш заттың қысымы Р2 ден Р1- дейін адиабаталық ұлғаяды да, оның температурасы бастапқы температураға (Тт.з.) дейін төмендейді. Осылай айналма қайталанып отырады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша қоршаған ортаға берілген меншікті жылу мөлшері мына теңдеумен анықталады:

 

qқ.о. = qo + la (2.1)

 

мұндағы: qқ.о.- тоңазытқыш заттың қоршаған ортаға берген

жылуы (шықтандырғышта);

qo- тоңазытқыш заттың суытылатын денеден алған жылуы

(буландырғышта);

l a- сырттан келтірілген жұмыс.

Бұл жұмыс сығымдағышқа электрэнергия түрінде келтіріледі (жүзеге асыруға жұмсалған жұмыс).

Тоңазытқыш айналманың жұмыс істеу тиімділігін анықтау үшін тоңазыту коэффициенті деген ұғым енгізіледі. Ол суытылатын денеден алынған жылу мөлшерінің айналманы жүзеге асыруға жұмсалған жұмыс мөлшеріне қатынасымен өрнектеледі.

(2.2)

мұндағы ε > 1.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 847 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру| Кері айналмаларды жіктеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)