Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары

Читайте также:
  1. Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  2. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  3. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  5. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  6. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы

Бір сатылы тоңазытқыш машиналар суытылатын денені қоршаған ортаның температурасынан -300C дейін суытуға қолданылады. Қолданылатын тоңазытқыш затқа байланысты олар амиакты, фреонды немесе ауалы болып бөлінеді. Тоңазытқыш машиналардың схемасы мен айналмаларын қарастыруымен бірге, айналманың жылулық есептелуін де қарастырамыз. Жылулық есептеу тоңазытқыш заттың кез-келген параметрлерін, жылу тоңазтқыш заттың мөлшерін, оның құрамын, айналмада жұмсалған жұмыс мөлшерін т.б. тоңазытқыш машинаны жобалауға қажет деректерді анықтауға мүмкіндік береді. Жылулық есептеу жылу алмастырғыш аппараттың жылу жүгін, сығымдағыштың негізгі параметрлерін анықтап, оларды іріктеп алуға немесе жобалауға мүмкіндік береді. Жылулық есептеуде тоңазытқыш затқа, онда болатын май қоспаларының әсерін, аппараттар мен құбырлардың кедергілерін есепке алмаймыз.

Кез-келген айналманы жылулық есептеу үшін мынадай алғашқы деректер керек.

1. Суық өнідірілімдігі.

2. Суытылатын дененің температурасы.

3. Қоршаған ортаның температурасы.

Осы алғашқы деректерге сүйене отырып, тоңазытқыш заттың қасиеттеріне, тоңазытқыш машинаның схемасына, оның жұмыс істеу режиміне және т.б. байланысты мына қосымша деректерді қабылдаймыз.

а) тоңазытқыш заттың қайнау температурасы (То).

Тікелей суытқанда тоңазытқыш заттың қайнау температурасы камерадағы ауаның температурасына байланысты қабылдайды.

Фреонды машиналар үшін фреонның қайнау температурасын камерадағы ауаның температурасынан (12÷15) °С төмен етіп алады.

 

(2.42)

Аммиакты машиналар үшін:

 

(2.43)

Камерадағы ауаның температурасы неғұрлым төмен болса, камерадағы ауа мен тоңазытқыш заттың қайнау температурасының айырымы соғұрлым аз қабылданады. Егер камерадағы ауа аралық суық тасымалдағыш арқылы суытылатын болса, тоңазытқыш заттың қайнау температурасы аралық суық тасымалдағыштың (4-6)°С градусқа төмен қабылданады.

(2.44)

 

Тоңазытқыш зат аммиак болса:

 

(2.45)

 

Тоңазытқыш зат фреон болса:

 

(2.46)

 

б) Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы (Тк). Тоңазытқыш заттың сұйылу температурасы қоршаған ортаның температурасына және суытатын судың немесе ауаның мөлшеріне байланысты. Егер шықтандырғыш сумен суытылса, тоңазытқыш заттың сұйылу температурасын шықтандырғыштан шыққан судың температурасынан (2-4)0С жоғары етіп алады:

(2.47)

 

(2.48)

мұндағы: Тw1- судың шықтандырғышға кіру кезіндегі

температурасы;

ΔTw=(2-8)–шықтандырғыштың құрылымына

байланысты.

Егер шықтандырғыш ауамен суытылатын болса, фреонды машиналар үшін:

(2.50)

Аммиакты машиналар үшін:

 

(2.51)

 

Ауамен суытылатын шықтандырғышта ауа ΔTw=(5-6) градусқа жылиды.

в) сығымдағыш сорып алатын тоңазытқыш заттың буының Тс.а. температурасы.

Бір сатылы аммиакты қысатын сығымдағышта, екі сатылы аммиакты машинаның жоғарғы сатысының сығымдағышы алдындағы температура:

(2.52)

 

Екі сатылы аммиакты машинаның төменгі сатысының сығымдағышының алдындағы температура:

 

(2.53)

 

Регенеративті жылу алмастырғышы бар бір сатылы фреонды машина

(2.54)

 

г) дроссельдеу алдындағы сұйық тоңазытқыш заттың температурасы Тс.а. тең болсын.

Аммиакты машинада арнайы суытатын жылу алмастырғыш болмаса, сұйылу қысымындағы қаныққан сұйықтың температурасын қайнау температурасына тең деп қабылдайды. Фреонды машинада сұйық тоңазытқыш заттың дроссельдеу алдындағы температрасын регнеративті жылу алмастырғыштың жылу тепе-теңдігінен анықтайды.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 374 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру| Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)