Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру

Читайте также:
  1. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  2. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  3. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  4. БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы
  5. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  6. Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы
  7. Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

 

1-2-3-5 айналмада сығымдағыш затты ылғалды бу күйінде сорып алады (19 сурет). Бұл сығымдағыштың қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне зиян келтіреді. Біріншіден, цилиндрге түскен ылғалды бу ыстық цилиндрмен жылу алмасып буға айналады, меншікті көлемі ұлғаяды, ал бұл сығымдағыштың массалық суық өнімділігін азайтады. Екіншіден, цилиндрге түскен тоңазытқыш зат буланып үлгермесе поршень мен цилиндр қақпағының арасында сұйық тоңазытқыш зат жиналып, сығыдағыш істен шығып қалуы мүмкін.

Сондықтан сығымдағыштар тоңазытқыш заттын аса қызған бу күйінде сорып алуы керек. Сығымдағыштардың тоңазытқыш заттың аса қызған буын қысу үрдісін сығыдағыштардың «құрғақ жүрісі» деп аталады.

Сығымдағыштардың «құрғақ жүрісін» қамтамасыз етудің бірнеше жолдары бар:

а) схемаға регенеративті жылу алмастырғыш енгізу (22 – сурет);

б) арнайы автоматтандырылған қондырғымен буландырғыштағы тоңазытқыш заттың деңгейін одан аса қызған бу шығатындай етіп реттеу;

в) схемаға қосымша сұйық бөлгіш аппаратын енгізу.

 

22 – сурет. Регенеративті жылу алмастырғыш енгізу схемасы

 

23 - суретте сығымдағыштың құрғақ қаныққан буды сорып алатын дроссельді айналмадағы процессі диаграммадағы сипаттамасы келтірілген.

 

23– сурет. Сығымдағыштың «құрғақ жүрісті» айналмасы: 1–нүкте – ылғалды бу; 1'– нүкте - қаныққан құрғақ бу; 1"– нүкте- аса қызған бу

 

Адиабаталық қызу үрдісі (1'-2' (1"-2")) аса қызған бу аймағына өтеді де, тоңазытқыш заттың температурасы кенет жоғарылайды. Ылғалды буды қысудан, құрғақ буды қысқанда мынадай өзгерістер болады:

- айналманың меншікті суық өндірімі артады:

 

Δq0= (1-1'- в-б) ауданына тең (2.38)

 

немесе

Δq0=i'1-i1 (2.39)

- сығымдағышқа жұмсалған жұмыстың шамасы артады:

ауданына тең (2.40)

немесе

(2.41)

 

«Құрғақ жүріс» теория жүзінде тиімділігі қатынасымен анықталады, ол тоңазытқыш заттың қасиеттеріне байланысты.

Егер онда «құрғақ жүріс» тиімді, ал егер онда «құрғақ жүріс» тиімсіз.

Бірақ іс жүзінде «құрғақ жүріс» барлық тоңазытқыш заттар үшін кез-келген жағдайда тиімді. Ол айналманың суық өндірімін көбейтеді (25%-ға дейін) әрі тоңазыту коэффициенті үлкен болады, сығымдағышты гидравликалық соққыдан сақтайды. Сорып алардағы аса қыздыру температурасы аммиак үшін +5...150, ал фреондар үшін +300 дейін болуы мүмкін.

Сонымен ылғалды бу аймағындағы Карноның кері айналмасын жүзеге асыру үшін, оған өзгерістер енгізу қажет.

1. Ылғалды бу аймағында адиабаталық ұлғаюды дроссельдеу үрдістермен алмастыру.

2. Ылғалды бу аймағында адиабаталық қысу үрдісін аса қызған бу аймағына ауыстыру.

3. Дроссельдеу алдында тоңазытқыш затты аса суыту керек.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Температура бағаналары | Термодинамикалық диаграммалар | Дроссельдеу процесі | Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы| Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)