Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы

Читайте также:
  1. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  2. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  3. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  5. Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы
  6. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

 

Ылғалды бу аймағында қарастырылған айналма қайтымды айналмаға жатады, бірақ оны іс жүзінде қолдану өте қиын. Оның себебі: детандерда алынған жұмыс сығымдағышата жұмсалған жұмыстан, әлдеқайда аз. Сұйықтардың меншікті көлемі будың меншікті көленмімен салыстырғанда жүздеген есе аз, сондықтан детандердің өте кішкене болуы керек, ал оны іс жүзінде орындау қиын. Детандерге тоңазытқыш зат сұйық күйінде түсетінін ұмытпайық. Бу тоңазытқыш машинаның айналмасын іс жүзінде жүзеге асыру үшін детандерді дроссельдік вентильмен алмастырады. Дроссельдік вентильдің құрылысы өте қарапайым және ол жұмыста өте сенімді. Осындай айналманың схемасы 19- суретте келтірілген.

19 – сурет. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның принциптік схемасы және Т-S диаграммасы

 

Детандерде дроссельмен алмастыру мынадай өзгерістер енгізеді:

а) дроссельдеу процесі қайтымсыз процесс болғандықтан одан ешқандай жұмыс алынбайды. Детандерда алынатын жұмысты жоғалтамыз: ол l д=4-3-0-4=5-4 – а-б ауданына тең;

б) дроссельдеу үрдісі (3-5 үрдісі). Егер детандерлі айналмада суық өндірімі 1-4- а-в ауданға тең болса, дроссельді айналмада ол 1-5- б-в ауданына тең. Детандерда алынбаған жұмыс жылу түрінде дроссельде тоңазытқыш затқа келтіріледі де, оның бір бөлігі буға (4-5 үрдісі) айналады. Ал бұл бу суытылатын денеден жылу алмайды. Сондықтан айналманың суық өндірімі Δq0=5-4- а-б ауданға кемиді.

Сонымен детандерді дроссельге ауыстыру нәтижесінде айналманың суық өндірімі азайып жұмысы көбейеді.

Дроссельді айналманың суық өндірімділігі:

 

q0 =1-5- б-в ауданына тең (2.33)

 

Айналмада жұмсалған жұмыс:

 

l a= l k=1-2-3-0-1 ауданға тең (2.34)

(4-3-0-4)= (а -4-5- б)

 

Тоңазыту коэффициенті

 

(2.35)

Детандерлі айналманың тоңазыту коэффициенті:

 

; (2.36)

 

Детандерді дроссельмен ауыстырғанда пайда болатын шығындары 4-3-0-4 ауданына байланысты екендігін байқауға болады. Ал бұл аудан тоңазытқыш заттардың қасиеттеріне, сұйықтар доғасына, булану жылуына байланысты (20-сурет).

 

20- сурет. Дроссельдеу үрдісінің Т-S диаграммасы

 

Тоңазытқыш заттың жылу сиымдылығы аз болып, булану жылуы көп болса, дроссельдік шығындар аз болады. Мысалы R-12-мен салыстырғанда аммиакта (NH3) дроссельдік шығындар аз, СО2- де дроссельдік шығындар өте төмен.

Сонымен қатар дроссельдік шығындар тоңазытқыш машинаның жұмыс істейтін температура айырымына да байланысты (Тк0). Температура айырымы аз болса, дроссельдік шығындар да болады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы| Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)