Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

Читайте также:
  1. Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  2. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  3. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  5. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  6. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы

Ылғалды бу аймағындағы кері айналмаға енгізген өзгерістерді қарастырғанда, одан пайда болатын шығындарды азайту үшін фреонды тоңазытқыш машиналарға регенеративті жылу алмастырғыш енгізген тиімді. Фреонды тоңазытқыш машиналардың схемасында міндетті түрде регенеративті жылу алмастырғыш болу керек.

Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның схемасы мен айналмасы 27 суретте (Т-S, lg P-i диаграммада) келтірілген.

 

27 сурет. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның схемасы (а),Т-S (б) және lg P-i (в) диаграммаларындағы кестеленуі

Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның жұмыс істеу принципі оның схемасында берілген. Бұл схеманың аммиакты машинаның схемасынан айырмашылығы, осыған регенеративті жылу алмастырғыш енгізілген. Регенеративті жылу алмастырғышта, буландырғыштан шыққан тоңазытқыш заттың буы мен конденсатордан шыққан сұйық тоңазытқыш зат өзара жылуалмасып бу жылиды (1-1' -үрдісі), ал сұйық тоңазытқыш зат суиды (3-4 үрдісі) (Т-S диаграммада).

Айналманы диаграммаға түсіру үшін тоңазытқыш заттың өзекті нүктедегі параметрлерін анықтау қажет. Ол жоғарыда келтірілген амиакты айналманың параметрлері сияқты анықталады. Айырмашылығы: тоңазытқыш затты сығымдағыш сорып алардағы температурасы +15÷180С аралығында қабылданады. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинада t1=+15÷180С қабылданады. Сұйық тоңазытқыш заттың регенеративті жылуалмастырғыштан шыққан күйі, осы жылу алмастырғышта өтетін жылу алмасу процессіне байланысты. Сондықтан 4-ші нүктені осы жылу алмастырғыштың жылу тепе-теңдігі теңдеуі арқылы анықтайды. Регенеративті жылу алмастырғыштың жылу тепе-теңдігі теңдеуі:

 

(2.68)

 

4- нүктенің параметрі: Рк, i4. Осы екі параметрлер арқылы 4-ші нүктені диаграммаға түсіреміз.

Айналманы диаграммаға түсіргенен соң, өзекті нүктелердегі тоңазытқыш заттың параметрлерін анықтап, тоңазытқыш айналманың негізгі сипаттамаларын анықтаймыз. Олар алдында келтірілген бір сатылы аммиакты машинаның сипаттамаларына ұқсас анықталынады. Т-S және lg P-i диаграммаларда келтірілген айналмада:

1-1'-үрдісі тоңазытқыш заттың буын регенеративті жылуалмастырғышта аса қыздыру.

1'-2- үрдісі буды сығымдағышта адиабаталық қысу.

2-3 - үрдісі тұрақты қысымды (Рк) шықтандырғышта сумен алынған жылу (2-2'- аса қызған буды қаныққан буға дейін суыту, (2'-3) –сұйыққа айналу).

3-4- үрдісі сұйық тоңазытқыш затты регенеративті жылуалмастырғышта суыту.

4-5- дроссельдеу үрдісі.

5-1- сұйық тоңазытқыш заттың буландырғышта қайнау үрдісі. Қайнау процесі суытылатын денеден жылу алу арқылы жүреді.

Диаграммадан айналманың кез-келген нүктесінің бес параметрлерін анықтауға болады (3,4 нүктенің меншікті көлемінен басқа). Қаныққан сұйық (3 нүкте) пен аса суытылған сұйықтың (4 нүкте) меншікті көлемін тек қаныққан бу кестесінің анықтауға болады.

Регенеративті жылу алмастырғышы бар айналманың артықшылығы:

Аса суыту сумен суытқанмен салыстырғанда тереңірек болады, ал бұл дроссельдеу алдында құбырда будың пайда болуына мүмкіндік бермейді. Сорып алатын құбырдан қоршаған ортаға кететін суық азаяды, себебі жылуалмастырғыштан бу өте жоғары температурада шығады:


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 246 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау| Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)