Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма

Читайте также:
  1. Ала аралық және облыстық желілердің біріктірілуі
  2. Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау
  3. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  4. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  5. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  6. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

Айналманың схемасы мен оның диаграммадағы кескіні 33-суретте келтірілген.

32 - сурет. Аралық суытуы толық бір рет дроссельденетін екі сатылы айналманың схемасы(а) және айналманың lgP-i диаграммасы(б): I-буландырғыш; II - төменгі қысымды сығымдағыш; III - аралық ыдыс; IV- жоғарғы қысымдағы сығымдағыш; V- шықтандырғыш; VI - дроссельдік вентиль

 

Бұл айналмада төменгі қысымды сығымдағыштан шыққан тоңазытқыш зат, арнайы аралық ыдыста аралық температураға (ta) дейін аралық қысымда қайнап тұрған тоңазытқыш затпен суытылады. ta –тоңазытқыш заттың аралық қысымдағы қаныққан температурасына тең. Аралық ыдыста тоңазытқыш заттың аз ғана бөлігі Рк- дан Ра -ға дейін дроссельденеді. Тоңазытқыш заттың қалған бөлігі (80-90%) тікелей Рк- дан Ро-ге дейін буландырғышта дросселденеді. Жоғарғы қысымды сығымдағышта қысылатын тоңазытқыш заттың мөлшерінен көп. Артық будың мөлшері аралық ыдыста буланған тоңазытқыш заттың буы мен Рк-дан Ра-ға дейін дросселденгенде пайда болатын будың қосындысына тең.

Жоғарғы қысымды сығымдағышта қысылатын тоңазытқыш заттың мөлшері аралық ыдыстың жылу тепе-теңдік теңдеуінен анықталынады:

 

(2.87)

Осы теңдеуден: (2.88)

Егер i =i6 екенін ескерсек:

(2.89)

 

Ал (2.90)

мұндағы qo = i1 – i6 - тоңазытқыш затының меншікті массалық суық өндірімі.

Әдетте оны деп белгілейді. Мұндағы: m > 1.

Айналмада жұмсалған жұмыс:

 

(2.91)

 

Сығымдағышқа түсетін жылулық салмақ:

(2.92)

Ал тоңазытқыш коэффициенті:

 

(2.93)

 

Төменгі сығымдағыштан шыққан будың (2-нүкте) температурасы өте жоғары болса, аралық ыдыстың алдында оны сумен суытуға болады (33- сурет).

 

33- сурет. Аралық ыдыс схемасы

 

Бірақ бұл суытудан келетін пайда өте аз, сондықтан машинаның схемасын оңайлату үшін сумен суыту іс жүзінде өте сирек қолданылады. Бұл айналмада алдынғы айналмамен салыстырғанда, жоғарғы қысымды сығымдағышта тоңазытқыш затты қысуға жұмсалған меншікті жұмыс аз, себебі тоңазытқыш заттың қысу алдындағы температурасы төмен, бірақ қысылатын тоңазытқыш заттың мөлшері көп. Егер бірінші айналманың тоңазытқыш коэффициентін (ε) өсірсе, екіншісі – кемиді. Дегенмен аралық суытуы толық айналманың тоңазытқыш коэффициенті (2-3%) жоғары. Бұл айналманың басты артықшылығы жоғарғы қысымды сығымдағыштан шыққан тоңазытқыш заттың буының температурасының төмендігі, ал бұл тоңазытқыш заттың қайнау температурасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Айналманың кемшілігі-температурасы төмен болғандықтан дроссельдеген (Ро-ге дейін) кезде тоңазытқыш заттың көбірек буға айналатындығында. Бұл q0 мен ε-нің шамасын төмендетеді. Мысалы: егер сұйық қаныққан аммиакты (tк=300) қайнау температурасы -200 С қысымға дейін дроссельдесек, тоңазытқыш заттың 17,5%, ал -600С болса 28% буға айналады екен. Ал буға тоңазытқыш зат буландырғышта суытылатын денеден жылу алмайды, ол төменгі қысымды сығымдағышпен сорып алынады және оны қысуға жұмыс жұмсалады.

Дроссельдегенде пайда болатын буды азайту үшін дроссельдеу алдында сұйық тоңазытқыш затты аса суыту керек.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма| Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)